3. Жедел панкреатит. Жедел солжақтық геморрагиялық плеврит.

4. Плевра туберкулезі. Оңжақты серозды-геморрагиялық жеделше плеврит.

Емі. Емнің этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық түрін ажыратады. Бұл емдермен қатар организмнің реактивтілігін көтеру шаралары қолданылады.

Себебі туберкулез плевритте 8-12 айға этиотропты ем белгіленеді: стрептомицин 1 г/тәул. (3 айдан кем емес), изониазид 10 мг/кг/тәул., этамбутол 25 мг/кг/тәул.

Пара – метапневмониялық плевритте микробтың антибиотикке сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктер беріледі.

Ісіктік плевритте химиотерапия қолданылады, онымен қатар ісікке қарсы қолданылатын дәрілер плевра ішіне жіберіледі.

Плевра эмпиемасында хирургиялық ем қолдану керек: дренаж қою және плевра қуысын жуу; плевра қуысындағы іріңді сорып алғаннан кейін плевра қуысына әуелі ферментті препараттар жібереді (терралитин, 200-400 ХБ), 10-15 минуттен кейін 0,9% натрий хлоридының 100 мл ерітілген пенициллиннің 10-20 млн ӘБ жіберіледі.

Дәнекер тінінің жайылмалы ауруларында болатын плевритте иммуносупрессивті терапия жасалады, көбіне кортикостероидтар қолданылады.

Себебі белгісіз плевритті туберкулездік плевриттей емдейді.

Патогенетикалық емге қабынуға қарсы қолданылатын ем, десенсибилизация емі (ацетилсалицил қышқылы, амидопирин, бутадион, кальций хлориды, кортикостероидтар), дезинтоксикациялық ем (венаға гемодез, реополиглюкин т.б. кіреді) жатады. Экссудатты плевра қуысынан шығару (эвакуация) да патогенетикалық емге жатады. Коллапс болмас үшін әр кез 1,5 л артық сұйықтық жіберуге болмайды.

Экссудатты жіберу көрсетпелері:

а) ентікпе, көкірек аралықтың ығысуын тудыратын экссудаттың ауқымды көлемі;

б) өкпенің перкуссиялық шекарасының ІІ қабырғаға жетуі (кеуде торының алдын қағып тексергенде);

в) бейспецификалық инфекциялық процестерде болатын экссудатты плеврит.

Торакоцентезге қарсы көрсетпелер:

а) тұрақты емес орталық гемодинамика;

б) гемостаздың бұзылыстары.

Симптоматикалық ем ауырғандықты білу үшін, жөтелді тоқтату, ентікпені жою үшін қолданылады (анальгетиктер, жөтел басатын дәрілер, қабынуға қарсы дәрілер т.б.).

Организмнің реактивтілігін күшейту мақсатында құнарлы тамақтану, витаминдер комплексі, плазма құю, донордың иммуноглобулинін егу қолданылады.

Дәрімен емдегеннен кейін науқас адамдарды жергілікті орманды санаторийлерге және Қырымның оң жақ жағалауындағы курорттарға жіберуге болады.

Диспансерлеу. Себебі туберкулез плевритімен ауырған науқастар 2 жыл бойы туберкулезбен күрес диспансерінде есепте болуы керек.

Пневмониялық плевритте диспансерлеуді жедел пневмониядағыдай іске асырады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі себеп ауруларға қарап анықталады.

МӘСК жолдама беру көрсетпелері басты аурудың сипатына қарай, плевриттің шешілу нәтижесін және тыныс жетіспеушілігінің дәрежесін (ІІ дәреже және одан жоғары) еске алып отырып шешіледі.

Алдын алу. Басты ауруды дұрыс емдеу плевриттің алдын алу шарасына жатады.