Хадиша бұл сөзімді мақұл көріп, жабыса кетті (З.Шашкин).
A) Қимылдың жасалуға жақындап барып, аяғына жетпей үзілуін білдіреді;
B) Қимылдың ерекше ынтамен жасалуын білдіреді;
C) Қимылдың жасалуына немқұрайлы қарап, оның жол-жөнекей жасалуын білдіреді;
D) Қимылдың қысқа, батыл, аз уақыттың ішінде жасалуын білдіреді;
E) Қимылдың ойда жоқта, қиындықсыз, жеңіл, күтпеген жерден жасалуын білдіреді.
12. Сыңарлары мағына жағынан да, тұлға жағынан да еш өзгерiске түспей бiрiгiп, бiр ұғымды бiлдiретiн күрделi сөз.
A) Кіріккен сөз; B) Қос сөз; C) Қысқарған сөз; D) Тіркесті сөз; E) Біріккен сөз.
13. Анықтаманың жауабын табыңыз: «Екi не одан да көп қосымшалардан құралып, мағынасы жағынан бiртұтас, бiрақ тұлғасы жағынан бөлiнетiн морфемалар».
A) Синоним қосымша; B) Жалаң қосымша; C) Туынды қосымша; D) Құранды қосымша;
E) Омоним қосымша.
14. Сөйлемдегі көмектес септігіндегі сөздің грамматикалық мағынасын анықтаңыз.
Әкесімен сөйлесті.
A) Іс-қимылға ортақ субъектіні білдіреді; B) Іс-қимылдың қандай құралмен атқарылғанын білдіреді; C) Іс-қимылдың амалын білдіреді; D) Іс-қимылдың мақсатын білдіреді;
E) Іс-қимылдың мезгілін білдіреді.
15. Дүйсенбі сөзі тұлғасына қарай қандай зат есім?
A) Біріккен сөз; B) Туынды түбір; C) Түбір сөз; D) Кіріккен сөз; E) Кірме сөз.
16. Етiстiктен зат есiм жасайтын жұрнақты табыңыз.
A) -стан; B) -паз; C) -шылық, -шілік; D) -а, -е;E) -ыш, -іш, -ш.
17. А.Байтұрсыновтың деректі зат есімге берген анықтамасы?
A) Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат атаулары; B) Оймен ұғынылатын зат атаулары;
C) Көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін заттар;
D) Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын зат атаулары;
E) Көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін заттар.
18. Семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілерге ие сөздер тобы.
A) Көмекші сөздер; B) Атаушы сөздер; C) Зат есім, шылау сөздер; D) Одағай сөздер;E) Модаль сөздер.
19. Сөз тудыру сипаты жағынан жұрнақтың түрлері.
A) Сөз тудырушы, сөз түрлендiрушi; B) Моносемиялы, полисемиялы; C) Өнiмдi, өнiмсiз;D) Синоним, омоним; E) Антоним, полисемиялы
20. Жұрнақ құрамына қарай қалай бөлінеді?
A) Сөз тудырушы; B) Сөз түрлендiрушi;C) Өнiмдi, өнiмсiз; D) Жалаң, құранды;
E) Өлі, тірі.
21. Көптік жалғауды грамматикалық жұрнақ деп қарастыратын ғалым.
A) С.Исаев; B) Н.Оралбаева; C) А.Хасенова; D) А.Ысқақов; E) Ы.Маманов.
22. Тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері қалай аталады?
A) Етіс; B) Туынды; C) Есімше; D) Қалып; E) Салт.
23. Эмоциялы-экспрессивтi зат есiм қатысқан сөйлемдi табыңыз.
A) Жиналыс ондайларға көңіл аударған жоқ (Ғ.Мүсірепов).
B) Белінде - түндіктің бауы, етегі - ышқырында, қолында - түндегі сойылша (Ж.Аймауытов).
C) Еңбекшіл адам - ең ардақты адам (Ә.Нұршайықов).
D) Күз басынан бері қызыл шұнақ жел қылшылдап тұр (Ә.Нұрпейісов).
E) Жүрісіне қарағанда шолғыншы лек секілді (Д.Досжанов).
24. Етiстiктен зат есiм жасайтын жұрнақты табыңыз.
A) -шы, -шi; B) -лық, -лiк; C) -хана; D) -ған, -ген; E) -ма, -ме.
25. Сөйлемдегі зат есімнің көптік мағынасының берілу тәсілі қандай?