1. Жедел гломерулонефриттерде қолданылатын препараттар. Жіктелуі.

2. Жедел гломерулонефриттерде қолданылатын антибиотиктер. Әсер ету механизмдері, негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері.

3. Тікелей әсерлі антикоагулянттар (гепарин), әсер ету механизмі, жанама әсерлері.

4. Антиагреганттар (аденозиндезаминаза тежегіші - дипиридамол).

5. Созылмалы гломерулонефриттің иммуносупрессивті емі. Стероидты емдеу принциптері.

6. Глюкокориткоидтар. Иммуннодепрессивті әсерінің механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы. Стериодты емнің жанама әсерлері.

7. Пульстерапия туралы түсінік, қолдануға көрсетулер.

8. Цитостатикалық препараттар (циклофосфамид, хлорбутин, циклоспорин).

9. Созылмалы гломерулонефритті емдеудің үшкомпонентті (цитостатиктер немесе глюкокортикоидтар, антиагерганттар, гепарин) және төрткомпонентті сызбалары(глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепарин, кейінірек фениндионға өту). Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, қарсы көрсетулер, жанама әсерлері, жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.

10. Гломерулонефрит түрлерінде су-электролиттік тепе-теңдік бұзылыстарын, зат алмасу және гемодинамикалық бұзылыстарды түзету. Симптоматикалық емі.

5.Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

Бағдарламалық препараттар: бензилпенициллин натрий тұзы, феноксиметилпенициллин, амоксициллин, аугментин (амоксициллин + клавулан қышқылы), рокситромицин, азитромицин, цефалексин, цефадроксил, дексаметазон, преднизолон, метилпреднизолон, циклофосфамид, хлорбутин, азатиоприн, метотрексат, циклоспорин А, мофетил микофенолаты , дипиридамол, гепарин, варфарин, фениндион, гидрохлортиазид, индапамид, фуросемид, этакрин қышқылы, спиронолактон, триамтерен, верапамил, дилтиазем, эналаприл, фозиноприл, рамиприл, лозартран, пропранолол, атенолол, небивалол, карведилол, празозин, доксазозин, ловастатин, флувастатин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: метилпреднизолон, гепарин, циклофосфан, азатиоприн, дипиридамол, цефотаксим, эналаприл

7.Бақылау:

Операционалды компетенция бағаланады (дағды)

Рецепт жазу және талдау (фармакологиялық тобын, әсер механизмін, фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетілулерін және жанама әсерлерін көрсету)

«Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 саба қ

1. Тақырыбы: «Бүйректің созылмалы жетіспеушілігін емдеудің негізгі бағыттары . Балалардағы БСЖ фармакотерапиясының ерекшеліктері»

2. Мақсаты: патологиялық процесстерді коррекциялауға бағытталған созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар тобының фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитив ті компетенци я

1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенция сы:

1.Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2.СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс әстеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін консервативті емдеудің әдістері.

2. Асқазан-ішектік диализді қолдануға көрсетулер (мәжбүрлеп ішті айдау). Препараттар, әсер ету механизмдері, жанама әсерлері, жастық аспектіде әсерінің ерекшеліктері.

3. Сулы интоксикация мен гипонатриемияны жою үшін диуретиктерді таңдау және қолдануға көрсетулер.