«Несеп-жыныс жүйесі» модулі

«Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша практиклық сабаққа арналған әістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1.Тақырыбы: «Несеп шығару жүйесі қабыну ауруларының микробқа қарсы емі. Балалардағы ерекшеліктері»

2.Мақсаты: несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын препараттар тобының фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру

3.Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, ФК, ФД , негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу.

2. Емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдауды үйрену.

3. Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларында дәрілік қалыптарды таңдауды, оларды қолдану тәсілдерін, қолдануға қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз әсерлерді анықтауды және оларды дер кезінде түзету жүргізуді үйрену.

4. Дәрілік қалыптарға рецепті жазу ережелерін білу.

Операциональ ды компетенция:

1. Рецепт жазу және талдау

2. Препараттың бір реттік және тәуліктік дозасыны анықтау

Коммуникатив ті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -2 мин

· Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 10 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы - 43 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы - 25 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру –20 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау -1- 2 мин.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын микробқа қарсы заттардың негізгі топтары.

2. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибиотиктердің жіктелуі.

3. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы.

4. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын синтетикалық микробқа қарсы заттар.

5. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын микробқа қарсы синтетикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

6. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибактериялық емнің балаларда қолдану ерекшеліктері.

5. Оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу, кіші топтарда жұмыс істеу, жайдайларды моделдеу, кейс-стади, рөлдік ойындар, тест сұрақтарын және тапсырмаларды нұсқау бойынша шешу, кроссвордтар, сканвордтаршешу, иллюстрациялық материалмен жұмыс істеу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 бет.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МДИА", 2012. –488б.

6.Бокарев И.Н. Противомикробная терапия в клинической практике терапевта. "Медицинское информационное агентство (МИА)". -2011. -288 б.

7.Вялов С.С. Противомикробная терапия: алгоритмы выбора.Медпресс. -2014. -208 б.

 

Бағдарламалық препараттар: ампициллин, амоксициллин, уназин (ампициллин+сульбактам), амоксиклав (амоксициллин + клавулан қышқылы), аугментин (амоксициллин + клавулан қышқылы), карбенициллин, пиперациллин, цефуроксим, цефотаксим, цефтазидим, цефепим, цефаклор, цефиксим, гентамицин, амикацин, меропенем, тиенам (имипенем + циластатин), азтреонам, нитроксолин, фурагин (фуразидин), фурадонин (нитрофурантоин), фурамаг (фуразидин + магний карбонаты), фосфомицин, налидикс қышқылы, пипемид қышқылы , офлоксацин, ципрофлоксацин, пемфлоксацин, ко-тримоксазол

Рецеп жазуға арналған препараттар: амоксициллин, цефотаксим, гентамицин, офлоксацин, нитроксолин, ко-тримоксазол

Бақылау: