Когнитивтік компетенция бағаланады (білім)

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.Тесттік тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларында әртүрлі құрылысты синтетикалық заттар тобынан жиі қолданылатын препаратты таңдау:

1. Фурагин (нитрофурантоин)

1. Азтреонам

2. Нитроксолин

3. Офлоксацин

4. Гентамицин

Тест №2 . Нитроксолин қолданылады :

1. Зәр шығару жолдарының инфекцияларында

2. Офтальмологияда

3. Тыныс жолдарының инфекцияларында

4. АІЖ инфекцияларын алдын алуда

5. ОЖЖ инфекцияларында

Тест №3 . Пиелонефриттерді тандау препараттары болып табылады:

1. 8-оксихинолин туындылары

2. Нитроимидазол туындылары

3. Нитрофуран туындылары

4. Фторхинолондар

5. Хинолон туындылары

Тест №4 . Зәр шығару жолдарының инфекцияларында таңдаулы препараттар:

1. Цефалоспориндер тобының антибиотиктері

2. Тетрациклиндер тобының антибиотиктері

3. Полимиксиндер тобының антибиотиктері

4. Линкозамидтер тобының антибиотиктері

5. Полиендер тобының антибиотиктері

Тест №5 . Преапаратты анықтау. 8-оксихинолин туындысы, АІЖ-нан жақсы сіңеді және бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылады, бүйректе жоғары концентрация түзіледі. Зәр шығару жолдарының қабыну ауруларында қолданылады.

1. Ампициллин

2. Цефалексин

3. Гентамицин

4. Офлоксацин

5. Нитроксолин

Тест №6. Гентамицинге тән:

1. АІЖ-нан нашар сіңеді

2. Бактерицидті әсер көрсетеді

3. Рибосома деңгейінде белок синтезін бузуы

4. Анаэробты микроорганизмдердің жасушаларында жинақталуға қабілетті

5. Ауыз арқылы енгізудін өзінде қанда терапиялық мөлшеріне жеткілікті

Тест №7 .Налидикс қышқылына тән:

1. Налидикс қышқылы тек зәр шығару жолдарының инфекцияларында тиімді.

2. Балалар ересектерге қарағанда налидикс қышқылының нейротоксикалық әсеріне сезімтал

3. Налидикс қышқылы бактериялардың ДНҚ-гиразасын (топоизомеразаны II) тежеп, ДНҚ репликациясын бұзады

4. Налидикс қышқылы ципрофлоксацинге қарағанда белсенді.

5. Налидикс қышқылы бүйрек аурулары бар науқастарда қолданылмайды.

Тест №8 . Препаратты анықтау. Фторхинолон туындысы, кең спектрлі, бүйрек инфекцияларында таңдау препараты

  1. Нитрофурантоин (Фурагин)

2. Нитроксолин

3. Ципрофлоксацин

4. Налидикс қышқылы

5. Пипемидий қышқылы (Палин)