6.Гастроэнтерология /Под ред. В. Т. Ивашкина, Т. Л. Лапиной.- М.: ГЭОТАР-Медиа. -2014. -480 б .

7.Пичхадзе Г.М., Кадырова Д.М., Ананьева Л.В. Гепатопротекторы: учебное пособие. – Алматы. 2011г. –33б.

 

7. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды, коммуникативті

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау-әңгімелесу

2.Талдауымен және бір реттік дозасын есептеумен рецепт жазу

3.Тесттік тапсырманы орындау.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар.

Тест №1.Эрадикациялық емді жүргізу үшін қолданылады:

1.Микробқа қарсы заттар 2. антацидті заттар 3. м-холиноблокаторлар 4. гастропротекторлар

5. протондық помпаның ингибиторлары

Тест №2.Протондық помпаның ингибиторлары:

1. рабепразол 2. Фамотидин 3. омепразол 4. ампициллин 5. пантопразол

Тест №3. Өт айдайтын заттарға жатады:

1.Оксафенамид 2. Аллохол 3. Магний сульфаты 4. Эссенциале 5. Холензим

Тест №4. Холеретиктер тобына жататын өт айдайтын заттар:

1.Оксафенамид 2. Аллохол 3. Магний сульфаты 4. Холосас 5. Холензим

Тест №5. Өттің түзілуіне және босап шығуына ықпал етеді:

1.Аллохол 2. Магний сульфаты 3. Жүгері шашағы 4. Холензим 5.Оксафенамид

Тест №6. Өт айдайтын заттарды қолдануға көсретулер:

1.Созылмалы гепатит 2. Холангит 3. Ішек атониясы 4. Созылмалы холецистит

5.Өт шығару жолдарының дискинезиясы

Тест №7. Диспепсияның ойық жара тәрізді түріне бағытталған емнің құрамына кіреді:

1.қышқыл-пепсиндік агрессияны төмендету

2. Helibacter pylori-ға бағытталған эрадикациялық ем

3. шырышты қабықтың қорғаныстық қасиетін күшейту

4. ойық жаралы шырышты қабықтың репаративтік қасиетін жоғарылату

5. орын басушы емді жүргізу

Тест №8. Гистамино2-литиктер (Н2- гистаминдік рецепторлардың блокаторлары): 1-ші ұрпақтың (А), 2-ші ұрпақтың (Б), 3-ші ұрпақтың (В) препараттарын анықтау:

1.циметидин 2. кларитромицин 3. фамотидин 4. пантопразол 5. ранитидин

1. А-1 Б-5 В-3; 2. А-2 Б-4 В-5; 3. А-4 Б-1 В-2

Тест №9. Дәрілік заттардың тобын анықтау. Бұл топтың препараттары сіңірілмейді және қорытылмайтын ас қалдығының көлемін арттырады. Олар суды адсорбциялап, ісінеді, нәтижесінде ішек созылып, оның қуысындағы химустың жылжуына ықпал жасайды.

1. форлакс 2. белсендірілген көмір 3. прозерин 4. линекс 5. Дротаверин

Тест №10. Пробиотиктердің бірінші (А) және екінші (Б), үшінші (В) ұрпағына жатады:

1. бактисубтил 2. линекс 3. бифидумбактерин 4. хилак форте 5. лактулоза

1. А -1, Б-3, В-2 2. А-3, Б-4, В-5 3. А-2 Б-1 В-3

Тест № 11.Жедел панкреатитте қолданылатын зат:

1.Магний сульфаты 2. Контрикал 3. Мезим форте 4.Лоперамид 5.Ранитидин

Тест №12.Екіншілік ферментопатияда тағайындаған жөн:

1.Панкреатин 2. Сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен 3. Магний сульфаты 4. Сукралфат 5. Метоклопрамид

Тест № 13.Фестал:

1.Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3. Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі синдромында қолданылатын зат 4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №14. Панзинорм:

1.Ұйқы безінің фернменттерінен, өт компоненттерінен, пепсин және амин қышқылдарының гидрохлоридінен тұратын жұптастырылған ферменттік препарат 2. Құрамында панкреатин, өт компоненттері, гемицеллюлазадан тұратын күрделі ферменттік препарат 3. Антацидті зат

4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №15. Құрамында панкреатин, өт компоненттері пепсин және гемицеллюлаза бар безінің сыртқы секрециялық қызметі жетіспеушілігінде қолданылатын заттар.

1. Сукралфат, де-нол 2. Фестал, дигестал 3. Омепразол, пантепразол 4. Магний сульфаты, атропин сульфаты 5. метоклопрамид, домперидон

Тест №16. Липой қышқылы:

1.Гепатоциттердің энергетикалық метаболизмін жақсартады 2.Гастропротекторлы әсер көрсетеді

3.Өт айдайтын зат болып табылады 4.Өттің секрециясын төмендетеді

5.Ішектің тонусы мен моторикасын төмендетеді

Тест №17. Жедел вирусты гепатит кезінде қолданады:

1.Пегилирленген интерферондар 2.Эритромицин 3.Ампициллин 4.Рибавирин

5.Ламивудин

Тест№18 . Урсодезоксихоль қышқылы көрсетеді:

1. холелитолитикалық (өт тасын ерітетін) әсер 2. гепатопротекторлы әсер

3. антибактериалды әсер 4. вирусқа қарсы әсер 5. спазмолитикалық әсер

Тест №19 . Препаратты анықтау. Өт қапшығында кішігірім холестериндік тастардың еруін шақырады. Ішекте холестериннің сіңуін тежейді, сонымен бірге оның бауырда түзілуін тежейді. Табиғи өт қышқылдарына жатады.

1. Оксафенамид 2. Урсодезоксихоль қышқылы 3. Холосас

4. Холензим 5. Құмдық салаубас гүлдері

Тест№20. Өтке өте жоғары концентрацияларда өтетін антибактериалды заттар:

1.эритромицин 2.стрептомицин 3.рифампицин 4.ампициллин 5.левомицетин