Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
Критерийлер | Анықтамасы |
4 кг артық жүдеу | Қоректенуге байланысты емес, ауру басынан дене массасының 4 кг және одан көп азаюы |
Торлы ливедо | Аяқ-қол және дене тұлғасы терісінде тарамданған суреттің болуы |
Атабезінің ауыратыны | Инфекциямен, жарақатпен т.б. себептермен байланысы жоқ атабезінің ауырсынуы |
Аяқ бұлшық еттерінің миалгиясы мен әлсіздігі | Жайылмалы миалгия (иық және бел аймағы кірмейді) немесе аяқ бұлшық еттерінің әлсіздігі мен ауыруы |
Мононеврит немесе полинейропатия | Тиісті неврологиялық белгілердің пайда болуы |
Диастолалық қан қысымы с.б. 90 мм жоғары | Артериялық қан қысымының көтерілуі |
Қанда мочевина мен креатинин деңгейінің көтерілуі | Дегитратациямен немесе несеп бөлу жолдарының обструкциясымен байланысты емес мочевинаның 14,4 ммоль/л (40 мг%) немесе креатининнің 133 мкмоль/л (1,5 мг%) жоғары көтерілуі |
В гепатитінің вирусы | В гепатиті вирусының беткейлік антигенінің немесе қан сарысуында оған қарсы антиденелердің болуы |
Артериографиялық өзгерістер | Ангиографияда атеросклерозбен, фибромускулярлық дисплазиямен және басқа қабыну емес аурулармен байланысы жоқ висцеральдық артериялардың аневризмасының немесе окклюзиясының болуы |
Ұсақ және орташа артериялар биопсиясы | Морфологиялық тексергенде тамыр қабырғасында гранулоцитарлық және мононуклеарлы – клеткалық инфильтрацияның болуы |
Төрт критерийлердің болуы түйінді периартериит диагнозын қоюға мүмкіндік береді.
Түйінді периартериитті төмендегі аурулардан ажырата білу керек.
Инфекция. Ортақ белгілер – қызба, іштің ауыруы және іш өтуі. Инфекциядан өзгешелігі ТП-те бактериологиялық және серологиялық тексерулер теріс мәнді болады, түйінді периартеритте бұлшық ет – буын синдромы, жүдеу байқалады және 3 айдан кейін органикалық аурулар көрініс береді (бұл мерзімде жедел инфекциялардың дамуы аяқталады).
Ревматизм. Ортақ белгі – буын синдромы. Ревматизмде жоғары дәрежелі қызба сирек болады. Ревматизмде жүрек ақаулары қалыптасады, ал түйінді периартеритте жүрек қақпақтары зақымданбайды, бірақ коронарит белгілері болуы мүмкін.