2. ЭКГ-ны стенокардияның ұстамасы кезінде тіркеу.

3. ЭКГ ұзақ мониторлы бақылау.

4. Күш түсіру (салмақ салу) сынамасы:

- физикалық күш түсіру

- жүрекшелерді электростимуляциялау

5. Фармакологиялық сынамалар:

- дипиридамол (курантил) қолданылатын сынама

- изопротеренол (изадрин) қолданылатын сынама

- добутамин қолданылатын сынама

- эргоновин қолданылатын сынама

6. ЖИА диагностикасының радионуклидты әдістері:

7. Эхокардиография.

8. Коронароангиография.

9. Позитронды – эмиссиондық томография.

10. Магнитті – резонансты томография.

Функциональдық сынамалар кезінде пайда болған ишемия белгілерін ЭКГ, эхокардиография және радионуклидті әдістер көмегімен анықтайды.

Электрокардиография. Ишемияға ең тән белгі – ST сегментінің изоэлектрлік сызықтан төмен немесе жоғары кем дегенде 1 мм-ге ығысуы. Миокардтың субэндокардиальдық ишемиясында көбіне ST сегменті изоэлектрлік сызықтан төмен 1 мм және одан да көп ығысады. Субэпикардиальдық ишемияда ST сегменті жоғары ығысады. Интрамуральдық ишемияда ST сегменті изоэлектрлік болып қалады немесе жоғары не төмен болмашы ғана ығысады, ал Т тісшесі инверсияға ұшырайды. Спонтандық стенокардияда ST сегменті тез көтеріліп, биіктеген Т тісшесімен күмбез тәрізді қосылады.

Миокард ишемиясындағы ST сегментінің ЭКГ-ң қарсы тіркемелерінде ығысуы дискор-дантты болып келеді.

ST сегментінің изоэлектрлік сызықтан төмен ығысуы әр түрлі болады. Миокард ишемия-сына тән ST сегментінің ығысуына оның горизонтальды және қия төмен ығысуы жатады. ST сегментінің қия жоғары ығысуы да патологиялық ығысу деп есептеледі, егер ол басталған жерінен (j нүктесі - S тісшесінің ST аралығына ауысқан жері) кейін 0,08 с. бойы изосызықтан 1 мм-ге және одан көп ығысқан күйде қалса.

Миокард ишемиясының ЭКГ – белгісіне Т тісшесінің әр түрлі өзгерістері де жатады. Бірақ Т тісшесінің өзгерістерінің маңызы ST аралығының ығысуына қарағанда төменірек болады. Субэндокардиальдық ишемияда биік коронарлық Т болады, субэпикардиальдық, трансмуральдық немесе интрамуральдық ишемияда теріс мәнді Т тісшесі болады. Миокард ишемиясында Т тісшесі екі фазалы болуы мүмкін және жадағайланып өзгеруі мүмкін.

ЭКГ-ға қарап шамамен ишемияның орнын анықтайды. Қай тіркеменің ишемияның қандай орнын көрсететіні:

- I, V3, V4 – сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының ишемиясын көрсетеді;

- V1, V2, V3 – пердеалды аймақтың ишемиясын көрсетеді;

- I, avL, V5, V6 – сол жақ қарыншаның бүйірінің ишемиясын көрсетеді;

- аvL – бүйірдің жоғарғы бөлігінің ишемиясын көрсетеді;

- V4 – жүрек ұшының ишемиясын көрсетеді;

- III, avF – сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясын көрсетеді.

Көрсетілген өзгерістер ЭКГ-ны ангинозды ұстама кезінде және ұстамадан 15-20 мин кейін тіркегенде пайда болады. Кейде ауыру ұстамасы кезінде тіркелген ЭКГ өзгеріссіз қалыпты күйде болады.