«Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 СӨЖ

1. Тақырыбы: «БЖЖ фармакотерапиясының қазіргі принциптері»

2. Мақсаты: ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын заттардың жіктелуі және номенклатурасын өз бетінше меңгеру; ЖБЖ кезінде препараттарды таңдау және дұрыс қолдану үшін жеке препараттардыңфармакодинамикасын, фармакокинетикасын және жанама әсерлерін талдау.

3. Міндеттері:

1. ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлері;

2. ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын фармакологиялық заттардың әсер ету механизмі туралы түсінік;

3. Медицинада негізгі қолданылуы;

4. Негізгі жанама әсерлері;

5. Басқа препараттармен өзара әсерлесуі.

4. Орындау түрі:

«ЖБЖ фармакотерапиясының қазіргі принциптері» тақырыбына реферат дайындау

5. Орындау критерийлері:

а) соңғы жылдардағы әдебиет көздерін талдау және меңгеру;

б) ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру;

в) жоспарын жасау;

г) библиография құрастыру;

д) реферативті жұмысты рәсімдеу.

Реферативті жұмыстың құрылымы:

1) мұқаба парақ(үлгі бойынша безендіріледі);

2) мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

3) кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

4) негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

5) қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

6) әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

 

Рефераттың мұқаба парағы С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРА______________________________________________________   Р Е Ф Е Р А Т Т ақырыбы : _________________________________________________ _________________________________________________ С тудент тың аты жөні __________________________________________ Факультет і _____________________________________________ Курс ы ____________________________________________________ Тобы __________________________________________________ Оқытушы ___________________________________________ Алматы, 200_- 200_ оқу жылы

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6.Тапсыру мерзімі: «Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критерийі: