Шығанақ тарысын сұрыптай берді (Ғ.Мұстафин).
A) Семантикалық; B) Морфологиялық; C) Синтаксистік; D) Морфологиялық-синтаксистік;E) Морфологиялық-семантикалық.
2-нұсқа.
Қазақ тіліндегі сөздердің топтарын белгілеңіз.
A) Есім, етістік, көмекші сөздер; B) Есім, етістік, одағай сөздер; C) Атаушы, көмекші, одағай сөздер; D) Атаушы, есім, етістік; E) Атау, есім, одағай.
2. Атаушы сөздер тобына неше сөз табы енеді?
A) 7; B) 9; C) 5; D) 6; E) 10.
3. Бөлшектенбейтін, лексика-грамматикалық мағынаға ие морфологиялық бірлік?
A) Туынды сөз; B) Түбір сөз; C) дара сөз; D) Жалаң сөз; E) Күрделі сөз.
4. Тюркологиядағы септіктердің топтастырылуы.
A) Грамматикалық; B) Көлемдік; C) Грамматикалық және көлемдік;
D) Субстанттық және грамматикалық; E) Субстанттық және көлемдік.
5. Қай септік меншіктілік грамматикалық мағынаны білдіреді?
A) Атау; B) Ілік; C) Табыс; D) Жатыс; E) Көмектес
6. Жұрнақ қызметіне қарай қалай бөлiнедi?
A) Сөз тудырушы, сөз түрлендiрушi; B) Төл, кірме; C) Өнiмдi, өнiмсiз; D) Жалаң, құранды;E) Омоним қосымша.
7. -қақ жұрнағы мен -қыш жұрнағы қандай жұрнақ?
A) Омоним; B) Синоним; C) Антоним; D) Полисемиялы; E) Моносемиялы.
8. Қазіргі қазақ морфологиясында, мектеп оқулығында көрсетілген шырай түрі нешеу?
A) 4; B) 5; C) 2; D) 3; E) 1.
9. «Лексикалық мағынасынан кейде бүтіндей, кейде жартылай айырылып, негізгі етістікке әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, негізгі етістікпен қосылып оның грамматикалық сипатын (мәнін, қызметін, түрленуін) білдіретін етістік» қалай аталады?
A) Сабақты; B) Негізгі; C) Көмекші; D) Күрделі; E) Құранды.
10. Жалпы грамматикалық мағына дегеніміз не?
A) Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына;
B) Аналитикалық тәсілдің жолдары арқылы берілетін грамматикалық мағына;
C) Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы берілетін грамматикалық мағына;
D) Грамматикалық форма арқылы берілетін грамматикалық мағына;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
11. А.Байтұрсынов сөздерді тұлғасына қарай неше түрге бөледі?
A) 2; B) 3; C) 4; D) 5; E) 6.
12. Сөз таптары принциптерін алғаш айтқан ғалым?
A) Х.Басымов;B) Ш.Сарыбаев; C) Н.Сауранбаев; D) Қ.Жұбанов; E) А.Байтұрсынов
13. Қай етiстiк мақсатты келер шақ түрiнде тұр?
A) Айтпақпын; B) Сөйлейдi; C) Барарсың; D) Жүргендi; E) Қалыпты.
14. Тәуелдiк жалғаудың 3-жағында тұрған сөздi табыңыз.
A) Талабың; B) Талабында; C) Талабымыз; D) Талаптың; E) Талапқа.
15. Грамматикалық септіктерді белгілеңіз.
A) Атау, жатыс, барыс; B) Табыс, барыс, жатыс; C) Атау, ілік, табыс;
D) Жатыс, шығыс, көмектес;E) Атау, ілік, шығыс.
16. Жалпы зат есiмдi белгiлеңiз.
A) Көктұйғын, сазгер;B) Әсем, қала;C) Адам, Сәкен;D) Ағаш, оқушы;
E) Астана, Тайбурыл
17. Етiстiктен жасалған зат есiмдi көрсетiңiз.
A) Ойнақы; B) Бұрғы; C) Тасты; D) Қайрат; E) Сазгер.
18. Есімнен зат есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
A) -шы, -шi; B) -ған, -ген; C) -паз, -лы; D) -ымпаз, -імпаз; E) -ды, -хана.
19. Зат есiмнiң реңк мәндi жұрнақтарын табыңыз.
A) -шы, -шi; B) -хана, -стан; C) -лық, -лiк; D) -еке, -қа, -ке; E) -м, -ым, -iм.
20. Қайсысы тiркестi зат есiм?
A) Бала-шаға;B) Қарақат;C) Шәкiрт;D) Балалар бақшасы;E) Тиын-тебен.
21. Қайсысы кiрiккен зат есiм?
A) Қайнаға;B) Астық;C) Диқаншы;D) Терi-терсек;E) Күн тәртiбi.
22. Көмекшi есiмдi табыңыз.
A) Арқылы, соң;B) Маңы, алды;C) Едi, жүр;D) Үй, адалдық;E) Сияқты, тәрiздi.
23. Бұрынғы өткен шақтағы етiстiктi табыңыз.
A) Жiберген;B) Айтпақ;C) Жүгiрiп келдi;D) Барады;E) Жазды.
24. Нөлдік тұлғаға ие жалғауларды көрсетіңіз.
A) Атау септік, бұйрық райдың жіктелуінің 2-жағы, жекеше, анайы түрі;
B) Атау, табыс, жатыс;C) Жіктік жалғаудың 3-жағы, барыс, көмектес;
D) Тәуелдік, көптік, барыс;E) Жіктік, ілік, көптік.
25. Грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлу белгісін анықтаңыз.
A) Лексикалық мағынасына қарай;
B) Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай;
C) Лексикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай;
D) Грамматикалық мағынасы мен тіркесу қабілетіне қарай;
E) Тіркесу қабілеті мен орын тәртібіне қарай.