«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 СӨЖ

1.Тақырыбы: «Гастро-эзофагеалды рефлюксты аурудың фармакотерапиясы»

2.Мақсаты: гастро-эзофагеалды рефлюксты аурудың фармакотерапиясының принциптері туралы өздігінше оқыту.

3.Тапсырмалар:

1.ГЭРА қолданылатын препараттар.

2.Антацидтер, әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

3.Антисекреторлы препараттар - Н2-гистаминді рецепторлардың тежегіштері, протондық насостың тежегіштері. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

4.Прокинетиктер - дофаминдік рецепторлардың антагонистері, серотониндік рецепторлардың агонисттері. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

5.Қармаушы, қаптаушы заттар. Вяжущие, обволакивающие средства. ГЭРА қолданылуы.

4.Орындалу түрі: реферат.

5. Орындалу көрсеткіштері:

а) соңғы жылдардағы әдебиеттерді зерделеу және іріктеу;

б) ақпараттарды өңдеу және жүйелеу;

в) жоспар құру;

г) библиография құрастыру;

д) рефераттық жұмысты безендіру.

Рефератты жұмыстың құрылымы:

1.Мұқаба парақ (үлгі бойынша безендіріледі);

2.Мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

3.Кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

4.негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

5. қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

6. әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

-рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

-реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

-әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

-әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6. Тапсыру уақыты: «Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критериі:

Критерий

Деңгейі , балл түрінде бағалау

Өте жақсы Қолайлы Т үзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Реферат мазмұнының тақырыпқа, реферат жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі 13 9,75 6,5 0
2. Тақырыптың толықтығы және ашылуының логикаға сай болуы 13 9,75 6,5 0
3. Материалды жалпыландыру, қорытынды жасай білу қабілеті 13 9,75 6,5 0
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі 13 9,75 6,5 0
5. Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі 12 9 6 0
6. Рефераттың безендірілуі модульдің талаптарына сәйкес келуі 12 9 6 0
7. Көрнекті материалдардың сапасы мен толықтығы 12 9 6 0
8. Әдебиетті іріктеу   12 9 6 0
Барлығы 100 75 50 0

Ең жоғары балл – 100

Бағдарламалық препараттар: омепразол, лансопразол, пантопразол, рабепрозол, циметидин, ранитидин, фамотидин, низатидин, пирензепин, магний тотығы, алюминий гидрототығы, магний трисиликаты, маалокс, натрий гидрокарбонаты, алмагель, висмуттың үшкалий дицитраты

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

9 . Бақылау

1.ГЭРА қандай топтың препараттары қолданылады.

2.ГЭРА қандай антисекреторлы препараттар қолданылады.

3.ГЭРА қандай прокинетиктер қолданылады.

4.ГЭРА қандай қармаушы қолданылады.

5.ГЭРА қандай антацидті заттар қолданылады.

№2 СӨЖ

1.Тақырыбы : «Өт айдайтын өсімдік тектес заттар»

2.Мақсаты: өт айдайтын өсімдік тектес заттардың әсерлері мен қолданылуын өз бетінше оқыту.

3.Тапсырмалар:

1.Өттің түзілуін күшейтетін өт айдайтын өсімдік тектес заттар (холесекретиктер).

2.Өттің шығуына ықпал ететін өт айдайтын өсімдік тектес заттар (холекинетиктер).

3.Микробқа қарсы, қабынуға қарсы әсер ететін өт айдайтын өсімдік тектес заттар.

4.Өт айдайтын өсімдік тектес заттардың қолдануға көрсетілулері, дозалау реті.

5.Өт айдайтын өсімдік тектес заттардың қолдануға қарсы көрсеткіштері мен жанама әсерлері.

4. Орындау формасы: презентация.

5. Орындау к ритери лері :

1. негізгі әдебиет көздерін меңгеру және талдау

2. ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру

3. презентация жоспарын жасау

4.библиография құрастыру

5. презентацияны безендіру

Презентацияны құрастыруға қойылатын талаптар:

1. Презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасында құрастырылады

2. Слайд саны – 10-15 болуы керек.

3. Презентация сауатты құрастырылған, тез қабылданарлық болуы қажет

4. Соңғы слайдта библиография көрсетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: «Ас қорыту» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критериі: