Лабораториялық-аспаптық зерттеу жоспары

Қан микрореакциясы. Қорытынды: Теріс реакция

Нечипоренко бойынша зәр анализі:

Көрсеткіш Нәтиже Қалыпты
Лейкоциттер Эритроциттер 3,3*10*6/л 0,35*10*6/л 2*10*6/л көп емес 1*10*6/л көп емес
Қорытынды: Лейкоцитурия  

Зимницкий бойынша зәр анализі:

Уақыт Салыс.тығыздығы Мөлшері/мл
1 2 3 4 5 6 7 8 6:00-9:00 9:00-12:00 12:00-15:00 15:00-18:00 18:00-21:00 21:00-24:00 24:00-3:00 3:00-6:00     1009 1010 1010 1010 1012 1009 1010 1008 100 мл 100 мл 120 мл 130 мл 100 мл 90 мл 100 мл 90 мл
  Қорытынды: Гипостенурия ; Никтурия;    

Зәрді бактериологиялық зерттеу. Қорытынды; Ішек таяқшасы (Е. Coli) анықталды.

ЭКГ: Қорытынды: Ритм дұрыс, синусты, ЖЖЖ -80 рет/мин Нормаграмма

Кеуде қуысы ағзаларға шолу рентгенограмма: Қорытынды: Өзгерусіз, Қалыпты.

Бүйрек УДЗ: Қорытынды; Екі бүйректің де паренхимасының жұқаруы және олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі.

Ажыратпалы диагноз II кезең

Бүйрек туберкулезі

Бүйрек туберкулезбен науқастарда ЖҚА-де ликоцитоз, лейкопения, лимфопения ,ЭТЖ жоғарлауы болады.

Менің науқасымда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы бар. Ал лейкопения, лимфопения анықталмайды.

Бүйрек туберкулезі науқастарда ЖЗА –де лейкоцитурия, гематурия, протейнурия, пиурия, анықталады.

Менің науқасымда ЖЗА-де лейкоцитурия,гипостенурия, өзгерістер бар. Гематурия, пиурия жоқ.

Бүйрек туберкулезі науқастарда БҚА-де жедел және үдемелі түрінде альбумин-глобулин коэффиценті төмендейді, креатинин жоғарлайды, жалпы ақуыз төмендейді.

Менің науқасымда БҚА-да өзгерістер анықталмайды. Барлық көрсеткіштер қалыпты.

Бүйрек туберкулезі науқастарда коагулограммада ПТИ және Каолин кефалин уақыты төмендейді.

Менің науқасымда коагулограммада барлық көрсеткіштер қалыпты.

Бүйрек туберкулезі науқастарды зәрді бактериологиялық зерттегенде МКБ табылады.

Менің науқасымда E.Coli анықталды.

Бүйрек туберкулезі науқастарда УДЗ-да ошақты ізбестену анықталды.

Менің науқасымның бүйрек УДЗ да екі бүйректің да паренхимасының жұқаруы және олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі байқалады.

Бүйрек туберкулезі науқастарда МКБ ға зәрді бактериологиялық зерттеуде – зәрдің құрамында туберкулез микобактериясы анықталады.

Менің науқасымда зәрде МКБ анықталмайды.

Жоғарыда көрсетілген салыстыруларға негіздеп, мен науқасымнан осы ауруды теріске шығара аламын.