«Тірек-қимыл жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулықтар

1. Тақырыбы: «Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»

2. Мақсаты: Кальций-фосфор алмасуын реттейтін және қаңқаның қалыптасуына әсер ететін заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшелектірі бойынша білімді қалыптастыру

3. Оқыту міндеттері:

1. Кальций-фосфор алмасуын реттейтін және қаңқаның қалыптасуына әсер ететін заттардың, сонымен қатар балалар практикасында, жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін және негізгі фармакологиялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру

2. Кальций-фосфор алмасуын реттейтін және қаңқаның қалыптасуына әсер ететін заттардың, сонымен қатар балалар практикасында, қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу

3. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену

4. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында кальций-фосфор алмасуын реттейтін және қаңқаның қалыптасуына әсер ететін заттардың, сонымен қатар балалар практикасында, дәрілік заттарды таңдау принциптері

5. Кальций-фосфор алмасуын реттейтін және қаңқаның қалыптасуына әсер ететін заттардың дәрілік қалыптарын тандауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену

4.Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс әстеуталдау