Созылмалы гломерулнефрит
Созылмалы Гломерулонефритпен науқастардың ЖҚА- де орташа лейкоцитоз анықталады.
Менің науқасымда ЖҚА-де лейкоцитоз (9,7*10/9/л), ЭТЖ жоғарлауы анықталды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда ЖЗА-де протейнурия, цилиндурия, эритроцитурия, лейкоцитурия байқалады.
Менің нпуқасымда ЖЗА-де Лейкоцитурия, гипостенурия, өзгерістер бар. Протейнурия, цилиндурия, эритроцитурия анықталмайды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда БҚА де гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, креатинин, мөлшері төмендейді, мочевина төмендейді, Ig G мөлшері жоғарлайды.
Менің науқасымда БҚА ешқандай өзгерістер анықталмайды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда коагулограммада гиперкоагуляционды синдром анықталынады.
Менің науқасымда коагулограмада бүкіл көрсеткіштер қалыпты.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда Нечипоренко бойынша зәр анализінде гематурия анықталады.
Менің науқасымда Нечипоренко бойынша зәр анализінде лейкоцитурия анықталды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда Зимницкий бойынша зәр анализінде гипостенурия, олигурия анықталады.
Менің науқасымда гипостенурия және никтурия анықталды.
Созылмалы гломерулонефритте бүйрек УДЗ да бүйрек паренхимасының склероздануының әсерінен бүйрек көлемінің кішіреюі анықталады.
Менің науқасымда бүйрек УДЗ да екі бүйректе паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі байқалады.
Жоғарыда көрсетілген лабораторлық – аспаптың зерттеулерге негіздеп, мен науқасымнан осы ауруды жоққа шығарамын.
Жедел пиелонефрит
Жедел пиелонефритпен науқастарда ЖҚА-де нейтрофильді лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлауы болады.
Менің науқасымда ЖҚА –де лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы анықталды.
Жедел пиелонефритпен науқастарда ЖЗА- де пиурия, протейнурия, кейде микрогематурия байқалады.
Менің науқасымда ЖЗА –де лейкоцитурия, гипостенурия өзгерістер бар. Протеинурия, микрогематурия жоқ.
Жедел пиелонефритпен науқастардың БҚА- гаммаглобулин жоғарлауы көрінеді.
Менің науқасымда БҚА де ешқандай өзгерістер жоқ. Барлығы қалыпты.
Жедел пиелонефритпен науқастардың коагулограммасы өзгеріссіз.
Менің науқасымда коагулограмма қалыпты.
Жедел пиелонефритпен науқастардың Нечипоренко бойынша зәр анализінде лейкоцитурия анықталады. Кейде бактериурия, эритроцитурия анықталады.
Менің науқасымда лейкоцитурия анықталды.
Жедел пиелонефритпен науқастардың Зимницкийзәр анализінде гипостенурия, кейде полурия, кей жағдайларда олигурия анықталады.
Менің науқасымда Зимницкий зәр анализінде гипостенурия, никтурия анықталды.
Жедел пиелонефритпен науқастардың бүйрек УДЗ да түбекшелердің кеңеюі, бүйрек тіндерінің бірдей емес тығыздалуын көреміз.
Менің науқасымда бүйрек УДЗ да екі бүйрек паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі бар.
Жоғарыда көрсетілген лабораториялық аспаптың салыстыруларға негіздеп, мен науқасымнан бұл ауруды теріске шығарамын.