Қазақ тіліндегі сөздердің топтарын белгілеңіз.

A) Есім, етістік, көмекші сөздер; B) Есім, етістік, одағай сөздер; C) Атаушы, көмекші, одағай сөздер; D) Атаушы, есім, етістік; E) Атау, есім, одағай.

2. Атаушы сөздер тобына неше сөз табы енеді?

A) 7; B) 9; C) 5; D) 6; E) 10.

3. Бөлшектенбейтін, лексика-грамматикалық мағынаға ие морфологиялық бірлік?

A) Туынды сөз; B) Түбір сөз; C) дара сөз; D) Жалаң сөз; E) Күрделі сөз.

4. Тюркологиядағы септіктердің топтастырылуы.

A) Грамматикалық; B) Көлемдік; C) Грамматикалық және көлемдік;

D) Субстанттық және грамматикалық; E) Субстанттық және көлемдік.

5. Қай септік меншіктілік грамматикалық мағынаны білдіреді?

A) Атау; B) Ілік; C) Табыс; D) Жатыс; E) Көмектес

6. Жұрнақ қызметіне қарай қалай бөлiнедi?

A) Сөз тудырушы, сөз түрлендiрушi; B) Төл, кірме; C) Өнiмдi, өнiмсiз;

D) Жалаң, құранды;E) Омоним қосымша.

7. -қақ жұрнағы мен -қыш жұрнағы қандай жұрнақ?

A) Омоним; B) Синоним; C) Антоним; D) Полисемиялы; E) Моносемиялы.

8. Қазіргі қазақ морфологиясында, мектеп оқулығында көрсетілген шырай түрі нешеу?

A) 4; B) 5; C) 2; D) 3; E) 1.

9. «Лексикалық мағынасынан кейде бүтіндей, кейде жартылай айырылып, негізгі етістікке әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, негізгі етістікпен қосылып оның грамматикалық сипатын (мәнін, қызметін, түрленуін) білдіретін етістік» қалай аталады?

A) Сабақты; B) Негізгі; C) Көмекші; D) Күрделі; E) Құранды.

10. Жалпы грамматикалық мағына дегеніміз не?

A) Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына;

B) Аналитикалық тәсілдің жолдары арқылы берілетін грамматикалық мағына;

C) Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы берілетін грамматикалық мағына;

D) Грамматикалық форма арқылы берілетін грамматикалық мағына;

E) Дұрыс жауабы жоқ.

11. А.Байтұрсынов сөздерді тұлғасына қарай неше түрге бөледі?

A) 2; B) 3; C) 4; D) 5; E) 6.

12. Сөз таптары принциптерін алғаш айтқан ғалым?

A) Х.Басымов;B) Ш.Сарыбаев;C) Н.Сауранбаев;D) Қ.Жұбанов; E) А.Байтұрсынов.

13. Қай етiстiк мақсатты келер шақ түрiнде тұр?

A) Айтпақпын; B) Сөйлейдi; C) Барарсың; D) Жүргендi; E) Қалыпты.

14. Тәуелдiк жалғаудың 3-жағында тұрған сөздi табыңыз.

A) Талабың; B) Талабында; C) Талабымыз; D) Талаптың; E) Талапқа.

15. Грамматикалық септіктерді белгілеңіз.

A) Атау, жатыс, барыс; B) Табыс, барыс, жатыс; C) Атау, ілік, табыс;D) Жатыс, шығыс, көмектес; E) Атау, ілік, шығыс.

16. Жалпы зат есiмдi белгiлеңiз.

A)Көктұйғын, сазгер;B) Әсем, қала;C) Адам, Сәкен;D) Ағаш, оқушы;

E) Астана, Тайбурыл

17. Етiстiктен жасалған зат есiмдi көрсетiңiз.

A) Ойнақы; B) Бұрғы; C) Тасты; D) Қайрат; E) Сазгер.

18. Есімнен зат есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

A) -шы, -шi; B) -ған, -ген; C) -паз, -лы; D) -ымпаз, -імпаз; E) -ды, -хана.

19. Зат есiмнiң реңк мәндi жұрнақтарын табыңыз.

A) -шы, -шi; B) -хана, -стан; C) -лық, -лiк; D) -еке, -қа, -ке; E) -м, -ым, -iм.

20. Қайсысы тiркестi зат есiм?

A) Бала-шаға;B) Қарақат;C) Шәкiрт;D) Балалар бақшасы;E) Тиын-тебен.

21. Қайсысы кiрiккен зат есiм?

A) Қайнаға;B) Астық;C) Диқаншы;D) Терi-терсек;E) Күн тәртiбi.

22. Көмекшi есiмдi табыңыз.

A) Арқылы, соң;B) Маңы, алды;C) Едi, жүр;D) Үй, адалдық;E) Сияқты, тәрiздi.

23. Бұрынғы өткен шақтағы етiстiктi табыңыз.

A) Жiберген;B) Айтпақ;C) Жүгiрiп келдi;D) Барады;E) Жазды.

24. Нөлдік тұлғаға ие жалғауларды көрсетіңіз.

A) Атау септік, бұйрық райдың жіктелуінің 2-жағы, жекеше, анайы түрі;

B) Атау, табыс, жатыс;

C) Жіктік жалғаудың 3-жағы, барыс, көмектес;

D) Тәуелдік, көптік, барыс;

E) Жіктік, ілік, көптік.

25. Грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлу белгісін анықтаңыз.

A) Лексикалық мағынасына қарай;

B) Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай;

C) Лексикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай;

D) Грамматикалық мағынасы мен тіркесу қабілетіне қарай;

E) Тіркесу қабілеті мен орын тәртібіне қарай.

 

Ситуациялық тапсырмалар

1-тапсырма. Сөз таптастыру принципі дегеніміз не? Өзіңіздің жауабыңызды түрлі тілдерден мысалдар келтіру арқылы түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Түркі тілдеріне ортақ сөз тудырушы жұрнақтардың мағынасына дыбыстық өзгерістеріннемен дәлелдеуге болады? Мысал келтіріңіз.

3-тапсырма. Туыстас түркі тілдеріндегі грамматикалық категориялардың (септеу, тәуелдеу, т.б.) негізі бір екенін дәлелдеңіздер.

 

Тақырыптар (мәнжазба, эссе т.с.с)

1.С. Аманжолов еңбектері

2.Ә. Қайдар еңбектері

3.Е. Жанпеисов еңбектері

4.Р. Сыздық еңбектері

5.А. Байтұрсын еңбектері

6.К. Аханов еңбектері

7.Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория.

8.Сөздерді топтастыру мәселесі.

9.Сөз таптастыру принциптері

10.Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер.

11.Сұрау есімдіктерінің қолдануда сұрау мағынасын білдіретін жағдайлары.

12.Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері туралы ғалымдар көзқарасы.

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні бойынша презентациялауға ұсынылатын тақырыптар

1.Грамматикалық мағынаның түркі тілдеріндегі әмбебаптық қасиеттері.

2.Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер.

3.Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері.

4.«Бір» сан есімінің қолданыс ерекшелігі.