3. ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия.

4. ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия + күш түсу стенокардиясы, ІІ ФК, Ж1.

5. ЖИА. Үдеме стенокардия. Ж1.

6. ЖИА мен гипертония ауруының ІІ сатысы: тұрақты стенокардия, ІІ ФК.

Тұрақсыз стенокардия диагнозын тұжырымдағанда ЖИА кейін және тұрақсыз стенокардия диагнозынан кейін стенокардияның тұрақсыз күйге көшкен мерзімін және оның классын көрсетеді.

Мысалдар:

1. ЖИА: тұрақсыз (үдемелі) стенокардиясы, І В классы (мерзім) Ж0.

2. ЖИА: тұрақсыз (үдемелі) тыныш күй стенокардиясы, ІІІ В кл., Ж1.

3. ЖИА: сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйір аймағының миокард инфарктісі (мерзімі), инфарктан кейінгі тұрақсыз тыныш күй стенокардиясы, ІІІ С кл. (мерзімі) Ж1.

Емі. Жүректің ишемия ауруын емдеу әдістері:

1. Дәрімен емдеу:

- антиангинальдық препараттар (нитраттар, бета-адреноблокаторлар, кальций антагонистері);

- антикоагулянттар: тура әсерлі және жанама әсерлі;

- антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы, курантил, трентал т.б.);

- гиполипидемиялық препараттар (никотин қышқылы, ловастатин, лепримал, синестатин т.б.).

2. Хирургиялық ем:

- тәж артерияларын тері арқылы транслюминальды баллонды кеңіту;

- аорто-коронарлық шунт қою және стент қою.

3. Экстракорпоральдық әдіс: қанда холестериннің, ТТЛП мен триглицеридтерді азайту әдістері (гемосорбция, плазмаферез және иммунды электрофорез, энтеросорбция).

Стенокардияны емдеу шаралары: 1) қауіп факторларын және ангинозды ұстама тудыратын факторларды жою;

2) ангинозды ұстаманы тоқтату;

3) дәрі қолданып, ұстаманың алдын алу.

Қауіп факторларын және ангинозды ұстама тудыратын факторларды жою: ЖИА дамуының қауіпті факторлары артериялық гипертония, гиперхолестеринемия, шылым шегу, қант диабеті, гиподинамия және тұқым қуалаушылық екені жоғарыда көрсетілді.

Бұл факторларды жою үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру керек, оның басты элементтеріне күн тәртібін сақтап, түнгі ұйқыны қамтамасыз ету, еңбек пен демалыстың тиімді кезектесуін сақтау, шылым шегуден бас тарту, майлы, өткір, тұзды тағамдарды шегеріп, диетаны сақтау, ішімдіктен бас тарту, емдік дене тәрбиесімен шұғылдану жатады. Қауіпті факторларды жоюға осы жалпы шаралармен қатар артериялық гипертензияны, гиперлипидемияны (диета және дәрілер), қант диабетін емдеу де жатады.

Ангинозды ұстаманы тудыратын факторларды жою деген миокардтың оттегіне қажеттілігін көбейтетін себептерді жою деген сөз. Ауырғандықты тудыратын физикалық және эмоциональдық факторлардан аулақ болуға тырысу керек. Басқа түрткі факторлардың фонында (салқын, ылғалды, желді ауа-райы, тойып тамақтанудан кейін, қобалжу, ертеңгілік ұйқыдан тұрған бойда) денеге күш түсірмеуге тырысу керек. Егер ол мүмкін болмаса, ондай организмге күш түсер (физикалық, психо-эмоциональдық) алдында нитроглицерин немесе нифедипин қабылдау керек.

ЖИА емдеудің міндетті және қажет компоненті денені шынықтыру, оны науқас адамның көңіл-күйіне және мөлшерлі күш түсіру сынамаларының нәтижесіне қарап іске асырады.

Дене шынықтыру кезінде науқас адамдар белгілі бір ережелерді сақтаулары керек: дене шынықтыруды стенокардия тұрақтағаннан кейін, АҚҚ қалыпты күйге оралғаннан кейін, қант диабетінің компенсациялы күйінде, науқас адамның дәрімен емдеуді жалғастыра беретін жағдайында бастайды; науқас адамның көңіл-күйі нашарлағанда және оған жағымсыз жағдайларда (ауа-райы, стресс т.б.) денені шынықтыруды тоқтатады; дене шынықтыруды тойып тамақтанғаннан кейін және ішімдік қабылдаудан кейін жалғастыруға болмайды. Қыдыру, бүлкіл жүгіріс, суда жүзу, велосипед тебу немесе велоэргометр көмегімен шынығу ұсынылады. Алдын ала орындалған күш түсіру сынамасының мәліметін ескере отырып, шынығу кезіндегі ЖЖЖ табалдырық деңгейіндегі жүктеменің 75% сәйкес келуін қамтамасыз ету керек. Дене шынықтыруды кем дегенде аптасына 3 рет 30 минут бойына созу керек.

Стенокардия ұстамасын тоқтату.

Ұзақтығы 5-10 минут болған ангинозды ұстамада нитроглицериннің 0,0005 г (1/2 – 1 таблетка) тіл астына салу керек, немесе нитроглицериннің 1% ертіндісінің 3-10 тамшысын тіл астына тамшылату керек, немесе нитроглицериннің аэрозолін ауыз қуысына 3 ретке дейін себу керек, немесе Вотчалдың 3-15 тамшысын тіл астына тамшылату керек, немесе нифедипиннің 10 мг (1 драже) тіл астына салу керек. 5 минут ішінде әсер болмаған жағдайда нитроглицерин мен нифедипиннің алдыңғы дозалары қайталанып қолданылады. Бұдан кейін 10 минут ішінде нәтиже болмаса, промедолдың 1-2% ертіндісінің 1 мл тері астына егеді, немесе омнопонның 1-2% ертіндісінің 1 мл тері астына егеді. Егер бұдан кейін 10 минут ішінде нәтиже болмаса, ондай күйді ангинозды статус деп бағалап, миокард инфарктісі дамыған деген пікір пайда болуы керек. Науқас адамды қарқынды ем боксына (ҚЕБ) аударады және науқасқа морфиннің 0,1% ертіндісінің 1 мл немесе фентанилдің 0,005% ертіндісінің 1 мл мен дроперидолдың 0,25% ертіндісінің 1-2 мл натрий хлоридының изотониялық ертіндісінің 10 мл қосып, 5 минут ішінде венаға егеді.