Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Силлабус

Пән: ККТМ3205 Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы (4 кредит)

Мамандық: 5В0 18 700-Қазақ филологиясы

Курс ІІ

Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Н.М.Алдашев

2015-2016 оқу жылы

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Силлабус

Пән КТМ3205 Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы ( 4 кредит )

Сабақ өткізілетін орын Ауд. уақыты Апта күндері Оқытушы байланыс телефоны, email
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, филология факультеті   Кестеге сәйкес   Кестеге сәйкес Алдашев Н.М. 87013980904, aldashev13@mail.ru

ОСӨЖ өткізу уақыты: сейсенбі 11.40-12.30 , жұма 11.40-12.30

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні курсы - жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлайтын факультеттерде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Тіл білімінің бір саласы морфологияның негізгі зерттеу нысаны, мақсатымен міндеттерін меңгерту.Морфология саласының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау, олардың теориялық мазмұны мен мағыналық мәнін меңгерту.

Курстың (пәннің )мақсаты:

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясыпәнінің мақсаты –қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі,сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше ретөзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр - сипаты жөнінде теориялық білім беру.

Пәннің міндеті:

-болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру;

-практикалық, лабораториялық сабақтар мен ОСӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру;

- студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Құзыреттілік

Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда оқушылардың коммуникативтік, тілдік, ақпараттық, және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңыздылығы.

Коммуникативтік құзыреттілік.Студенттер сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін пайдалануы тиіс. Студенттер тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім бойынша морфология пәнінен алған мәліметтерді, теориялық білімдерді игеріп, алған білімдерін теорияда пайдалана отырып, түрлі пікірлерді саралай, өз пікірлерін дәлелдей алатындай, соны өзгеге үйрете алатындай дәрежеде болулары керек.

Тілдік құзыреттілік.Қазақ тілінің морфологиясы бойынша мыналарды: cөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар, ( грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория), сөздердің құрамы, морфемалардың түрлері, сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері, сөз таптары, олардың жіктелуі, т.б. студент білуі тиіс.

Ақпараттық құзыреттілік.Сөйлесім әрекеті арқылы игерілетін түрлі ақпараттар жүйелі және көптеген пікірлерден тұруы тиіс. Студент өзінің алған мол ақпараттары арқылы пікірін қалыптастыруы тиіс.Оларды жүйелі талдай алуы керек.

Курсты оқып болған соң төмендегідей мағлұматтарды игересіз:

-грамматикалық мағыналар мен олардың берілу жолдарын;

-қазақ тілі морфологиялық құрылысының теориялық негіздерін;

- сөз құрамы мен морфемалардың түрлерін;

-сөз таптары, олардың жіктелуін;

-морфологияны зерттеуші ғалымдар пікірлерін;

-морфологиялық талдау жасауды.

Пәнді оқудың нәтижесінде төмендегідей жайттарды жүзеге асыра аласыздар:

Кәсіби деңгейі жоғары, жан –жақты дамыған,білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлай отырып, оларға қазақ тілінің морфологиясыноқып - үйренуде төмендегі жайттарға назар аудары қадағалануы қажет:

- cөздің құрамы мен морфемалар түрлерін ажырата алуы;-

- сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері;

- сөз таптары, олардың жіктелуі;

- әр сөз табының ерекшеліктері мен түрленуі, синтаксистік қызметтері.

Пәнді өту барысында қойылатын талаптар:

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясын оқытудың алдына қойған міндеттерін шешу барысында төмендегідей талаптарды жүзеге асыру қажет:

- қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәнінің теориялық және практикалық материалдарын игеруде сөйлесім әрекетіні түрлерлері:тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесімарқылы қалыптастыру;

-тілді қатынас құралы ретінде үйрете отырып, лингвомәдениеттаным ілімінің талабына сай қалыптастыру;

-сөздіктермен, оқулықтармен, монографиялармен жұмыс жасау.

Пән пререквизиттері

Өз мамандықтарыңызға сәйкес мына пәндерді жақсы білулеріңіз керек:

- нормативтік қазақ тілі

- қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

- қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

- қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

Пән постреквизиттері

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен алған білімдерініңізді алдағы «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Қазақ тілін оқытуәдістемесі» және т.б. пәндерді меңгеруге ерекше ықпал етеді.Алдағы жылы өтетін педагогикалық тәжірибе кезінде көмектеседі.

Білімді бағалау:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.