16-бап. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары
Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары қорынан оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ немесе орыс тілдерінде жариялаған халықаралық стандарттарға және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк
Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi жөнiндегi қаржылық есептiлiктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға және ұсынуға мiндеттi.
18-бап. Есептi кезең
1. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтiзбелiк жыл болып табылады.
2. Жаңадан құрылған ұйым үшiн бiрiншi есептi жыл ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
19-бап. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
1. Ұйымдар:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);
2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес қаржылық есептiлiктi ұсынады.
2. Қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiлiп ұсынылады.
3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, микроқаржы ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларынан және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа) жылдық қаржылық есептерін есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етеді.
3-1. Қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары жылдық қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде табыс етеді.
4. 18-бапта көрсетiлген мерзiм шегiнде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмiн айқындауға және жылына бiр реттен сирек болмайтын өзге кезеңдiлiктi белгiлеуге құқылы.
5. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну осы
баптың 1, 2, 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялайды.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жария мүдделi ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi өткiзуге мiндеттi.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК ЖҮЙЕСIН
РЕТТЕУ
20-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн
мемлекеттiк реттеу
1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекітеді;
2) қаржылық есептілікті депозитарийге табыс ету тәртібін бекітеді;
3) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.
5. Уәкiлеттi орган:
1) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiн әзірлейді;
3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды;
4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;
5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасы халықаралық стандарттардың, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарттың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етедi;
6) бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды;
8) өзге де мемлекеттiк органдармен және кәсiби ұйымдармен бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобасын әзiрлеу туралы ұсыныстарын қарайды;
10) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;
11) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережелерiн әзірлейді;
12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
13) аккредиттеу ережелерi сақталмаған жағдайда, кәсiби ұйымдарға, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасайды;
14) кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу жөнiндегi куәлiгiнен айыру туралы шешiм қабылдайды;
15) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiктi ұсынуының тiзбесiн, нысанын және мерзiмдiлiгiн анықтайды;
16) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың тiзбесiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;
17) консультациялық орган туралы ереженi бекiтедi;
18) депозитарийге қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртiбiн әзірлейді;
19) сертификаттың нысанын келiседi;
20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
1) қаржы ұйымдары мен микроқаржы ұйымдары үшін:
уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;
осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
2) мемлекеттiк кәсiпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн:
қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi табыс етудің мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшiн:
осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
3-1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
3-2) инвестициялық қорлар және Қазақстанның Даму Банкі үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгiлік жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
4) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.04 N 97-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы, мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн
мемлекеттiк емес реттеу
1. Консультациялық орган консультациялық-кеңесшi орган нысанында құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi және ол өзi туралы ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
2. Консультациялық органның құрамына мемлекеттiк органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.
3. Консультациялық орган:
1) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге;
2) уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiк стандарттарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды қайта қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;
4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Консультациялық орган:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында халықаралық стандарттар, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргiзуге және уәкiлеттi органға тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға мiндеттi.
5. Кәсiптiк ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;
3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;
4) аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.
6. Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
7. Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
8. Кәсiби ұйым:
1) өз мүшелерiне қатысты өзiнiң жарғысында көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;
2) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;
3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға;
4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы оң жұмыс тәжiрибесiн талдауға, жинақтауға және таратуға;
5) сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарауға қатысуға құқылы.
9. Кәсiби ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;
3) уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарауға;
5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға міндетті.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау
шарттары
1. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi ұйым жүзеге асырады.
2. Сертификаттау жөнiндегi ұйым кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзiрлеудi, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастырады.
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерiнiң, оларды жаңарту жүйесiнiң болуы;
3) бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл туралы келiсiмнiң болуы;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.
Бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi келiсiмнiң болуы туралы талаптың сақталуы аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап алты ай өткеннен кейiн мiндеттi болып табылады.
4. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшiн емтихандарға қатысуға жiберу кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Емтихан тапсырған адамдар уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша бiрыңғай үлгiдегi сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзiмi шектелмеген.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың екінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын шетел институттары берген кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiк куәлiктерi сертификаттау жөнiндегi ұйым берген сертификатпен бiрдей танылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.