Етістіктерді тауып, олардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіңіз. Салт етістікті бір бөлек, сабақты етістіктерді бір бөлек жазыңыздар.
Көрмейтіні де естімейтіні де жоқ. Сондықтан күркеде дыбысыңды шығармай отырасың! Кескен томардай қалши да қал, түсінемісің, тырп етпе! Егер біреуі ұшып келіп қонса-атпа. Екеуі немесе төрт-бесеуі, тіптен он шақтысы келіп қонғанша күт. Сонсоң ғана күрсілдете баста, бірақ бір өтінішім бар, түсінемісің, қыт-қыттап жүргеніне соқтықпа: оны өлтірсең бітті-басқасы да демде ғайып болады! Қайсысы қыт-қыттамаса, сонысын жайрат. Ал, ең бастысы сыбдырыңды сездірме. Тек дымың ішіңде болсын! Кескен томар сияқты, түсінемісің, қалши да қал! Сыбдыр сезілмесін...
Емтихан бағдарламасы
СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
1.«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінің мақсаты, міндеттері, негізгі тараулары
2. Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары.
3. Сөздің грамматикалық мағынасы.
4. Грамматикалық мағыналардың қосымшалар арқылы берілуі
5. Сөздің грамматикалық тұлғасы(формасы).
6. Грамматикалық категория
7. Сөз таптары, сөз құрамы.
8. Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру
9. Сөздің морфологиялық құрылымы.
10. Морфологиялық талдау
11. Зат есімнің жалпы сипаты.
12. Лексикалық мағыналы зат есім сөздердің морфемдік құрамы
13. Зат есімнің грамматикалық категориялары.
14. Зат есімнің синтаксистік қызметі
15. Сын есімнің жалпы сипаты.
16. Сын есімнің морфемдік құрамы.
17. Сын есімнің шырай категориясы.
18. Сын есімнің заттануы.
19. Сан есімнің жалпы сипаты.
20. Сан есімнің морфемдік құрамы
21. Сан есімнің мағыналық топтары
22. Сан есімнің синтаксистік қызметі.
23. Есімдіктің жалпы сипаты.
24. Есімдіктің грамматикалық, морфологиялық ерекшеліктері
25. Есімдіктің синтаксистік қызметі.
26. Етістіктің жалпы сипаты.
27. Етістіктің лексика- семантикалық сипаты
28. Сабақты, салт етістіктер.
29. Етістіктің категориялары.
30. Етістіктің аналитикалық форманттары
31. Қимылдың өту сипаты категориясы
32. Қимылдың даму фазалары.
33. Етістіктің райлары
20. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
21. Үстеудің жалпы сипаты.
22.Үстеудің сөйлемдегі қызметі
23. Еліктеуіш сөздердің жалпы сипаты.
24. Еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі қызметі
25. Шылау туралы түсінік.
26. Шылаудың түрлері.
27. Одағай туралы жалпы сипаттама
28. Одағайлардың морфемдік құрамы, мағыналық құрамы.
29.Сапалық сындар мен қатыстық сындар
30.Сандық ұғым мәнді басқа сөздер
31.Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуы
32.Дербес лексикалы мағыналы етістіктер мен көмекші етістіктер
33.Толымсыз көмекші етістіктер
34.Қимыл атауы
35.Есімше
36.Көсемше
37. Етістіктің шақ категориясы
38.Етістіктің жақ категориясы
39. Етістіктің болымдылық, болымсыздық категориялары
40.Етістіктің модальдылық мағынасы, оның рай категориясымен байланысы
41.Етістіктің сандылық категориясы
42. Етістік тұлғасының сөйлемде түрленуі
43.Үстеудің мағыналық топтары
44.Еліктеуіш сөздердің фонетика – морфологиялық сипаты
45.Септеулік шылаулар
46.Жалғаулық шылаулар
47.Демеулік шылаулар
48.Зат есімнің лексикалық мағынасының сипаты
49.Адамзат, ғаламзат атаулары
50.Дара, жинақтық мағыналы зат есімдер
Курстың саясаты
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында кіруге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б.
· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар.
· Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет.
· Кейбір материалдар дәріс барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.
Курсты бағалау критериі :
№ | Бақылау түрі | Апта | Мах балл | |||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |||
1. | Қатысым | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | 100 | |
2. | Үй тапсырмасы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | 100 | |
3. | Практикалық сабақтар | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | 100 | |
4. | Дәріс сабағындағы тест сұрақтары | * | * | 100 | ||||||||||||||
5. | Бақылау жұмысы | * | * | 100 | ||||||||||||||
6. | Тест тапсырмалары | * | * | 100 | ||||||||||||||
7. | Жазбаша сұрақ | * | * | 100 | ||||||||||||||
8. | Аралық бақылау | * | * | 100 | ||||||||||||||
9. | Мәнжазба | * | 100 | |||||||||||||||
10. | Презентация | * | 100 | |||||||||||||||
11. | Емтихан | * | 100 |
Бағалау шкаласы :
баға | коэффициент | % |
А | 4,0 | 95-100% |
А- | 3,67 | 90-94% |
В+ | 3,33 | 85-89% |
В | 3,0 | 80-84% |
В- | 2,67 | 75-79% |
С+ | 2,33 | 70-74% |
С | 2,00 | 65-69% |
С- | 1,67 | 60-64% |
Д+ | 1,33 | 55-59% |
Д | 1,0 | 50-54% |
F | 0 | 0-49% |
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі . - Алматы, 1991
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002.
3. Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
4. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1996.
7. Әбдіғалиева Т.Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық–болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. Алматы, 1996
8. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.
9. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,1992
10. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. Алматы, 1999.
11. Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі /Морфология/. Алматы, 2004
12. Қазақ грамматикасы Алматы.2002 ж.
Қосымша әдебиеттер:
13. Абаев В.И. О языковом субстрате. -Алматы,1956.
14. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996
15. Аманжолов С.,Әбілқаеви А.,Ұйықбаев И. Қазақ тілінің грамматикасы.–А.,1957.
16. Андреев И. Д.. Наука и общественный прогресс . –М,1972
17. Аханов К.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.Қазақстан мектебі. 1964,№8
18. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері . –Алматы.,2002
19. Байтұрсынов А. Тіл тарихы А.,1992
20. Байтұрсынов А.. Тіл тағлымы. –Алматы,1991
21. Балақаев М.,.Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы: Мектеп, 1968
22. Қазақ тілінің грамматикасы А.,2001
23. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Синтаксис. - Алматы, 1967.
24. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1959.
25. Салқынбай А., Абақан Е Лингвистикалық терминдер сөздік.–А.:Сөздік-Словарь,1998.-304б.
26. Семиотика и восточные языки. - Москва, 1967
27. Соссюр Ф. де Курс общего языкознание. М.,1933
28. Томанов М. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1987
29. Төлеуов Ә. Сөз таптары - Алматы, 1982
30. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма /Н.Уәлиұлы. - Алматы, 1998
31. Хасанов Б. Языки народов Казахстсна и их взаимодействие. А.,1970
32. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А.,1990
33. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А.,1985
34. Шендельс Е.М. Связь языкознание с другими науками. М.,1962
35. Энгельс Ф. Анти- Дюринг, Қазақша басылуы.-Алматы,1957
36. Ярцев В.Н. Теория субстрата в истории языкознания. –«Доклады и сообщения Института языкознания» вып. 9.1956
37. Ибатов A. Сөздің морфологиялық құрылымы. Алматы, 1983.
38. Ибатов A.Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
39. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 1986.
40. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы,1996.
41. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы,1999
42. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы,1992
43. Қасабекова Қ. Негізгі түбір салт етістіктер/ Оқу құралы/. Алматы, 1998.
44. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары.А.,1975
45. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.
46. Төлеуов Ә. Сөз таптары.Алматы,1982
47. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991
48. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, 1961.
49. Хасенова А. Етістіктің лексика - семантикалық сипаты. Алматы,1971
50. Оразбаева Ф. Және т.б. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы.Алматы, 2005.
51. Қазіргі қазақ тілі / Морфология. Алматы: Ана тілі,1991.
52. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы: - Оқулық.– Алматы, 2007.
53. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы Есімдер. Оқу құралы . - Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.
54. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы,1957.
55. Хасенов Ә. Тіл білімі.Алматы, 1996
56. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А., АлМУ баспасы, 1996.
57. Қайдаров А. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алматы: Наука, 1986.
58. Хусайынов К. Звукоизобразительность в казахском языке. Алматы, 1988.
59. Шаһаман Ы. Демеулік шылаулардың функционалды сипаты. Павлодар, 2002.
60. Шаһарман Г. Қазақ тіліндегі сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктері. Алматы, 1998.
Глоссарий
Адвербиалдану (латын. үстеу) – морфологиялық жолмен басқа сөз таптарынан үстеуге айналған сөздер.
Адъективтену (латын. сын есім) – басқа сөз таптарының сын есімге айналуы.
Аналитизм (грек. жіктелу, ыдырау) – сөздің негізгі (лексикалық) және қосымша (грамматикалық, сөзжасамдық) мағыналарын ажыратып білдіретін, синтетизмге қарама-қарсы типологиялық құбылыс.
Аналитикалық форма (грек. жіктелген, дараланған; латын. құрамды, күрделі) – құрамы негізгі атауыш және көмекші жеке сөздерден тұратын грамматикалық форма.
Аналитикалық формант – қосымша мен көмекші етістіктен құралған, етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясына қатысты мағынаны білдіретін морфологиялық көрсеткіш.
Аффикс (латын.жалғанған) – қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема.
Вербалдану (латын. етістік) – басқа сөз таптарына жататын сөздердің етістікке ауысуы.
Грамматика (грек. әріп, жазу д.м.) – тіл құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Грамматикалану – дербес мағыналы сөздердің көмекші сөз қызметінде жұмсалуы нәтижесінде лексикалық дербестігінен айырылуы.
Грамматикалық категория – мағынасы біртектес граммаикалық тұлғалардың бір – бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық мағына – тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына.
Грамматикалық форма – грамматикалық мағынаныңқалыпты көрінісін білдіретін тілдік белгі.
Инфинитив (латын. анықталмаған форма) – флективті және агглютинативті тілдердегі етістіктің қимыл атауының формасы, тұйық рай етістік.
Көптік жалғау – көптік ұғымды білдіретін қосымша.
Көптік категориясы – белгісіздік мөлшерін білдіретін категориялық тұлға.
Көпше форма – заттың көп екендігін немесе көптік түрде қолданылатынын білдіретін категориялық форма.
Модальдылық (латын. модальды) – айтылған пікірдің шындық болмысқа, сонымен бірге оған сөйлеушінің әртүрлі субъективтік бағасын білдіретін функционалды – семантикалық категория.
Модаль сөздер – айтылған пікірдің шындық болмысқа қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер.
Морф (грек. форма д.м. ) – мәтіннің морфемдік деңгейдегі әрі қарай жіктеуге болмайтын маңызды шағын бірлігі, морфеманың мәтіндік көрінісі.
Морфема – әрі қарай жіктелмейтін, ең кішкентай белгі ретінде танылатын негізгі тіл бірліктерінің бірі.
Морфология (грек. форма және сөз туралы ілім д.м.) – сөздер мен сөз тұлғаларының құрылымын, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Морфологиялық парадигма – сөздің грамматикалық мағынасы мен әртүрлі қосымшалар жалғану арқылы тұлғасының өзгеруі арасындағы сәйкестіктен жасалған модельдер, схемалар.
Нөлдік форма – сөйлемде кейбір сөздердің арнайы грамматикалық формасыз –ақ грамматикалық мағына білдіруі.
Парадигма – 1. Кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік бірліктер тобы; 2.Осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу үлгісі мен схемасы; 3.Неғұрлым тар мағынада – морфологиялық парадигма терминінің синонимі.
Прономиналдану – басқа сөз табына жататын сөздердің есімдікке айналуы.
Септеу – 1) есім сөз таптарының түрленуі; 2) жекеше, көпше септік формаларының жиынтығы.
Септік жалғауы – сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша.
Синтетикалық форма (грек. қосу, құрастыру) – сөздің негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғни аффикстік тәсілмен жасалатын сөз формасы.
Сөз табы – өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілерінің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары.
Сөзтұлға – белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрған сөз.
Субстантивтену – басқа сөз таптарына жататын сөздің зат есімге айналуы.
Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіретін, зат есімнің тәуелдеу категориясының қосымшасы.
Тәуелдеу категориясы –заттың үш жақтың біріне меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.
Транспозиция (латын. орын алмастырушы) – парадигмалық қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа форма орнына пайдалану; кең мағынада кез келген тілдік форманың ауысуын; тар мағынада бір сөз табындағы сөздің басқа сөз табына ауысуын не сол сөз табының қызметін атқаратынын білдіреді.
Формант (латын. жасаушы, тудырушы) – 1) аффикс мағынасында; 2) сөзжасамдық және сөз түрлендіргіш қосымшалардың бірігуінен туған сөздің күрделі формасы.