3. Кальций өзекшелерінің тежегіштері
4. ААФ тежегіштері
5. Ганглиоблокаторлар
Тест №5 . СБЖ кезінде диуретиктер тобының таңдалы препараты:
1. Спиронолактон
2. Индапамид
3. Маннит
4. Фуросемид
5. Эуфиллин
Тест №6 . Фуросемидтің әсер ету механизмі:
1. Натрий, хлор реабсорбциясының тежелуі.
2. Вазопрессинмен бәсекелестік
3. Проксималды өзекшелерде натрий секрециясының күшеюі
4. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымның жоғарылауы
5. Карбангидраза белсенділігін тежейді
Тест №7 . СБЖ фонында пайда болған анемияны емдеудегі неғұрлым тиімді препараттар:
1. Рекомбинантты эритропоэтиннің препараттары
2. Ішке қабылдайтын темір препараттары
3. Цианокобаламин
4. Кобальт препараттары
5. Аскорбин қышқылы
Тест №8 . Гиперкалиемияны жою үшін енгізеді:
1. Леспенефрил
2. Реополиглюкин
3. Көктамырға калий хлоридін енгізу
4. Инсулинмен бірге глюкозаның 20% ерітіндісін көктамырға енгізу
5. Тренталды енгізу
Тест №9 . Гиперазотемияны жою үшін қолданылатын өсімдік тектес препарат:
1. Валериана
2. Леспенефрил
3. Хофитол
4. Сасықшөп
5. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы
Тест №10 . СБЖ фонында метаболикалық ацидоз дамығанда қолданылады:
1. Калий хлориді
2. Фуросемид
3. Натрий гидрокарбонаты
4. Маннит
5. Кальций хлориді
№2 сабақ
1. Тақырыбы: «Жыныстық жетілуге әсер ететін негізгі гормондық заттар»
2. Мақсаты: Жыныстық жетілуге әсер ететін негізгі гормондық заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері
1. Жыныстық жетілудің бұзылыстары кезінде, сонымен қатар балалар практикасында, қолданылатын гормондық препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін және негізгі фармакологиялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру
2. Жыныстық жетілуге әсер ететін дәрілік заттардың таңдауды үйрену
3. Жыныстық жетілуге әсер ететін гормондық заттардың дәрілік калыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену
4. Жыныстық жетілуге әсер ететін гормондық заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу
4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс әстеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.
5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Организмнің барлық қызметтерін нейроэндокринді реттеудегі гипоталамус – гипофиздік жүйенің ролі.