2. Госпитальдық (екінші ретті, ауруханаішілік, нозокомиальды) пневмония.
3. Аспирациялық пневмония.
4. Иммунитет жетіспеушілігіндегі пневмония.
Этиологиясына қарай:
1. Бактериялық пневмония.
2. Вирустық пневмония.
3. Микоплазмалық пневмония.
4. Хламидийлық пневмония.
5. Легионелездық пневмония.
6. Саңырауқұлақтық пневмония.
7. Паразиттік пневмония.
8. Аралас себепті пневмония.
9. Қоздырғышы анықталмаған пневмония.
Клиникалы-морфологиялық белгілеріне қарап:
1. Плевропневмония (крупозды пневмония)
2. Бронхопневмония (ошақты пневмония)
Тарау дәрежесіне және орнына қарай:
1. Лобулярлық пневмония.
2. Субсегментарлық пневмония.
3. Сегментарлық пневмония.
4. Бөліктік пневмония.
5. Біржақты пневмония.
6. Екіжақты пневмония.
Ауырлық дәрежесіне қарай:
1. Жеңіл пневмония.
2. Орташа ауыртпалықты пневмония.
3. Ауыр пневмония.
Пневмонияның асқынулары:
1. Инфекциялы – токсикалық шок.
2. Экссудатты плеврит.
3. Дистресс – синдром.
4. Тамыріші себінді қан ұю синдромы (ТСҚС).
5. Инфекциялық деструкция.
6. Инфекциялы – аллергиялық миокардит.
7. Бронхоспастикалық синдром.
Клиникасы. Пневмонияның клиникалық белгілері ауру қоздырғышының ерекшеліктері мен науқас адамның организмінің күйіне байланысты болады.
Пневмониямен ауыратын адамның басты шағымдары – жөтел, қақырық бөлу, кеуденің ауыруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі.
Жөтел құрғақ (аурудың басында) және қақырықты болады. Қақырық кілегейлі, кілегейлі - іріңді және тот түсті (плевропневмонияда) болады. Кеуде қабырғасының ауыруы қосымша плевритке байланысты өкпе қабы беттерінің бір-бірімен үйкелісінен пайда болады, ол тынысты терең алған кезде және жөтел кезінде күшейе түседі, науқас адам ауру жақ бүйіріне жатқанда азаяды. Демікпе (ентігу) әдетте аралас болып келеді, өкпенің тыныстық беті азайғандықтан және тыныстың кеуденің ауыруына байланысты шектелуіне байланысты бой көрсетеді. Дене қызуы көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты сипаты әр түрлі болады. Крупозды пневмонияда қызба тұрақты болады, оған қоса қалтырап тоңу кездеседі.
Басты шағымдардан басқа интоксикацияға байланысты шағымдар да болады: бас ауыруы, миалгия, диарея т.б.
Қараған кезде сананың бұзылғаны (сананың қарауытуы, жоғарғы дәрежелі қызба және интоксикацияға байланысты крупозды пневмонияда сандырақ болады), цианоз, сарғыштық (крупозды пневмонияда болатын токсикалық гепатит себепті), ауырған жақ бет ұшының қызаруы және ұшық бөртпелері (герпес) анықталады.
Өкпе жағынан болатын белгілер: дем алған кезде кеуденің ауру жақ жартысының қалыңқы болуы және өкпе тінінің тығыздалуы синдромының белгілері: дауыс дірілінің күшеюі, өкпенің қабынған бөлігінің үстінде перкуссиялық өкпе дыбысының тұйықталуы (әлсіреуі) немесе тынық дыбыс, тыңдағанда – бронх тынысы, крепитация және плевраның үйкеліс шуы.
Қосымша тексерулер. Пневмонияның диагнозын қоюдағы ең маңызды тәсіл – рентгенологиялық тексеру, ол өкпе тінінің инфильтрациясын (оның мөлшерін, түрін және орнын), плевра қуысындағы сұйықтықты және өкпе тініндегі деструкция белгілерін анықтауға көмектеседі.
Компьютерлік томографияны өкпенің деструкциясы немесе ісік болуы мүмкін деген күдік туған кезде қолданады.
Фибробронхоскопия мен биоптатты микробиологиялық және цитологиялық тексеру туберкулез және ісік жөнінде күдік туғанда (оларды жоққа шығару үшін) қолданады.
Сыртқы тыныс функциясын анықтау бронх өткізгіштігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қанның жалпы анализінде бактериялық пневмонияда лейкоцитоз, лейкоцит формуласында сол жаққа қарай ығысу, ЭТЖ өсуі болады. Вирустық, микоплазмалық және орнитоздық пневмонияларда лейкопения мен ЭТЖ өсуі табылады.
Қақырықты тексеру пневмонияның табиғатын анықтауға көмектеседі. Қақырықта эозинофильдердің көп болуы аллергиялық процесті, атипиялық клеткалардың табылуы – рак текті пневмонияны, эластикалық талшықтар өкпе тінінің ыдырауын (туберкулез, абсцесс, рак) көрсетеді.
Бактериоскопия көмегімен микроорганизмдердің грам оң және грам теріс екенін анықтауға болады.
Вирустық пневмонияның диагнозын қою үшін вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жасау керек.
Иммунитет жетіспеушілік күйлер болса, иммунологиялық зерттеулер жүргізу керек.
Пневмонияның даму барысы. Жедел және ұзарған болып бөлінеді. Егер пневмония 4 аптаға дейін созылса, ондай жағдай пневмонияның жедел дамуы деп аталады. Егер бұл мерзім 4 аптадан ұзақ болса, ол пневмонияның ұзара дамуы деп аталады.
Пневмонияның даму ауырлығының 3 дәрежесін ажыратады (4-кесте).
4-кесте
Пневмония ауырлығының критерийлері
Басты белгілері | Ауырлық дәрежесі | ||
Жеңіл | Орташа ауырлықты | Ауыр | |
Температура, С Тыныс жиілігі ЖЖЖ АҚҚ Интоксикация Цианоз Асқынулар және олардың сипаты Шеткі қан Қанның кейбір биохимиялық көрсеткіштері Қосымша аурулар декомпенсациясы Емді көтеру және оның тиімділігі | 380 дейін 25/ мин. дейін 90/ мин. дейін Қалыпты күйде Жоқ немесе болмашы Әдетте болмайды Әдетте болмайды Орташа дәрежелі лейкоцитоз СРБ ++, фибриноген 5 г/л дейін Әдетте жоқ Жақсы, тез әсер етеді | 38-390 25-30/ мин. 90-100 /мин. Гипотонияға бейімділік Орташа дәрежелі Орташа дәрежелі Болуы мүмкін (аз сұйықтық бар плеврит) Жас лейкоциттерге дейін ығысу бар лейкоцитоз Фибриноген < 10 г/л, СРБ +++ ТТ қайталауы мүмкін, ЖИА, психикалық аурулардың қайта-лауы Аллергиялық, токсикалық әсерлер болуы мүмкін | > 390 > 30 мин. > 100 /мин. Диастолалық ҚҚ с/б. 60 мм Өте ауыр Жиі өте айқын Жиі болады (эмпиема, іріңдеу, инфекциялы-токсикалық шок) Лейкоцитоз, нейтрофильдердің улану түйіршіктері, анемия. Лейкопения болуы мүмкін Фибриноген > 10 г/л, альбумин < 35 г/л, мочевина 7 ммоль/л, СРБ +++ Жиі (жүрек әлсіздігінің, аритмияның күшеюі, қант диабетінің декомпенсациясы т.б.) Жағымсыз реакция жиі (15% дейін), ем кеш әсер етеді |
Себебіне байланысты пневмония клиникасының өзіндік ерекшеліктері болады.