Магистрлік диссертация / магистрлік жоба

НЕГІЗДЕМЕСІ

Магистранттың аты-жөні: Назарова Гүлзира Айдосқызы

Магистрлік диссертацияның тақырыбы: Жерүсті су обьектілерін қолданудың трансшекаралық мәселелері және экологиялық жағдайы (Атырау облысы жағдайында)

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Су қауіпсіздігі - судың ластануы мен апатты жағдайдан қорғану үшін, экосистемасын және политикалық тұрақтылығын сақтау үшін халықтың тіршілігіне қажетті судың адекватты мөлшеріне және судың жарамды сапасына адамның әл-ауқаты және әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты қолжетімділікке ие болу мүмкіндігін болжамдайды. Су сураныс екпіндеп артып келе жатқан тапшы ресурсқа айналып отыр.Қазақстан үшін бұл мәселенің қауіптілігі Жайық/Орал өзенінің сағалары Ресей территориясынан басталады да, Қазақстан территориясына ағысының шашыранды және жоғалған бөлігі келеді. Бассейннің барлық жерүстілік су ресурсының мөлшері табиғи жағдайда 12,8 км3 деп есептелінеді, оның 8,7 км3 –ы (68 %) Ресейде қалыптасады, қалған 4,1 км3 –ы (32 %) – Қазақстанда және Жайық өзенінің тармақтары мен ағынсыз су көздері ретінде көрініс тапқан. (Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың генсхемасы, 2016). Бұл жағдайда екі елдің қызығушылығымен ғана емес сонымен қатар, аймақта өз экологиялық функцияларын жүзеге асыруға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті табиғи экожүйені сақтау арқылы шешуді талап ететін қиын трансшекаралық мәселелер жиналды. Жайық өзені Батыс Қазақстандағы басты және жалғыз ірі су артериясы болып табылады, оған негізгі қоныстану орталықтары, ауыл шаруашылық және өндіріс орындары шоғырланған. Еділмен қатар, Жайық Солтүстік Каспийдің гидрологиялық, экологиялық жағдайына, экожүйеге және биотүрлердің жағдайына әсер етеді, Каспий теңізіне бекіре уылдырығын шашатын орын болып табылады.

Су ресурстарын кешенді қолдану және қорғаудың Басты схемасына сәйкес (2016 ж.) Жайық-Каспий бассейнінің суына қажеттілік өсіп келеді: 2020 жылға қарай 2435,27 млн. м3, 2030 ж. қарай – 2858,9 млн. м3, 2040 ж. – 3180,78 млн. м3, мұның көп бөлігі жерүсті суы, сонымен қатар өзен және көл сулары. Сушаруашылық кешенінің талаптарына сәйкес қазіргі трансшекаралық су пайдалану мәселесі және Жайық өзені мен Қиғаш тармағы суының экологиялық жағдайын анықтау және оларды шешу мүмкіндіктерін іздестіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуде су объектілеріндегі өсіп келе жатқан антропогенді ауыртпашылықтың реттелу режимі, климаттық жағдайдың өзгеруі өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Гидрологиялық процесс, су режимін, су пайдаланудың трансшекаралық мәселесін анықтау үшін Атырау облысы су ағындарының экологиялық жағдайын, судың экологиялық жағдайын және экологиялық мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын үйрену, Атырау облысы су ағындарының экологиялық жағдайын карта-гистограммада көрсету.

Міндеттері: Гидрологиялық, климаттық жағдайлар бойынша мәліметтерді, сушаруашылықтық көрсеткіштерді, суобъектілерінің экологиялық жағдайын, жасалған дерекқорларды жинақтау және жүйелеу.

Атырау облысындағы Жайық өзені мен Қиғаш тармағы бассейніндегі қазіргі гидрологиялық, гидрохимиялық және экологиялық жағдайлардың жасалу факторлары мен заңдылықтарын анықтау.

Жайық өзені мен Қиғаш тармағы су ресурстары үшін экологиялық қауіп-қатер ошағы мен факторларын анықтау, Жайық өзені мен Қиғаш тармағы жерүсті суы сапасының қалыптасуының негізгі факторларын анықтау.

Жобаны жүзеге асыру үшін анағұрлым қолданыстағы отандық және шетелдік тәжірибелерді таңдау арқылы гидрологиялық және гидроэкологиялық жағдайларды бағалау және картографиялау тәсілдері мен әдістерін талдау.

Жайық өзені мен Қиғаш тармағының ағысы мен су режимінің қалыптасуына әсер ететін табиғи, әлеуметтік-экономикалық және сушаруашылықтық жағдайларды тақырыптық карталар құра отырып бағалау.

Жайық өзені мен Қиғаш тармағының трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша ұсыныстарды өңдеу және институционалдық қарым-қатынас шеңберінде мемлекетаралық қарым-қатынас перспектикасын анықтау.

Күтілетін нәтижелер: Атырау облысы жағдайында Жайық және Қиғаш өзендерінің трансшекаралық мәселелері қарастырылады және оны шешу мүмкіндіктері іздестірілідеі; аталған өзендердің экологиялық жағдайы зерттеліп, соның негізінде тақырыптық карталар жасалынады.

Магистрлік диссертацияның / магистрлік жобаның сынақтан өткізу базасы:

Табиғат қорғау шараларың жоспарлау барысында, «Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Магистрант:_________ ______ ______Назарова Гүлзира Айдосқызы

(қолы)

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

География кафедрасының доценті,

география ғылымдарының

кандидаты,

қауымдастырылған

профессор ___________________ Ахмеденов Кажмурат Максутович

География кафедрасының

меңгерушісі ____________________ Галымов Мирас Амангелдиевич

Күні: 23.10.2018