Орындалуына әдістемелік нұсқау.
1. Тақырып таңдаңыз
2. Таңдаған тақырып аясында иллюстративті, жазба материалдар жинақтап, сұрыптаңыз.
3. Өз тұжырымыңызбен тақырыпты ашып, оны слайдқа түсіріңіз.
4. Интернет материалдарын қолданыңыз, алайда сілтеме жасауды ұмытпаңыз.
Бақылау жұмысының тапсырмалары. (1-бақылау, 1 семестр)
№1 бақылау жұмысы.
№ 1 нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Грамматикалық категория дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2. Грамматикалық мағына дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Қарамен берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
Батыс өртеніп бара жатқандай қызыл алау. Ауыл түтіні жіп-жіңішке, тіп-тік баяу қалықтап, көкке сіңіп барады.
№ 2 нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Сөз таптары туралы түсінік.
2. Сөз құрамы дегеніміз не?
Берілген сөйлемге толық морфологиялық талдау жасаңыз.
Бәйтерек басындағы менің ұяларымды көрсе ғой, таң қалар-ау.
№ 3 нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Сөздің морфологиялық құрылымы.
2. Зат есім. Зат есімнің грамматикалық категориялары.
Төмендегі сөздерді талдай отырып, қазақ тіліндегі тәуелдік категориясы орыс тілінде қалай берілетінін анықтаңыздар. Көпше, жекеше 3 жақта тәуелдеңіздер.
Мой карандаш, моя книга, твое слово, колхозный скот, горное яблоко, мой экзамен, отцов дом, медвежья верлога, Сашин отец, приближение зимы, для друга. У подъезда большого здпния стояла много машин.
№ 4 нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Морфеманың анықтамасы.
2. Префикс, инфикс, конфикс, интерфикс дегеніміз не?
Есімшелердің жұрнағын бір, көсемшелердің жұрнағын екі рет сызып, олардың шақтық мағынасын, сөйлемдегі қызметін ажыратыңыздар. Етістіктің райларын ажыратыңыздар.
Барлық ушу сапарында Фесенко ләм-ми деп аузын ашқан жоқ. Оның шаршағанын көздері айтып тұр еді. Ал, мен машинаны ысқырыпотырп жүргіздім; оның бұны көруі тиіс еді. Қытығына тиіп кеткім келді ме, үшінші бұрылыста қырық градуспен өттім. Ол селк ете түсті де, «бұндайды көргенбіз,бала. Таңқалдыра алмайсың » дегісі келгендей төменгі ерні жыбыр ете қалды. Сосын бас бармағымен төменді көрсетті де, біз қонуға бет алдық.
№ 5 нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Сын есімнің анықтамасы
2. Сан есімнің мағыгалық топтары
Сан есімдердің мағыналық топтарын ажыратып, олардың тұлғалық ерекшеліктерін көрсетіп талдаңыздар. Сөйлемдегі атқаратын қызметін көрсетіңіздер.
Майдан мен тылдың байланысы – мызғымас берік! Біздің республиканың еңбекшілері осы мызғымас бірліктің күшін талай рет паш еткені мәлім. Қазақстандағы қант қызылшасының өнеркәсіптік егісі оншама ертеде емес, осыдан 20-30 жыл бұрын басталды. Мен қазапын мың өліп, мың тірілген. Ж. Молдағалиев. Абай кіргенде, әр үстелдің айналасында екіден, үштен отырып, кітапқа үңілген адамдарды байқады.М. Әуезов. Сол жолда біз жеті сағаттай жүріппіз. Алты совхозға келетін тракторлардың саны ғана үш жүздей. С. Мұқанов.
№ 6 нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Есімдік. Есімдіктің мағыналық түрлері.
2. Етістік. Етістіктің категориялары.