Тәуелдік категориясы. Зат есімнің тәуелденуі
Қазақ тілі атам, қызым, атаң, қызың, атасы, қызы, көшем, кітабым, көшең, кітабың, көшесі, кітабы
Қырғыз тілі атам, қызым, атаң, қызың, атасы, китеби, китебин
Өзбек тілі отам, кизим, отанг, кизинг, отаси, кизи, кучам, китабим, кучанг, китабинг, китобинг, китаби
Ұйғыр тілі атам, кизим, атаң, китабин, атаси, кизи, кочам, китабим, кизиң, кочан, кочиси, китаби
Түркмен тілі атам, гызым, атаң, гызың, кочәси, китабы, көчәм, китабым, көчәси, китаби.
1-тест тапсырмалары.
1-нұсқа.
Сөз және оның формалары туралы ілім.
A) Морфология;B) Синтаксис;C) Лексикология;D) Фонетика;E) Фразеология.
2. Қазақ тіліндегі грамматикалық мағынаның түрлерін көрсетіңіз.
A) Жалпы, қатыстық; B) Қатыстық, категориялық; C) Жалпы, категориялық; D) Жалпы, жеке;E) Жалпы, категориялық, қатыстық.
3. Категориялық грамматикалық мағынаның анықтамасы.
A) Аналитикалық тәсілдің жолдары арқылы берілетін грамматикалық мағына;
B) Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы берілетін грамматикалық мағына;
C) Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы берілетін мағына;
D) Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы берілетін грамматикалық мағына;
E) Грамматикалық тұлғалар арқылы берілетін грамматикалық мағына.
4. Қай мағынаның анықтамасы: «Сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын мағына»?
A) Лексикалық мағына; B) Сөзжасамдық мағына; C) Грамматикалық мағына;
D) Дериваттық мағына; E) Дұрыс жауабы жоқ.
5.«Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық мағына білдіру» қалай аталады?
A) Грамматикалық мағына; B) Нөлдік тұлға; C) Қосымша морфема; D) Сөзжасамдық мағына;E) Түбір морфема.
6. «Сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі синтаксистік қызмет атқаруымен және сол сөздердің тіркесу сипатымен» сөздерді топтастырудың принципі.
A) Семантикалық; B) Синтаксистік; C) Морфологиялық; D) Сөзжасамдық;
E) Фонетикалық.
7. А.Байтұрсыновтың сөзді тұлғасына қарай топтастыруын табыңыз.
A) Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар;
B) Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз, біріккен сөз;
C) Түбір сөз, туынды сөз;
D) Түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқылы сөз;
E) Түбір сөз, кіріккен сөз, қос сөз.
8. Аналитикалық тәсілдің ішкі жолдары арқылы берілетін грамматикалық мағына қалай аталады?
A) Лексикалық; B) Қатыстық; C) Категориялық; D) Жалпы; E) Лексика-грамматикалық.
9. Морфологиялық принцип дегеніміз не?
A) Сөздерге тән түрлену жүйесi, өзгеру парадигмасы және түрленбеу, өзгерiске түспеу сипаттары;B) Сөздерге тән грамматикалық семантика; C) Сөздердiң сөйлемдегі тiркесу сипаты;D) Сөздердiң сөйлемде белгiлi бiр қызмет атқаруы; E) Сөздерге тән лексикалық семантика.
10. -п шық аналитикалық форманты негізгі етістікке қандай грамматикалық мағына үстейді?
A) Амалды басқа әрекеттен я бұрын, жол-жөнекей, я онымен жарыстыра тындыру;
B) Амалдың бірден я кенеттен басқа күйге немесе қалыпқа көшкенін білдіретіндей мән үстейді;
C) Амалды шұғыл орындау реңкін үстейді;
D) Амалды шегіне жеткізу, аяқтап болу мағынасын үстейді;
E) Амалды ақырына дейін аяқтау, тындыру мәніін үстейді.
11. Сөйлемдегі аналитикалық тұлғалы етістіктің грамматикалық мағынасын анықтаңыз.