1. Несеп-тас ауруында қандай дәрілік заттар тобы қолданылады?

2. Несеп-тас ауруында қолданылатын заттардың әсер механизмі.

3. Препараттарды қолданудың ерекшеліктері және дамитын жанама әсерлері.

«Тірек-қимыл жүйесі» модулі бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Тақырыбы: «Буындық синдромда қолданылатын қабынуға қарсы заттар. Жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері»

2. Мақсаты: буындық синдромда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитив ті компетенци я

1. Буындық синдромда қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Буындық синдромда дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенция сы:

3. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

4. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Хронометраж

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы - 30 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы - 35 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру - 25 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Буындық синдромда қолданылатын қабынуға қарсы заттардың жіктелуі.

2. Стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы заттар. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданудың ерекшеліктері.

3. Ревматоидты артритте қолданылатын базистік препараттар (1-ші және 2-ші қатар). Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, қарсы көрсетулер, жанама әсерлері.

4. Остеоартрозда қолданылатын препараттар (хондропротекторлар). Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

5. Жастық аспектілерге байланысты қабынуға қарсы заттарды қолдану ерекшеліктері.

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2. Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

6. Бунчук Н.В. Ревматические заболевания пожилых. -2-е изд. — М.: МЕДпресс-информ, 2014. — 272 б.

Бағдарламалық препараттар: парацетамол (ацетаминофен), ибупрофен, диклофенак натрийі, проксен, лорноксикам, нимесулид, мелоксикам, целекоксиб, кетопрофен (кетонал), индометацин, фенилбутазон, метотрексат, лефлуномид, сульфасалазин, гидроксихлорохин (плаквенил), ауранофин, кризанол, пеницилламин, хингамин, циклоспорин, азатиоприн, циклофосфамид, инфликсимаб, ритуксимаб, хондроитин сульфаты, преднизолон, метилпреднизолон, дексаметазон, глюкозамин

8. Бақылау