Білім мен даҒдыны баҒалаудыҢ баҚылау-Өлшемдік ҚҰралдары
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1.Науқасқа үлкен көлемде консервирленген қан құйылды. Қанның фибринолитикалық белсенділігін төмендету мақсатында дәрігер инфузиялық жолмен (көктамырға, тамшылатып) енгізілетін синтетикалық антигеморрагиялық зат тағайындады. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
2.Пневмониямен ауыратын науқасты сульфаниламидтік препаратпен емдеді. Науқастың жағдайы жақсармады. Бұл препаратты тоқтатып, құрамы сульфаниламидтен және әртүрлі құрылысты антибактериалды заттан тұратын жұптастырылған препаратпен емдік курс бастады. Науқастың ыстығы түсті, жөтелі азайды, дегенмен қанның құрамын зерттегенде қалыпты жағдайдан ауытқулар байқалды (лейкопения). Препаратты анықтау, сипаттама беру.
3.Жарамсыз тағамды қабылдаған соң (тағамдық улану) науқас дәрігермен кеңеспей, асқазан ішек жолдарын тазарту мақсатында үйдегі дәрілік қобдишада бар іш айдайтын препаратты, таблетка түрінде қабылдады. 6 сағатқа дейін препараттың іш айдайтын әсері дамымады, науқастың жағдайы өзгеріссіз қалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
4.«Гипертониялық ауру» диагнозы қойылған науқасқа химиялық құрылысы бойынша бензотиадиазин туындысы болып табылатын диуретикалық зат тағайындалды. Препаратты қабылдаған соң бірнеше күннен кейін келесі жанама әсерлер дамыды: еттік әлсіздік, парестезия, жүрек жүмысының бұзылуы. ЭКГ да - экстрасистолиялар тіркелді. Бұл асқынуларды азайту үшін калий хлориді тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
5.3 жастағы науқас Н., ашуланшақтыққа, терлегіштікке, тахикардияға, ұйқының бұзылуына, дене салмағының күрт төмендеуіне шағымданды. Дәрігер науқасты тексерген соң, гипертиреоз көріністерінің бар екендігін анықтап, таблетка түрінде препарат тағайындады. Ем қабылдаған соң аурудың белгілері азайды, бірақ қан құрамының өзгеруі - лейкопения, агранулоцитоз байқалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
6.Пневмониямен ауыратын науқас жартылай синтетикалық пенициллиндер тобына жататын антибиотиктердің бұлшық етке енгізілетін, инъекциялық қалпымен емделді. Қарқынды пенициллиндік емге қарамастан науқастың ыстығы түспеді, жалпы жағдайы ауыр күйінде қалды. Науқастың қақырығын зерттегенде микоплазма анықталды. Бактериологиялық сараптаманың негізінде науқасқа «Атипті пневмония» диагнозы қойылды және азалидтер тобының антибиотигі тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
7.54 жастағы ер кісіде жұмыс уақытында кенеттен жүрек тұсында қатты ауыру сезімі пайда болды. Дәрілік қобдишада (аптечка) бар дәрі тіл астына енгізілді. Ауыру сезімі тоқтады, бірақ науқаста бастың айналуы, құлақта шу байқалды, науқас есінен айырылды. Жедел жәрдем дәрігері пульсының әлсіз, жиі екендігін, артериялық қысымның төмендегенін анықтады. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
8.Ойық жарамен ауыратын науқастың ыстығы көтеріліп, қақырықтың қиын бөлінуімен жүретін жөтел пайда болды. Науқасқа «Жедел бронхит» диагнозы қойылды. Басқа препараттармен қатар қақырық түсіретін препарат тағайындалды. Емдеу барысында қақырықтың түсуі жеңілдеді, дегенмен ойық жараның көріністері күшейді – асқазан тұсында ауыру сезімі күшейді, қыжыл пайда болды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
9.65 жастағы науқасқа жедел жүрек жеткіліксіздігіне байланысты кардиотоникалық препарат тағайындалды. Препаратқа келесі фармакологиялық қасиеттер тән: а) ландыш препараты болып табылады б) жүрекке жылдам, күшті әсер етеді, әсер ету ұзақтығы салыстырмалы түрде қысқа в) көктамырға, баяу глюкоза ерітіндісінде енгізіледі. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
10.«Науқас буындарында ауыру сезімге және қимылдың шектелуіне шағымданды. Объективті - буындарының ісінуі және деформациясы байқалды. Лабораториялық зерттеулер нәтижелері қан сарысуында зәр қышқылының жоғарылағанын көрсетті. Науқасқа ағзада кристаллдардың (зәр қышқылының) түзілуін азайтатын препарат тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
11.45 жастағы науқас 3 апта бойы травматологиялық бөлімде жіліншік сүйектің сынуы бойынша емделді. Рентгенологиялық зерттеуді қайталап жүргізгенде сүйектің баяу бітуі байқалған. Емді жылдамдату мақсатында науқасқа витаминдік препарат тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
12.Терапиялық емханада зерттеу нәтижелерінен соң науқасқа инфекциялық-алллергиялық генезді бронхиалды демікпе диагнозы қойылды. Демікпе ұстмасының алдын алу үшін ингаляциялық жолмен енгізілетін дәрілік препарат тағайындалды. Препараттың әсер ету механизмі фосфолипазы А2 ферментін тежеуіне негізделген. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
13.Созылмалы ишемиялық аурумен ауыратын 58 жастағы науқас С., ұстама аралығында миокардтың энергетикалық балансын қалпына келтіре отырып, кардиомиоциттердің төзімділігін жоғарылататын препарат қабылдады. Препаратқа антиоксиданттық, антигипоксиялық әсерлер тән. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
14.«Гипохромды анемия» диагнозымен науқасқа құрамында темір сульфаты және аскорбин қышқылы бар жұптастырылған препарат тағайындалды. Препарат ішке қолданылады. Жанама әсерлерінен іш қату, тістің қара түске боялуы мүмкін. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
15.Науқас кардиологиялық бөлімге «Ревматоидты артрит» диагнозымен түсті. Науқасқа қабынуға қарсы ем ретінде келесі сипаттама тән препарат тағайындалды: а) фенилпропион қышқылының туындысы б) ЦОГ1 және ЦОГ2 талғамсыз тежейді в) ішке және сыртқа қолданылады г) келесі жанама әсерлер шақырады: қыжылдау, жүрек айну, құсу, метеоризм, қан түзілудің тежелуі, бронхоспастикалық реакциялар, сирек – ульцерогендік әсер. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
16.Ұйқы безінің секреторлық қызметінің және ішектің қорыту қабілетінің жеткіліксіздігі бар науқасқа құрамында ұйқы безінің және өттің негізгі құрамдас бөлігі, сонымен қатар, гемицеллюлазасы бар ферменттік препарат тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
17.Науқас созылмалы пиелонефрит бойынша ұзақ уақыт бойы цефалоспориндердің екінші ұрпағына жататын антибиотик қабылдады. Науқастың жағдайы жақсарды, дегенмен бірнеше күннен кейін диарея байқалды. Сонымен қатар, пациент стоматолог-дәрігерге стоматит бойынша қаралды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
18.Науқас мисауыт жарақатынан кейін бастың ауыруына, бастың айналуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылыстарына шағымданды. Кешендік фармакотерапияның құрамында ГАМҚ-тың синтетикалық аналогы болып табылатын және мидың зат алмасу (энергетикалық) үрдісін жақсартатын препарат тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
19.Қалалық емхананың қабылдау бөліміне 54 жастағы науқас айналмалы ауыру сезіміне, сол жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне, жүрек айнуға, ауызда ащы сезімнің пайда болуына шағымданып түсті. Ультрадыбысты зерттеу барысында ұйқы безінің ауыр некроздық өзгерістері байқалды. Науқасқа антиферменттік препарат тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
20.Бронхиалды демікпенің аралас түрімен (атопиялық және инфекциялық) ауыратын 55 жастағы науқаста соңғы бірнеше күндер бойы тыныс алудың қиындауы және экспираторлық тұншығу ұстамасының жиілеуі байқалды, науөас бұл жағдайды үйде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысында қолданылған өткір иісті затпен байланыстырды. Ұстаманы тоұтату үшін науқас құрамына М-холиноблокатор және бета-адреномиметик кіретін жұптастырылған препаратты аэрозоль түрінде қолданды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
21.47 жастағы остеохондрозбен ауыратын науқас регенерация үрдісін ынталандыратын (глюкозаминогликанның биосинтезін), шеміршек тіннің дегенерациясын тежейтін және буындық сұйықтықтың өндірілуін қалыпқа келтіретін препарат қабылдады. Препарат «Хондроксид».атты кешенді дәрілік заттың құрамына кіреді. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
22.Эпилепсиямен ауыратын науқас ұзақ уақыт ГАМК-миметикалық әсер көрсететін препарат қабылдады. Препарат негізінен монотерапия түрінде тағайындалады және эпилепсияның барлық түрінде тиімді болып табылады. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
23.Қалалық емхананың нефрологиялық бөліміне «Созылмалы гломерулонефрит» диагнозымен науқас түсті. Науқасқа айқын қыбынуға қарсы және иммунодепрессивті әсерлер тән препрарат тағайындалды. Емдеуді бастаған соң бірнеше айдан кейін науқас ұйқысының бұзылғанын, асқазан тұсында ауыру сезімінің пайда болғанын, дене салмағының жоғарылағанын байқады. Объективті зерттеу барысында Иценко-Кушинга синдромы, артериялық қысымның жоғарылауы, гипергликемия, глюкозурия, лимфоцитопения, эозинопения анықталды. Препаратты анықтау, сипаттама беру. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
24.Сүт безінің қатерлі ісігінің кешендік химиотерапиясының ішінде цитостатиктер тобына жататын препарат тағайындалды. Емнің 10 күнінен бастап жанама әсерлер дамыды - анорексия, құсу, стоматит, тромбоцитопения, нейтропения, анемия. Аталған жанама әсерлерді азайту үшін фолий қышқылы тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
25.Ойық жарамен ауыратын науқаста базалды және ынталандырылған секрецияның айқын жоғарылауы байқалған, науқастың асқазанында Helicobacter pylori анықталған. Емдеуші дәрігер гистаминдік рецепторларды тежейтін, ойық жараға қарсы препарат тағайындады.
26.Науқасқа холестериннің өндірілуіне қатынасатын 3 – гидрокси-3 метил-глутарил –коэнзим А ферментін тежейтін препарат тағайындалды. Препараттың әсерінен қан сарысуында жалпы холестериннің, ТЖЛП және ТӨЖЛП деңгейі төмендеді. Мүмкін болатын жанама әсерлері: бауыр қызметінің бұзылыстары, атралгия, миопатия. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
27.Науқасқа кальций алмасуын реттеу мақсатында бифосфонаттардың 2 ұрпағына жататын препарат тағайындалды. Препарат ұзақ қолданғанда сүйекте жинала отырып оның сынғыштығын азайтады. Препарат гипокальциемияда қарсы көрсетіледі. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
28.Жүйелік қызыл жегімен ауыратын науқас бірінші қатардағы стероиды емес қабынуға қарсы зат ретінде дәрі қабылдады. Дегенмен, пациенттің жағдайы жақсармады. Екінші қатардағы препарат ретінде, науқасқа меркаптопуриннің дәрі алды дәрісі болып табылатын препарат тағайындалды. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
29.Гастроэнтерологиялық бөлімге «Токсикалық гепатит» диагнозымен науқас түсті. Анамнезінен анықталғандай, науқас ұзақ уақыт бойы алкогольдік ішімдік қабылдаған және бір ай бұрын алкоголдік ішімдікпен улануына байланысты токсикологиялық бөлімде емделген. Науқас басқада препараттармен бірге, бауырдың зақымдаушы факторларға тұрақтылығын жоғарылататын, құрамында эссенциалды фосфолипидтері бар препарат қабылдады.
30.Жас өспірім балаға екіншілік жыныс белгілерінің қалыпты дамымауына байланысты тестостеронның синтетикалық аналогын тағайындады. Препарат табиғи гормонға тән биологиялық және емдік қасиеттерді көрсетеді және ер кісілерде екіншілік жыныс белгілерінің дамуына ынталандырғыш әсер етеді, тиімділігі бойынша тестостерон пропионатынан 3-4 есе төмен. Препаратты анықтау, сипаттама беру.
Жауаптары:
1.Аминокапроновая ксилота 2.Бисептол 3.Бисокадил 4.Гидрохлортиазид 5.Мерказолил 6.Азитромицин 7.Нитроглицерин 8.Настой травы термопсиса 9.Коргликон 10.Аллопуринол | 11.Эргокальциферол 12.Беклометазон 13.Триметазидин 14.Ферроплекс 15.Ибупрофен 16.Фестал 17.Цефуроксим 18.Пирацетам 19.Беродуал 20.Контрикал | 21.Хондроитина сульфат 22.Натрия вальпроат 23.Метилпреднизолон 24.Метотрексат 25.Ранитидин 26.Ловастатин 27.Алендронат 28.Азатиоприн 29.Эссенциале 30.Метилтестостерон |