Тест №9. 2 жасар балаға зәр шығару жолдарының инфекциясында тағайындауға болатын препарат

1. Нитроксолин

2. Налидикс қышқылы

3. Ципрофлоксацин

4. Фурамаг

5. Амоксициллин

Тест № 10. Зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларында жиі қолданылатын микробқа қарсы препарат

1. Ципрофлоксацин

2. Цефаклор

3. Гентамицин

4. Меропенем

5. Фурадонин (нитрофурантоин)

№2 Сабақ

1.Тақырыбы: «Гломерулонефрит түрлерінің фармакотерапиясынын принциптері»

2.Мақсаты: патологиялық процесстерді коррекциялауға бағытталған гломерулонефритттің түрлерін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар тобының фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:

Когнитив ті компетенци я

1. Гломерулонефрит түрлерінде қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Гломерулонефриттің түрлерінде дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенция сы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: