Жетекші синдромды таңдау және оны негіздеу
Синдром | Симптомдар |
Дизуриялық | Жиі ауырсынусыз аз порциямен зәр шығару Никтурия 2 рет |
Ауырсыну | Бел аймағында екі жақтық ауырсыну,иррадияциясыз, тұрақты емес, спазмолитиктермен басылатын. |
Интоксикациялық | Дене температурасы 38 С дейін жоғарлауы Тершеңдік Тәбет төмендеуі Әлсіздік |
Жетекші синдром
Менің науқасымда жетекші синдром –Дизуриялық. Жиі зәр шығарумен, ауырсынусыз, аз порциямен, никтуриямен көрінеді. Осы синдром науқасымның жағдайының нашарлауына және медициналық көмекке жүгінуге алып келді.
Ажыратпалы диагноз I кезең ауру тобын анықтау
Жетекші синдром –дизуриялық
Дизуриялық синдром бойынша ажыратпалы диагноз I
1. Бүйрек туберкулезі
2. Созылмалы пиелонефрит
3. Жедел пиелонефрит
Бүйрек туберкулезі. Бүйрек туберкулезімен науқастарда; жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, дене температурасы субфебрильді көтерілуі,шаршағыштық, бел аймағында ауырсыну, жиі ауырсынумен аз порциямен зәр шығару шағымдары болады.
Менің науқасымда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,дене салмағы төмендеуі жоқ. Ауырсынусыз зәр шығару бар.Келесі шағымдар анық; 38С дене температура, бел аймағындағы иррадиациясыз,тұрақсыз, екі жақтық ауырсыну, жиі ауырсынусыз зәр шығару.
Ауру тарихы; Ең алғашқы кезеңдерінде науқасты жеңіл шаршағыштық мазалайды,субфебрильді температура болады. Кейіннен оған белдегі ауырсыну зақымданған жақта, жиі ауырсынумен аз порциядағы зәр шығару қосылады.Менің науқасымда белдегі ауырсыну оны 2 жылдан бері мазалайды. Оған дизуриялық және интоксикациялық көріністер қосылған.
Өмір тарихы; Өкпе туберкулезі немесе басқа ағзалардың туберкулезі, туберкулезбен ауырған науқастармен контактта болуы.
Менің науқасым туберкулезбен ауырмаған. Туберкулезбен ауырғандармен контакт жоқ.
Зәр шығару жүйесі анық; арық науқастарда пальпация кезінде бүйректің дөңесті жерін сезу мүмкін.Соққылау және Постернацкий симптомдары оң.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.Жоғарыда көрсетілген салыстырулардан мен науқасымда бүйрек туберкулезін теріске шығара алмаймын. Теріске шығару үшін маған лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ; Рентген; Зәрді бактериологиялық зерттеу;
Созылмалы гломерулонефрит;
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда әлсіздік, бас ауруы, АҚ,ісінулер , жұмысқа қабілетінің төмендеуі. Тәбеттің төмендеуі болады.
Менің науқасымда бас ауруы, ісінулер, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, АҚ жоқ.Науқаста әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бел аймағында ауырсыну,жиі ауырсынусызаз-аздап зәр шығару, никтурия шағымдары бар.
Ауру тарихы; аурудың басталуы баяу, көбінесе бәсекелес аурулардан кейін дамиды.
Менің науқасымда белдегі ауырсыну 2 жылдан бері мазалайды.Оған дизуриялық және интоксикациялық көріністер қосылған.
Өмір тарихы; Көбінесе бұл ауру тұқымқуалайтын немесе тума бүйрек дисплазиясыда, стрептококкты ангинада, созылмалы инфекцияда болады.
Менің науқасымда; Тұқымқуалайтын немесе тума бүйрек дисплазиясы, стрептококкты ангина, созылмалы инфекциялары жоқ.Ешқандай тұқымқуалайтын аурулармен ауырмайды.
Зәр шығару жүйесі анық; арық науқастарда пальпация кезінде бүйректің дөңесті жерін сезу мүмкін.Соққылау және Постернацкий симптомдары оң.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.
Жоғарыда көрсетілген салыстыруларда, мен науқасымнан созылмалы гломерулонефитті жоққа шығара алмаймын. Маған Теріске шығару үшін лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ;
Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Бүйрек биопсиясы;
Жедел пиелонефрит;
Жедел пиелонефритпен науқастарда интоксикациялық және диспепсиялық бұзылыстар, тұрақты белдегі ауырсыну жүрген кезде күшейеді.Соққылау және Постернацкий симптомы оң.
Менің науқасымда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,дене салмағы төмендеуі жоқ. Ауырсынусыз зәр шығару бар.Келесі шағымдар анық; 38С дене температура, белдегі екі жақтан тартып ауырсынуиррадиациясыз, Спазмолитиктермен басылатын, жиі зәр шығару ауырсынусыз аз порциямен . Никтурия 2 рет.
Ауру тарихы;Көбіне бір бүйректің зақымдануы болады. Жедел басталады ошақты инфекциядан кейін ангина, тонзилит, ларингит.
Менің науқасымда 2 жылдан бері ауырсыну синдромымен көрінеді. Оған дизуриялық интоксикациялық синдромдар қосылған.
Өмір тарихы; Инфекциялық аурулармен ауруы.
Менің науқасымда инфекциялық аурулары жоқ.
Зәр шығару жүйесі; жедел пиелонефритте Соққылау және Постернацкий симптомы оң болады. Бүйректі пальпациялау кезінде ауырсыну болады.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.
Жоғарыда көрсетілген салыстыруларда, мен науқасымнан жедел пиелонефритті жоққа шығара алмаймын. Маған Теріске шығару үшін лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ;
Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Зәрді бактериологиялық зеттеу.
Созылмалы пиелонефрит;
Созылмалы пиелонефритпен науқастарда асқыну сатысында жалпы әлсіздікке, белдегі тартып ауырсынуға, тершеңдікке, дене температурасының 38 С қа дейін көтерілуіне, жиі ауырсынумен ,аз-аздап зәр шығаруға, никтурияға шағымданады.
Менің науқасымда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,дене салмағы төмендеуі жоқ. Ауырсынусыз зәр шығару бар.Келесі шағымдар анық; 38С дене температура, белдегі екі жақтан тартып ауырсынуиррадиациясыз, Спазмолитиктермен басылатын, жиі зәр шығару ауырсынусыз аз порциямен . Никтурия көрінеді.
Ауру тарихы; созылмалы пиелонефрит пен науқастардың ауруы жедел пиелонефриттен кейін, немесе суықтаудан кейін дизуриялық көріністермен көрінеді.Бұл ауруда симптомдар көрінуіде мүмкін, көрінбеуіде жасырын болуыда мүмкін .
Менің науқасымда 2 жылдан бері ауырсыну синдромымен көрінеді.Оған дизуриялық, интоксикациялық синдромдар қосылған.
Өмір тарихы; жас кезінде бүйрек немесе зәр шығару жолының ауруымен ауруы, зәр шығару жүйесінің бұзылыс.
Менің науқасымда бүйрек немесе зәр шығару жолдарының аурулары, зәр шығару жүйесінің бұзылысы анықталмайды.
Зәр шығару жүйесі; созылмалы пиелонефрит асқыну сатысында Соққылау симптомы оң. Бүйректі пальпациялау кезінде ауырсыну.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.
Осы аурудағы дизуриялық, ауырсыну,интоксикациялық синдромдар, менің науқасымдағы көріністерге ұқсас. Бұл ауруды болжауыма болады. Бірақ анық диагноз қою үшін маған лабораториялық –аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ;
Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Зәрді бактериологиялық зеттеу.
Алғашқы диагноз;
Созылмалы пиелонефрит,латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.
Алғашқы диагнозды негіздеу;
Менің науқасымда көрінетін интоксикациялық, дене температурасы 38 С қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, ауырсыну – бел аймағындағы екі жақтық ауырсыну, иррадиациясыз,тұрақты емес, спазмолитиктермен басылатын;
Дизуриялық-жиі зәр шығару, ауырсынусыз, аз порциямен көрінетін көріністерге негіздеп алғашқы диагнозды қойдым.
Лабораториялық-аспаптық зерттеу жоспары.
ЖҚА;ЖЗА; БҚА; Қан микрореакциясы; Коагулограмма;Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Зәрді бактериологиялық зеттеу. ЭКГ; Кеуде қуысы ағзаларға шолу рентгенограмма; УДЗ бүйрек:
Жалпы қан анализ
Көрсеткіштер | Нәтиже | Қалыпты | Бірлік |
Гемоглобин Эритроциттер Түстік көрсеткіш Тромбоциттер Лейкоциттер Эозинофилдер Таяқша.нейтроф Сегмент.нейтроф Моноциттер ЭТЖ Лимфоциттер | 118 4,7 0,9 208 11 1 2 43 4 17 26 | 120-140 3,5-5,5 0,85-1,05 180-320 4-9 1-5 1-5 42-72 1-8 1-10 25-40 | г/л 10 *12/л 10*9/л 10*9/л % % % % мм/мин % |
Қорытынды | ЭТЖ жоғарлауы; Лейкоцитоз; |
Жалпы зәр анализ
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
Көлемі Түсі Мөлдірлігі Салыс.тығ, Ақуыз Глюкоза Жалпақ эпит. Лейкоциттер Кетондық ден | 100 Сары Мөлдір 1010 Жоқ Жоқ 3-4 6-8 жоқ | Сары Мөлдір 1012-1020 Жоқ Жоқ 3-5 0-5 Жоқ |
Қорытынды | Лейкоцитурия; | Гипостенурия |
БҚА
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
Жалпы белок Креатинин Несеп нәр Калий АЛТ АСТ Билирубин ГГТП Альбумин | 76г/л 81 ммоль/л 5,0ммоль/л 4,5ммоль/л 26 24 10,0 ммоль/л 14 37г/л | 64-85 40-90 2,8-8,3 3,5-5,5 38 40 2-20 0-50 25-37 |
Қорытынды | Барлығы қалыпты; |
Коагулограмма
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
ПТИ Фибриноген Тромбин уақыты | 92 % 3,4г/л 16,3 сек | 90-120 % 2-4г/л 14-17 сек |
Қорытынды; | Қалыпты; |