Практикалық сабақ тақырыптары

Апта Практикалық сабақ тақырыптары Сағаты
Модуль 1
1 Сөздің грамматикалық мағынасы. Грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер 2
2 Сөз таптары, сөз құрамы 2
3 Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру 2
4 Сөздің морфологиялық құрылымы 2
5 Морфологиялық талдау 2

Модуль 2

6 Зат есім. Зат есімнің лексикалық мағынасының сипаты. 2
7 Зат есімнің грамматикалық категориялары. Зат есімнің септік категориясы, оның мағыналары. 2
8 Сын есім.Сын есімнің мағыналық топтары 2
9 Сан есім. Сан есімнің мағыналық топтары. 2
10 Есімдік. Оның грамматикалық, морфологиялық ерекшеліктері. Есімдіктің синтаксистік қызметі. 2

Модуль 3

11 Етістіктің жалпы сипаты.Етістіктің лексика -семантикалық сипаты. 2
12 Етістіктің етістіктің категориялары. Қимылдың өту сипатыкатегориялары. 2
13 Етістіктің модальдылық мағынасы, оның рай категориясымен байланысы. Етістіктің түрленуі. 2
14 Үстеу. Мағыналық топтары. 2
15 Шылау. Оның түрлері. Одағай туралы түсінік. Оның мағыналары. 2

СӨЖ тапсырмалары

Тапсырма. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер.Мәтінді төмендегідей көрсеткіштер бойынша тексеру: А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» кітабынан конспект жасаңыздар. Жазбаша тапсырманы тексеру. Әңгімелесу.

Тапсырма. Грамматикалық мағынаның түркі тілдеріндегі әмбебаптық қасиеттері. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына байланыстылығы.Грамматика саласына қатысты терминологиялық сөздік құрастырыңыздар.

Тапсырма. Зат есімнің жасалу жолдары(синтетикалық, аналитикалық, лексикалық) тәсілдері. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу жолдарыА.Ысқақовтың«Қазіргі қазақ тілі» оқулығынан конспект жасау.

Тапсырма. Омоним сөздердің сөз таптарына қатыстылығы. Сын есімдердің басқа сөз таптарына ауысуы. К.Ахановтың «Грамматика теориясының негіздері» кітабынанмысал келтіріңіз.

Тапсырма. Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер. Сан есім мен сын есімнің ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері. Бірнеше тілші ғалымдардың пікірлерін салыстырыңыз.

Тапсырма. Сандық категориясы. Сілтеу есімдіктерінің кеңістік пен мезгілді нұсқауына байланысты түрлері. А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» еңбегінен конспект жасаңыз.

Тапсырма. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар. Қазақ және орыс тілдеріндегі зат есім мен етістіктің грамматикалық категорияларын салыстырып, сипаттама беріңіз.Қазақ тілінде бар грамматикалық категорияларды өзге тілдер категорияларымен салыстыра отырып, бірінде бар категорияның екіншісінде кездеспейтіндігіне мысалдар келтіріңіз.

Тапсырма. Әр түрлі тілдердегі сөз таптары жүйесі. Лингвистикалық еңбектердегі сөз таптарына берілген әр түрлі анықтамаларды салыстыра отырып, олардың сөз таптарын топтастыруда қандай принциптерге сүйенетінін анықтаңыз.

Тапсырма. Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі.Лингвистикалық еңбектердегі есімше, көсемшелерге берілген анықтамаларды салыстырыңыз. Мысалдар келтіріңіз.

Тапсырма. Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері.Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары.Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» кітабынан конспект жасаңыз.

Тапсырма. Болымсыздық мағынаның етістікте берілу тәсілдері, синтетикалық, аналитикалық көрсеткіштері. Тұйық етістіктің сөйлемдегі сөйлемдегі қызметі.Көркем әдебиеттерден мысалдар жинау.

Тапсырма. Қимылдың өту сипаты категориясы. Лингвист ғалымдардың еңбектерінен конспект жасаңыз.

Тапсырма. Қимылдың даму фазасы. Н.Оралбайдың «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» еңбегінен аталмыш тақырыпқа қатысты бөлігін конспектілеңіз.

Тапсырма. Етістіктің райлары және олардың мағыналық ерекшеліктері.Еліктеуіш сөздердің қолданысы. Ә.Төлеуовтың «Сөз таптары» кітабын конспектілеңіз..

Бақылау жұмысы.

Нұсқа 1.

1-тапсырма. Төмендегі сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектерін анықтаңыз, түбір морфеманы анықтаңыздар.

Кезік, тапқыш, бөлме, бөлектену, көргіш, көрініс, тапсырма, бөлшек, білім, тапқыштық, бөлгіш, жіпсіз, жауын, өрмекші,бақытты,жауыз, басқарманы, бассыз, көзлеу, бөлектену, алжапқыш, тасбақа, қайнаға, сауықты, таулы, айыпты, балқыма, мұрындық, қолбасшылардың, жиналды, аулына, қиналу, тасбақа, ойнақы, мойны, ашудас, әлдеқалай, ынжық, жібі, ашық, Ералы, ойнатты, жабық, аққұба, жылым, бермек, аңқылда, мойнақ, демалыс, баспасөз, баулық, балқыт, арықта, әрмен, сауын, бауық, қарғы, ытқы, жылыну, бірақ, желек, аулында, айналадағы, қамалғандары, сабырсызданып, сергіткендей, шаңдатып, шегелеткенше, сойылдасып, сусындағанша.

2-тапсырма.Төмендегі берілген сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратыңыздар. Морфологиялық сіңісу және жылысу процестерін түсіндіріңіздер.

Тасыраю, тікірею, жирен, оян, оят, тұшырқан, асқазан, ақсақал, біркелкі, желпі, тарпу, дөңбекші, тімідену, тіміскілеу, сескен, тоқсан, әкел ,апар, сарғай, тіршілік, бүгін, биыл, ағайын, белбеу, әкет, сәйт, түрегел, былтыр, түнеугүні, ендігәрі, қарлығаш, білезік, бүкши, қызғыш, сәресі, отағасы, қолбасы, есуас, аққұтан, бірқыдыру, біраз, бірнеше, жұбан, үйрен, үйрет, мүсірке, тосырқа, ашырқан, шамырқан, шіміркен, бүкшеңде, жатырқа, бүкірей, ұзар, ұзақ, ұзын, уақ, түте, түтек, жігерлен, тыңдаңқыра, ерітінді, кемшілік, көтеріңкі, тетелес, жарқыра, тыңғылықты, адамшылық, тіршілік, жауынгер, үшеулеп, тыныстағандай, жорамалдады, сыйлайды, атақты, шуылдайды, қарсыласқаным, жүрегінің дөңестерге, ауыздығынан жеңісін, дуылдасты, естулерінше.

3-тапсырма. Грамматикалық тәсілдердің түрлерін анықтаңыз, әр түрлі тәсілмен жасалған сөздерді түр-түрлеріне бөліп жазыңыз. Граматикалық формаларды сөзден бөліп жазып, анықтаңыз.

Сорғыш, жасырын, шалғы, таныдық, достықтың, дәм-тұз, әкел, құрт-құмырсқа, білезік, жол-жоба, биыл, отағасы, майшабақ, күнбағар, қолжазба, некен-саяқ, шек-сілесі, шай-пай, үп-үлкен, ауыл-аймақ, ине-жіп, көркемөнер, көзілдірік, үйге дейін, сабақтан соң, егіс жайында, жол үстінде, сегізкөз, қарақт, сексен, түрегел, айта бер, отыра қалды, көгере бастады, әсемпаз, жемқор, сәнқой, асхана, итбалық, итмұрын, алабота, қарлығаш, алжапқыш, белбеу, ашудас, түнеугүні, жым-жырт, сарт-сұрт, із-түзсіз, мән-жай, кенеттен, қаптесер, қапысын табу, торғай, міз бақпау,т.б.

 

Нұсқа 2.

1-тапсырма. Күрделі сөздерге көңіл бөліңіз. Біріккен сөздердің компоненттеріне сипаттама беріңіздер. Компоненттері қай сөз табынан жасалғанын көрсетіп жазыңыздар.

Тарбиған Тарбағатай жердің құты,

Барлық ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты».

Оранған ақ кебенек аруақты Алтай,

Төгіліп бізге таман жатыр мұрты.

Ақшұнақ, Жабағалы, Мыңшұңқыр, Таз,

Бұлардың бәрін тізген Жоңғар тұрқы,

Аршалы, Амантекше, Қарасырық,

Сауыры Салқынбел мен Сайым бөлек,

Суығы соғып тұрар аласұрып...

Шоқысын Бүркіттінің Үшбүйенге

Қойыпты сәукеледей жарастырып.

Күрделі қоныс қайда Күреңбелдей,

Құр жатпас Қора мұзбен жүгенделмей,

Тегерез, төңкерілмей тегеш-Шахар

Шамқой-шал, қабақ жаба түнергендей.

Толақтап толаулаған Баянжүрек,

Тұнжырап, тұқырап тұр «тірі өлгендей».

Мұзбалық, Ақтасты, Шатыртас, Демікпе,

Айдарлы, Қоңыртау, Талғар, Үшқараш,

Асы, Бақай, Алматы,Қарқара, Текес,

Мыңжылқы, Былшықбай, Бесжырғалаң,

Үшкүлше, Үшқара, Лабас, Көктөбе,

Шөладыр, Қумақты, Шырғанақ, Қызылауыз...

Па, шіркін, болады екен тауда сұлу (І.Жансүгіров).

2-тапсырма.Текстегі сөздерді талдай отырып, грамматикалық мағыналарды білдірудегі қызметін көрсетіңіздер.

Әрқайсысының мінезі әр түрлі, қалай сөйлесу керек? «Зертте!»-дейді Жанкей ағай. Бірақ тірі адамды қалай зерттерсің! Үйлесе алмай-ақ қойдым. Амалсыз Жанкей ағайға тағы келдім. Қара,үйрен,-деді, - әр адамның үйіне бар, хал-ахуалы қалай? Семьясында қандай адам? Несі бар, несі жоқ? Мұқтаж емес пе?Киім-кешек, тамақтары жоқ емес пе? Жалпы, бала-шағасы алдында өзін қалай ұстайды? Сонсоң жұмыстағы тәртібіне қара. Қылығы комуниске сай ма, жоқ па? Қандай қателіктер бар? Оны қалай түзетуге болады? Соны ойлан. Сосын үйдегі қылығы мен жұмыстағы қылығын салыстыр.

3-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын ажыратыңыз да, олардың айырмасын түсіндіріңіз.

Адам баласына адам баласының бәрі дос. Не үшін десең, дүнеиед жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің- бәрі бірдей, ақиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің жақсылығыңа рахатың – бәрі бірдей екен. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық етіп, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәйірі-ай» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

Нұсқа 3.

1-тапсырма.Текстегі деривациялық аффикстер мен реляциялық мағыналы аффикстерді ажыратып, оларға сипаттама беріңіздер.

Жанкей Балмағанбетов ойланып сөйлейтін орнықты адам екен. Тіпті, орысша сөйлегенде, тілінің шүлдіктігі де жоқ деуге болар еді. Ал, ол болмау үшін бала кезінде орыс көрмеген осынау алдымызда отырған ақыл иесі адамның орыс тілінің әр сөзіне қаншалықты еңбек етіп, қаншалықты оқып-үйренгенін түсіну-әнебір қиын жұмыс еместі. Сөз саптауындағы қарапайымдылық пен дәлдәк, өзге түгілі кейбір орыстың өзі сүрінетін грамматикалық оралымдар-бұл кісінің көмейінен өзінен-өзі келіп жатты. Ол үлкен мәдениеттіліктің, үлкен еңбектің нәтижесі еді. Салмақты да сабырлы келбетіне үйлесімді ақылды қара көдері ауыр минуттар, қиын сәттерде мұнан да көзіктене түседі-ау деген ой келді маған. Әдемі жұқа еріндері тәрбиелі де жігерлі жандарға тән-тұғын. Қоңырқай жүзіндегі құйттай ғана сызат берген салғырттық-бала кездегі жоқшылық пен жалаңаштықтың, жанға жара салатын қиын ауыртпалықтардың, жазықсық көрген талай зәбірдің, талай таяқтың өмір бойына тастап кеткен іздері екнінде дау жоқ-ты. Ал сөзіндегі мына қарапайымдылық, мына жылылық (кейіннен білдім, ол басқалармен де осылай сөйлеседі екен) сөзсіз кейіннен келген, көп біліп, көп көргеннен үйренген, нені айтса да, біліп айтатыны, білмегеніне бармайтыны бірден көрініп тұрады. Жалпы бұл кісі маған көп ізденетін, көп оқитын, өзін-өзі үнемі шыңдап жүретін, бірақ дәрежеге дәсірсімейтін, барын базар тұтпайтын адам ретінде әсер қалдырды (Туысқан).

2-тапсырма.Төмендегі кейбір түркі тілдеріне ортақ сөз тудырушы жұрнақтардың мағынасына дыбыстық өзгерістеріне назар аударыңыздар.

Тыным, байлам, жұтым, асам; Тушум, билим, ашам, чыдам, тоқтом,; чидам, урам, босим, булим, унум, ютум, туаум; келишим, кирим, билим, ақын, бөлум; соққы, күлкі, сүзгі, бурғы, шапқы; шыпырғы, сүзгу, иритки, ачытқы, тамызғы; сезги, туртки, чолғу, урғу, ачитки, чопки; күлке, уйқа, сөзгу, урғу; урыс, айтыс, шайұас, туыс, бурылыс, тыныс; кириш, йиғилш, курилиш, бурилиш, уриш; қашау, байқау, жамау, жылу, оқу, асу; укув, тукув, сайлав, тістеуік, бузық, қорқақ, атак, ортақ, тікенек,түйнек, тесік; тешик, эмизик, тароқ, тирноқ, куйук, суйук, йилтирок, калтироқ. тууганчылық, душманчылық. Ауылдық, түстік, орындық, балалық, игілік, жаулық, жолдастық, бастық, балалық, йигилик, баалулук, жаштық, көркөмдук, жоолук, дустлик, манманлик, куплик, оталиқ, элчилик, аклык, горалык, еңиллик, дослық, курдаслық, туслик, орынлық, жаслық, атейислик, баяндама, боянлама, жолдама; сызма, тизме, баштама; кездеме, қатырма, туғма, бошқарма, сузма, ковурма; сенім, білім, деханчилик, чарвачилик, пахтачилиқ, кургоқчилик, окувчи, демурчи, балықчи, темирчи, балиқчи, этикчи, адамгерчилик, дыйканчылық.

3-тапсырма.Жіктік жалғауының грамматикалық формасын және қызметін анықтаңыз. Тәуелдік жалғауымен салыстырыңыз. Жалғаулардың сөйлемдегі қызметін анықтаңыздар. Тексті сөйлем мүшелеріне, сөйлем түріне талдаңыз.

Келесі күні де күн ұзаққа шаруашылыққа жүрдік. Көптеген еңбек адамдарымен жүздестік., сөйлестік, таныстық. Бір ғажап нәрсе бізде де, оларда да, бір-бірімізді өте жақсы түсініп, бірден сөйлесіп кетеміз.Бұған –біздің әр ұлттан екеніміз де, әрқайсысымыздың үйіміз әр жақта екені де, мамандығымыздың әр түрлілігі де, білім дәрежеміздің әр деңгейлілігі де бөгет бола алмады. Өйткені, бір бірімізді бауырлас туыс, сыласты дос санайтынымызды, бәрімізді де большевизмнің ғаламат рухы қосатынын, бәріміздің де бір елде тұратынымызды, ұлан байтақ еліміздің қай шетінде болсақ та, бәріміз үшін еңбек етіп жүргенімізді, түбінде осы еңбек бүкіл дүние жүзінде төңкеріс жасайтынын жақсы білетін едік. (Туысқан)

4-тапсырма.Төмендегі мысалдарды талдау арқылы туыстас түркі тілдеріндегі грамматикалық категориялардың (септеу, тәуелдеу, т.б.) негізі бір екенін дәлелдеңіздер.

 

Септік категориясы

Қазақша Қырғызша Өзбекше Түрікменше

А. Кім? Эмине нима Хайсы

І. Кімнің? Эмененин ниманинг Хайсының

Б. Кімге? Эминеге нимагаХайса

Т. Кімді? Эменини нимани Хайсыны

Ж. Кімде? Эмнеде нимада Хайсыда

Ш. Кімнен? Эмнеден нимадан Хайсыдан

К. Кімнен? - - -

 

Зат есімнің септелуі

Қазақ тілі Қарақалпақ тілі Қырғыз тілі Өзбек тілі Ұйғыр тілі Түркмен тілі

Ат ат ат от ат ат

Ат-тың ат-тың ат-тын от-нинг ат-нин ат-ың

Ат-қа ат-қа ат-қа от-га ат-қа ат-а

Ат-ты ат-ты ат-ты от-ни ат-ни ат-ы

Ат-та ат-та ат-та от-ла ат-та ат-да

Ат-тан ат-тан ат-тан от-дан ат-тин ат-дан

Ат-пен ат-пенен - - - -

 

Су Суу Суу Сув Су Сув

Су-дың Суу-дың суу-нун сув-нинг су-нин сув-уң

Су-ға суу-ға суу-га сув-ка су-ға сув-а

Су-ды суу-ды суу-ну сув-ни су-ни сув-ы

Су-да суу-да суу-да сув-да су-да сув-да

Су-дан суу-дан суудан сув-дан су-дин сув-дан

Су-мен суу-менен - - - -