Емдеу орталығы: №1 Қалалық аурухана

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

«№1 Ішкі аурулар пропедевтика» кафедрасы

Ауру тарихы

Азимбаева Айжан Мукатаевна

(науқатың аты-жөні)

Клиникалық диагноз:

Емдеу орталығы: №1 Қалалық аурухана

Орындаған: Мүтәліп Ш.

Оқытушы: Омарханова С.Р

Топ: 333

Нұр-Сұлтан 2019жыл

Т.А.Ж: Азимбаева Айжан Мукатайевна

Жынысы: әйел

Туылған күні: 16.02.1962ж (57 жаста)

Ұлты: Қазақ

Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,Гордобин көшесі 11,25 пәтер

Жұмыс орны: Жұмыссыз,бұрын мұғалім қызметін атқарған

Түскен күні: 19.09.2019ж сағ 09:30

Алғашқы диагноз: Созылмалы гломеронефрит, латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.и Екі жақтың нефроптоз. Екі жақтың пиелоэктазия.

Соңғы клиникалық диагнозы: Созылмалы пиелонефрит, латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.и Екі жақтың нефроптоз. Екі жақтың пиелоэктазия СБЖ 0.

Шағымдар: Науқас зәрінің түсінің өзгеруіне, қызаруына, мөлшерінің азаюына,аяқтың төменгі бөлімінде ауру сезімге шағымданды. Сондай-ақ бет аймағында ісіктер, жалпы әлсіздікке, температурасының 37,6 C көтерілуі.

Алғашқы диагноз: Созылмалы гломеронефрит, латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.и Екі жақтың нефроптоз. Екі жақтың пиелоэктазия.

Соңғы клиникалық диагнозы:

Anamnesis morbi Науқас қалқанша безінің ауруымен «Онкология» ауруханасына түскен.Онда операция арқылы,қалқанша безін алып тастаған. Содан аурудың жағдайы сәл уақытқа оңалған. Операция 27.11.18ж жасалған. Ауру шағымы болмаған, Бірақ,ауруханадан шыққан соң, 2 күннен соң басталған. Науқаста аяқ аймағында ісінулер байқалған. Ісінулер жұмсақ,ауру сезімі болмаған. .Ісінулер сәуір айына дейін сақталған. Мамыр айында ісіктер қайтқан, Маусым айының соңында қайта ісінулер болды. Және де бет аймағында ісінулер болды. Зәр түсінің өзгерісі байқалды. Қәзіргі уақытта №1 Қалалық ауруханаға келіп түсті.

Anamnes vitae: туберкулез, вирусты гепатит, тері-венерологиялық ауруларын жоққа шығарады. Менструалды цикл 14 жастан басталып ,28 күнде 3 күннен келген. Гинекологиялық аурулары жоқ.

Аллергоанамнез: тыныш, жоқ. Гемотрансфузия жоққа шығарады.

Зиянды әдеттері: Зиянды әдеттері жоқ

Тұқымқуалаушылық: жоқ.

Status praesens: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта .Бойы орташа, тамақтануы қалыпты. Тері жамылғылары таза. Есі анық, пациент қоршаған ортаға лайықты түрде жауап беріп, байланыста болады. Беті ісінген,домаланған. Тіл ылғалды., Қарашықтары бірдей диаметрлі. Жақ асты лимфа түйіндері диаметрі 1 см-ге сәл үлкейтілген, серпімді, пальпацияға сезімтал . Терінің ылғалдылығы мен икемділігі өзгермеген. Тері астындағы май жеткілікті түрде көрінеді, ішінің қабатының қалыңдығы 3 см, ісінуі жоқ. Сүйектер мен буындардың деформациясы анықталмаған, қозғалу кезінде ешқандай қиындық жоқ.Перкуторлы өкпеде өкпелік дыбыс, анық. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс.Импульс - ырғақты, жиілігі минутына 70 соққы, толуы қанағаттанарлық, қалыпты өлшем. Қан қысым - 120/70. Дене температурасы 36С. Жүрек тондары қосымша шусыз. Іші жұмсақ,пальпацияда сол жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауыры қабырға доғасында. Көкбауыры улкеймеген. Буйректері пальпацияланбайды. Улкен дәреті қалыпты, күніне 1-2 рет. Зәр шығару жүйесі аздап ауру сезімді,қиындаған.

Конституция типі: Нормастеник.

Тыныс алу жүйесі: Қарау кезінде кеуде торы цилиндрлік формада, екі өкпе де тыныс алу актіне симметриялы қатысады, перкуторлы-ашық өкпелік тыныс, аускультативті өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Ентігу жоқ.

Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі екі жақ өкпесіне біркелкі таралады.

Салыстырмалы перкуссияда: өкпе үстінде анық өкпелік дыбыс.

Топографиялық перкуссия:

  Оң жақ Сол жақ
Алдыңғы аймақ Бұғанадан 3 см жоғары Бұғанадан 4см жоғары  
Артқы аймақ   VII мойын омыртқасының сүйір өсін-ң тұсында. VII мойын омыртқасының сүйір өсін-ң тұсында.

 

Өкпе экскурсиясы.

Топ. сызық. Оң жақ. Сол жақ.
l. med. clavicularis. дем алғанда =2 дем шығ-да =2   дем алғанда =2 дем шыға-да=2  
l. axil.media. .   дем алғанда =3 дем алғанда =3 дем шығ-да =3 дем шыға-да=3
l. scapularis.   дем алғанда =2 дем шығ-да =2 дем алғанда =2 дем шыға-да=2

Өкпенің төменгі шекарасы.

  оң жақ. сол жақ.
l.parasternalis. l.med.ciavic-s. l.axil. anterior. l.axil. media. l.axil. poster-r. l.scapularis. l.paraverteb-s.

VI қабырға аралық

VII қабырғаның жоғарғы қыры.

VIII қабырға аралық.

IX қабырға аралық.

X қабырға аралық.

XI қабырға аралық.

XII кеуде омыр- ның сүйір өсіндісі.

Аускультацияда: Өкпе үстінен тыныс барлық алаңында везикулярлы, сырыл жоқ.

Жүрек-қантамыр жүйесі:

Жалпы қарағанда: жүрек тұсында ешқандай өзгерістер жоқ. Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды.

Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай пальпацияланады. Ені 2 см, көлемі 2 см, орташа күшті

Жүрек шекаралары.

Шекаралары Оң жақ Сол жақ Жоғарғы
Салыстырмалы тұйық шекарасы IV қ.а. төстің оң жағынан 1 см сыртқа V қ.а. сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке. Сол жақ төс маңы сызығы бойынша III қ.а.
Абсолюттік шекарасы Төстің оң жақ қырынан IV қ.а. V қ.а. сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке Сол жақ төс маңы сызығы бойынша IV қ.а.

Тамыр шоғырының шекарасы.

Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары жеткілікті дыбысты, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет. Артериялық қан қысымы 120/80 мм сынап бағанасында. Екі қолының білек артериясында пульс жиілігі бірдей, 80 рет.

Ас қорыту жүйесі.

Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, тіл түбірінде ақ өңезбен жабылған. Кариозды тістері бар. Қызыл иегі қалыпты.

Ішінің пішіні теріасты май қабаты есебінен көлемі ұлғайған, симметриялы, тыныс алуға іш бұлшықеттері қатысады.

Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, эпигастрий, оң жақ қабырға доғасы аймағында ауырсыну бар.

Терең пальпацияда:Образцов-Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпацияда: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек сезіледі, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынусыз, шұрқұрамайды, d-3 см; соқыр ішек оң жақ мықын аймағында пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, d-4-5 см; тоқ

ішектің көлденең бөлігі кіндік маңында пальпацияланады, d-3 см, ауырсынусыз;Тоқ ішектің өрлемелі және төмендеген бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз.

Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды.

Курлов бойынша бауыр перкуссия:

1. media clavicularis – 10 см.

2. media anterior – 9 см.

3. arkus costalis – 7 см.

Курлов бойынша көкбауыр өлшемі 6*4 см.

Нәжісі қалыптасқан,күніне 1 рет.

Зәр шығару жүйесі. Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы және Пастернацкий симптомы 2 жақ бөлігінде оң нәтижелі. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілеген,никтурия 2 рет.

Жүйке – эндокриндік жүйесі.Санасы ашық, есі дұрыс, адекватты,уақыт пен кеңістікке бағдарланған.Эмоционалды сферасы:шаршағыштық.Ромберг позасы тұрақты.Қалқанша безі ұлғаймаған,ауырсынусыз,қозғалмалы.көз симптомдары теріс. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі. «Саусақ мұрын» сынамасын дұрыс орындайды. Есту, иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Есте сақтау қабілеті сақталған.

Аяқта тері жамылғысы қалыпты түсті,гидрофильділігі қалыпты.Өкшесі өзгермеген,жарылу жоқ. A.tibialis posterior et dorsalis pedis dex et sin. Пульсация сақталған. Тері сезімталдығы сақталған.Тізе рефлекс,ахилл рефлексі сақталған.