«Тірек-қимыл жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Тақырыбы: «Тірек-қимыл жүйесі» әсер ететін заттар. Аралық бақылау.

2. Мақсаты: тірек-қимыл жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін жинақтау.

3. Оқыту міндеттері :

Когнитив ті компетенци я

1. Тірек-қимыл аппаратының қызметіне әсер ететін заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білу.

2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

3. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдай білу.

4. Тірек-қимыл жүйесі патологиясында дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдай білу.

Операционал ды ком п етенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенция сы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Хронометраж