2. ААФ ингибиторлары және А – 1 рецепторларының антагонистері

3. Дигидропиридиндік емес кальций антагонистері (дилтиазем, верапамил)

4. Кальций каналдарының тек әсері ұзартылған дигидропиридинді блокаторлары

5. b - Адреноблокаторлар.

Бүйрек ауруымен ауыратын адамдарға қолданатын ас тұзының мөлшерін 3-5 г/тәул. дейін азайту керек (нормада 15 г/тәулігіне). Науқас адам гипонатриемиялық диетаны сақтай алмайтын жағдайда және гиперволемияда несеп жүргізетін дәрілер беріледі. Бүйрек функциясы сақталған жағдайда (шумақтық фильтрация жылдамдығы – ШФЖ > 90 мл/мин.), тиазидтер беріледі, ШФЖ < 70 мл/мин. – тұзақтық диуретиктер беріледі. Калий сақтағыш несеп жүргізетін дәрілер абсолютті қарсы көрсетпе болып табылады.

ААФ ингибиторлары мен А-1 рецепторалырының антагонистері гипотензивтік әсермен қатар ренопротекторлық қасиет көрсетеді. ААФ ингибиторлары кез-келген нефропатияның бастапқы сатысында, тәуліктік жоғалтатын белок (ТЖБ) > 0,5 – 1 г/тәул. болса, АҚҚ деңгейіне тәуелсіз барлық ауру адамға беріледі. Олардың ренопротекторлық әсерінің көрсеткіші – протеинурияның жартылай (ТЖБ < 2,5 г/тәул.) немесе толық (ТЖБ > 0,5 г/тәул.) жойылуы. Гипотензивтік әсер жеткіліксіз болса, онда басқа фармакологиялық топтың гипотензивтік препараттарын қосуға болады.

Дененің салмағы артық болса (дене массасының индексі > 27 кг/м2), дене массасын азайту керек.

ШФЖ 50-55 мл/мин/1,73 м2 аз болса, ингибиторларды аз белокты диета фонында береді, оның өзі ААФ ингибиторларының антипротеинуриялық әсерін күшейте түседі. Антипротеинуриялық әсер жеткіліксіз болған жағдайда, ААФ ингибиторлары мен А-1 рецепторларының антагонистерінен тұратын құрама ем қолданылады.

СБЖ антигипертензивтік дәрі ретінде дигидропиридиндік емес кальций антагонистері де (дилтиазем және верапамил) және тек әсері ұзартылған дигидропиридиндік кальций антагонистері де қолданылады.

Ренопротективті әсері бар антигипертензивтік дәрілер ішіндегі соңғы орында b-адреноблокаторлар алады.

Ем шараларының ІІ сатысы креатининнің клиренсі 50-25 мл/мин. болғанда басталады және ол ем шараларына жататындар:

1. Диеталық шаралар.