1. Тақырыбы: «Несеп-жыныс жүйесі » модулі бойынша аралық бақылау
2. Мақсаты: несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын препараттар тобының фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктері, әр-түрлі патология жағдайларында рациональды фармакотерапия үшін, негізгі препараттарды таңдау принципін білу, студенттердің «Зәр-жыныс жүйесі » модул сабағы уақытында алған білімінің компетенцияларын бағалау.
3. Оқыту міндеттері:
Когнитивт і компетенция:
1. Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, ФК, ФД , негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу.
2. Емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдауды үйрену.
3. Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларында дәрілік қалыптарды таңдауды, оларды қолдану тәсілдерін, қолдануға қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз әсерлерді анықтауды және оларды дер кезінде түзету жүргізуді үйрену.
4. Дәрілік қалыптарға рецепті жазу ережелерін білу.
Операциональ ды компетенция:
1. Рецепт жазу және талдау
2. Препараттың бір реттік және тәуліктік дозасыны анықтау
Коммуникатив ті компетенция:
1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.
2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.
3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.
4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.
5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу
Үздіксіз оқыту және білім беру:
1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)
2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).
Хронометраж
Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин)
· Ұйымдастыру кезеңі -2 мин
· Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 10 мин
· Студенттердің өзіндік жұмысы - 50 мин
· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы - 35 мин
· Білімнің соңғы деңгейін тексеру –10 мин
· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин
· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау -1- 2 мин.
4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс әстеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.
5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын микробқа қарсы заттардың негізгі топтары.
2. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибиотиктердің жіктелуі және салыстырмалы сипаттамасы.
3. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын синтетикалық микробқа қарсы заттардың салыстырмалы сипаттамасы.
4. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибактериялық емнің балаларда қолдану ерекшеліктері.
5. Нефротоксикалық синдромда қолдынылатын дәрілік заттар. Иммуносупрессивті терапия, глюкокортикоидатармен (преднизолон) және цитостатиктермен (циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин). Глюкокортикоидтармен цитостатиктерді жуптастырып қолдану . Әсер ету механизмі, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, науқастың жасына қарай қолдану аспектілері.
6. Созылмалы гломерулонефриттің жуптастырылған емі. Үш компонентті (цитостатиктер және глюкокортикоидтар, антиагерганттар, гепарин) және төрткомпонентті схема (глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепаринден фениндионға өту). Әсер ету механизмі, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, науқастың жасына қарай қолдану аспектілері.
7. Репродуктивті жүйеге әсер етуші препараттар. Жыныстық дамудың бұзылуында қолданылатын дәрілік заттар. Стероидты жыныс гармондары (андрогендер және эстрогендер). Әсер ету механизмі, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.Балаларға дозалау ерекшілігі.
8. Созылмалы және жедел бүйрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік препараттар.
9. Әсер ету механизмі, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, жанама әсері балаларға дозалау ерекшілігі.
6.Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер
7.Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784б.
2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608б.
3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216б.
Қосымша:
1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.
2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.
3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.
4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.
5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.
6.Бокарев И.Н. Противомикробная терапия в клинической практике терапевта. "Медицинское информационное агентство (МИА)". – 2011. -288 б.
7.Вялов С.С. Противомикробная терапия: алгоритмы выбора. Медпресс. -2014. -208б.
Бағдарламалық препараттар: бензилпенициллинің натрий тұзы, феноксиметилпенициллин, ампициллин, уназин (ампициллин+сульбактам), амоксициллин, аугментин (амоксициллин + клавулановая кислота), амоксиклав (амоксициллин + клавулан қышқылы), аугментин (амоксициллин + клавулан қышқылы) карбенициллин, пиперациллин, рокситромицин, азитромицин, цефалексин, цефадроксил, цефуроксим, цефотаксим, цефтазидим, цефепим, цефаклор, цефиксим, гентамицин, амикацин, меропенем, тиенам (имипенем + циластатин), азтреонам, нитроксолин, фурагин (фуразидин), фурадонин (нитрофурантоин), фурамаг (фуразидин + магний карбонаты), фосфомицин, фурамаг (фуразидин + магний карбонаты), фосфомицин, налидикс қышқылы, пипемидин қышқылы , офлоксацин, ципрофлоксацин, пемфлоксацин, ко-тримоксазол, дексаметазон, преднизолон, метилпреднизолон, циклофосфамид, хлорбутин, азатиоприн, метотрексат, циклоспорин А, микофенолата мофетил, дипиридамол, гепарин, варфарин, фениндион, маннитол, гидрохлортиазид, индапамид, фуросемид, этакриновая кислота, спиронолактон, триамтерен, эналаприл, фозиноприл, рамиприл, лозартран, валсартан, верапамил, дилтиазем, амлодипин, пропранолол, атенолол, метопролол, бисопролол, небивалол, карведилол, празозин, доксазозин, метилдопа, допамин, ловастатин, флувастатин, натрия гидрокарбонат, глюкоза, инсулин, трисамин, эпоэтин-альфа, эпоэтин-бета, феррум Лек (III валентті полиизомальтозат гидроксиді), венофер (III валентті темір гидроксидінің сахарозалық кешені), кальций карбонаты, кальций глюконаты, кальцитонин, кальцитриол, альфакальцидол, эргокальциферол, кальций-Д3, сорбит, леспенефрил, эстрадиол, этинилэстрадиол, тестостерона, менопауздық гонадотропин пропионат, хориондық гонадотропин, фоллитропин альфа, даназол, бусерелин, трипторелин, ципротерон, натрий хлориді, реополиглюкин, полиглюкин, уралит У, блемарен, солуран, магурлит, цистенал, цистон, фитолизин, аллопуринол, уросан.
Рецепт жазуға арналған препараттар: амоксициллин, цефотаксим, гентамицин, офлоксацин, нитроксолин, ко-тримоксазол, гепарин, варфарин, дипиридамол, фуросемид, аллопуринол
8.Бақылау:
Бағаланатын компетенциялар: когнитивті, операционалды, коммуникативті
1.Бөлімнің негізгі сурақтары бойынша ауызша сұрау.
2.Тесттік тапсырмаларды орындау.
3.Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу.
Тесттік тапсырмалар
Тест №1.Жүкті әйелдегі пиелонефритте қолданылатын таңдамалы препарат:
1. Пипемидий қышқылы
2. Ципрофлоксацин
3. Ампицилли
4. Гентамицин
5. Фурамаг (фуразидин + магний карбонаты)
Тест №2. Бүйректің кальцилік тастардың рецидивтерін емдеу үшін тиімділігі жоғары зат
1. Маннитол
2. Фуросемид
3. Спиронолактон
4. Гидрохлоротиазид
5. Индапамид
Тест №3. Гиперкалиемия кезінді пациентке қауіпсіз зәр айдағыш препарат
1. Калий хлориді
2. Каптоприл
3. Гидрохлортиазид
4. Спиронолактон
5. Триамтерен
Тест №4. Зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларында жиі колданылатын микробқа қарсы препарат
1. Фторхинолондар
2. Цефалоспориндер
3. Аминогликозидтер
4. Карбапенемдер
5. Аминопенициллиндер
Тест №5. Пуриндік зат алмасуды реттейтін, бүйрек-тас ауруында қолданылатын препаратты атаңыз
1. Аллопуринол
2. Глюкоза
3. Натрий гидрокарбонаты
4. Инсулин
5. Леспенефрил
Тест №6. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде қолданылатын өсімдік тектес гипоазотемиялық зат
1. Циклофосфамид
2. Эпоэтин-альфа
3. Леспенефрил
4. Метотрексат
5. Аллопуринол
Тест №7. Бүйрек тас ауруын емдеудің негізгі бағыттары
1. Ауру сезімін басу