Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы пиелонефритпен науқастардың ЖҚА-де ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитоз байқалады.
Менің науқасымда ЖҚА-де лейкоцитоз (9,7*10\9л), ЭТЖ жоғарлауы (27мм) анықталды.
Созылмалы пиелонефритпен науқастарда ЖЗА-де лейкоцитурия, протейнурия, бактериурия болады.
Менің науқасымда ЖЗА-де лейкоцитурия, гипостенурия өзгерістер бар.
Созылмалы пиелонефритте науқастардың БҚА-де ешқандай өзгерістер болмайды.
Менің науқасымда БҚА-де барлық көрсеткіштер қалыпты.
Созылмалы пиелонефритте науқастардың коагулограммасында көрсеткіштер қалыпты.
Менің науқасымда коагулограмма қалыпты.
Созылмалы пиелонефритте науқастардың Нечипоренко зәр анализінде лейкоцитурия анықталады.
Менің науқасымда Нечипоренко зәр анализінде лейкоцитурия анықталды.
Созылмалы пиелонефрит науқастарында Зимницкий зәр анализінде гипостенурия, никтурия болады.
Менің науқасымда Зимницкий зәр анализінде гипостенурия, никтурия анықталды.
Созылмалы пиелонефрит бүйрек УДЗ –да бүйректегі паренхимасы жұқаруы, оның тығыздалуы, бүйректегі пиелоэктазия көрінісі байқалады.
Менің науқасымда бүйрек УДЗ –да екі бүйректе паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі бар.
Жоғарыда салыстырылған лабораториялық аспаптық салыстыруларға негіздеп мен науқасымға созылмалы пиелонефрит диагнозын қойдым.
Клиникалық диагноз
Екіншілік созылмалы екі жақтық глонуронефрит,латентті ағымды, өршу фазасы, белсенділігі II.Екі жақтық нефроптоз СБЖ 0. Екі жақтық пиелоэктазия.
Диагнозды негіздеу
Созылмалы пиелонефрит;
Дизуриялық синдром – жиі зәр шығару, ауырсынусыз аз порциямен, никтурия көріністерімен ;
Ауырсыну синдромы- бел аймағындағы ауырсыну, тұрақты емес, иррадиациясыз,
Созылмалы пиелонефрит- дизуриялық синдром-жиі зәр шығару, ауырсынусыз, аз порциямен, никтурия көріністерімен; ауырсыну синдромы- бел аймағындағы ауырсыну, тұрақты емес, иррадиациясыз, спазмолитиктермен басылатын; интоксикациялық синдром- дене температурасы 38 С-қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік; ауру тарихына байланысты – 2 жыл белдегі ауырсыну; лабороториялық зерттеу: ЖҚА де-ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитоз; ЖЗА де-лейкоцитурия, гипостенурия; Нечипоренко зәр анализінде лейкоцитурия; Зимницкий зәр анализінде никтурия, гипостенурия; аспаптың зерттеу-бүйрек УДЗ да-бүйрек паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісіне негіздеп қойдым.
Диагнозды негіздеу.
Екіншілік- өйткені менің науқасымда екі жақтың нефроптоздан кейін дамып тұр.
Екі жақтық пиелонефрит- бел аймағындағы екі жақтың ауырсынуға негіздеп. «Соққылау» және Постернацкий симптомы екі жақтада да оң.
Латентті ағым-интоксикациялық синдромға байланысты. Симптомдар оң. Ауырсыну тұрақты емес.
Өрлеу сатысы- дизуриялық синдром жиі зәр шығару, аз порциямен, никтурия; ауырсыну синдромы- бел аймағындағы екі жақтық ауырсыну, тұрақты емес, иррадиациясыз; интоксикациялық синдром- дене температуасы 38 С-қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдікке негіздеп.
Белсенділігі 2- дизуриялық синдром, ауырсыну, интоксикациялық синдром, ЖЗА де- лейкоцитурия, гипостенурия, Нечипоренко зәр анализі- лейкоцитурия; Зимницкий бойынша зәр анализі- гипостенурия, никтурияға негіздеп қойдым.
СБЖО- креатинин деңгейі қалыпты.
Екі жақтық нефроптоз- бүйректі УДЗ-ға түсірген кезде бүйректің төмендеуі анықталған.
Екі жақтық пиелоэктазия- бүйректі УДЗ-ға түсірген кезде анықталды.
Науқасты қарау күнделігі
20.09.19. Курация кезінде шағымдары: жалпы әлсіздік, дене температурасы 38 С-қа дейін жоғарлауы. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық. Сұрақтарға ақырын жауап береді. Тері жамылғысы физиологиялық боялған, таза, ісінулер жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары әлсіз, ритм дұрыс. ЖЖЖ 18 рет минутына. АҚ 110/7 мм. с. б..Іші жұмсақ, ауырсынусыз. «Соққылау» және Постернацкий симптомы екі жақта оң. Жиі зәр шығару.
21.09. 19. Шағымы: бел аймағында ауырсыну. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене температурасы36,6 С. Есі анық. Тері жамылғысы физиологиялық боялған, таза, ылғалды, ісінулер жоқ. Өкпе бүкіл жерінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 18 рет/мин.ЖҮрек тондары анық, ритм дұрыс. ЖЖЖ 78 рет/мин. АҚ 120/80 мм.с.б.. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. «Соққылау» және Постернацкий симптомы әлсіз оң. Зәр шығару қалыпты.
23.09.19. Науқастың шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы физиологиялық боялған, таза, перифериялық ісінулер жоқ. Өкпеде барлық аймақтарында везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 16 рет/мин. Жүрек тондары әлсіз, ритм дұрыс. ЖЖЖ 78 рет/мин. АҚ 120/80 мм. с.б.. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. «Соққылау» және Постернацкий симптомы екі жақта теріс.Стул қалыпты. Зәр шығару ауырсынусыз.
-Режим 2
Жартылай төсектік.
-Диета № 7
- Sol No-spa 80көктамырға 2 рет.
- Sol. Acidi
Ascorbinici 5% 6 ml
Sol. Glucosae 5% 200,0 ml
Көктамырға тамшылатып.
-Ciprofloxacini 500 mg-100.0
Көктамырға тамшылатып 3 рет/күніне.
Емдеу жоспары
1. Режим 2. Жартылай төсектік.
2. Диета №7. Тамақтану рационынан алынып тасталынады: етті, балықты, саңырауқұлақты сорпа, шұжық, консервалар, қатты ащы және тұзды тағамдар, пияз, сарымсақ, редиска, сыр, какао.Ұсынылады: дрожсыз және тұзсыз заттар, жұмыртқа, жеміс-жидектер, күріш, макарон, сүзбелер, сәбіз, картофель.
3. Медикаментозды ем.Антибактериальды терапия. Ципрофлоксацин
Фармакологиялық әсері: кең спекторлі антибактериальді әсер етеді. Бактериялық топоизомераза II мен IV ферменттерін тежейді, бұл ДНҚ репликациясын және оған сәйкес РНҚ түзілуін бұзады. Бұның бәрі бактерияның өсіп көбеюіне кедергі жасайды. Фармакокинетикасы: препараттың әсер етуі 30 минутта көктамырға енгізгенде ішке қабылдағанда ПИК 1-2 сағатта көрінеді. Тіндерде жақсы сіңіріледі. ГЭТ жақсы өтеді. Бүйрек арқылы шығарылады. Қан сарысуы белогымен байланысуы 20-40 %. Биожеткіліктігі 50-80 %. Тәулігіне енгізу жиілігі 2 рет.
Емдеу жолдары
Дозасы: асқынбаған жұқпалы ауруларда (зәр шығару) 0,5 г 2 рет күніне. Ауыр жағдайларда 0,75 г 2 рет күніне.
Көрсеткіші: тыныс алу жолдары зақымданулары, сүйек-буын аурулары, зәр шығару аурулары-цистит, пиелонефрит, перитонит.
Қарсы көрсеткіштер: Эпилепсия, жоғары сезімталдылық.
Аяғы ауыр әйелдерге жағымсыз әсерлері: Аллергиялық реакциялар іштегі ауырсыну, диспепсиялық бұзылыстар, бас ауруы, лейкопения, тромбоцитопения.
Емдеу жолдары
Инъекцияға арналған ерітінді + Аскорбин қышқылы. Витаминді препарат.
Фармакологиялық әсері. Аскорьин қышқылының әсер етуі тотығу-тотықсыздану
үрдістеріне қатысуына байланысты. Дәнекер тіннің негізгі заттары мукополисахаридтер-гиалурон және хондроитин күкірт қышқылы түзілуінде регенерация үрдістерін бояулайтын коллаген синтезіне қатысады. Кортикостероидтар түзілуіне, тирозин алмасуына, фоль қышқылының белсенді түрі тетрагидрофоль қышқылына айналуына қатысады.
Фармакокинетика: Аскорбин қышқылы парентеральді енгізгенде жақсы сіңеді. Аш ішекте жақсы сіңеді. Жартылай тіндерде (әсіресе бүйрек үсті безінде ) қорға жиналады. Зәр арқылы жартылай өзгермеген түрде шығарылады.
Дозасы. Бұлшықетке және көктамырға, ерітінді 5%-6,0 көктамырға тамшылатып енгізеді. Емнің ұзақтығы аурудың дәрежесіне байланысты
Емдеу жолдары
Инъекцияға арналған ерітінді + Аскорбин қышқылы.
Көрсеткіші:
Жұқпалы аурулар, қан кетулерде, гипо- және авитаминоз С, бауыр ауруларында, АІЖ ауруларында, күйік, үсік, сынықтарда, бүйрек ауруларында және т.б.;
Қарсы көрсеткіші:
Аскорбин қышқылына аллергия болса, тромбофлебит.
Жағымсыз әсерлері:
Аллергиялық реакция: гиперемия
Жүрек қантамыр жүйесі: тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз.
Нерв жүйесі: бас айналу, әлсіздік, АІЖ жүрек айну, құсу, диарея т.б.
Емдеу жоспары
- Спазмолитикалық препарат Но-Шпа.
Фармакологиялық әсері: миотропты әсерлі спазмолитик. Ішкі органдардың тегіс бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді, оларды жиырылуын төмендетеді, соның салдарынан қантамырлар кеңейеді.
Фармакокинетикасы: Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысы 95-98 %. ГЭТ жақсы өтпейді. 72 сағатта организмнен толықтай шығарылады.
Дозасы. Тәуліктік дозасы 80 мг. Максимальді тәуліктік доза-240 мг.
Көрсеткіші: холецистит, холангит, папиллит, цистит, пиелонефрит, ойық жаралар және т.б.
Қарсы көрсеткіші: Жоғарғы сезімталдық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі.
Жағымсыз әсерлері.
АІЖ бұзылыстары: құсу, лоқсу.
Жүйке жүйесі бұзылыстары; Жүрек қантамыр жүйесі бұзылысы.
Емдеу жоспары
1. Rp: Sol. Acidi Ascorbinici 5%- 6 ml
Sol. Glucosae 5 %-200.0 ml
Signa: көктамырға 1 рет күніне
2. Rp: Ciprofloxacini 500 mg-100.0
Signa: көктамырға 3 рет күніне тамшылатып.
3. Rp: Sol. No-Spa 80 mg
Signa: көктамырға 2 рет.
4. Rp: Sol. Ketotopi 2.0 ml
Signa: T- 39 С бұлшықетке.
Ұсыныстар
1. Диетаны сақтау: тұзды, ащы тамақтарды аз қабылдап, ақуызды, витаминды тағамдарды көп қолдану.
2. Суықтаудан және физикалық жүктемелерден өзін сақтау.
3. ЖҚА тексертіп тұру.
4. Участкелік терапевттің көрінуінен өтіп тұру