1. Пребиотиктер 2. Пробиотиктер 3. Диареяға қарсы заттар 4. Іш айдайтын заттар

5. Балластты заттар

Тест №9 . Ішектің гипотониясы және атониясында тағайындалатын холиномиметикалық белсенділігі бар заттар:

1. ацеклидин 2. дротаверин 3. мебеверин 4. прозерин 5. белсендірілген көмір

Тест №10. Симетикон:

1. кремнийдің негізінде алынған уытты емес көбік басатын зат

2. тек газ көпіршіктерінің бетінде ғана физикалық әсер көрсетеді

3. сіңірілмейді және басқа дәрілік зат тармен өзара әсерлеспейді

4. тоқ ішектің ішіндегі қысымды төмендетіп, метеоризмді азайтады

5. инфузиялық жолмен парентералды енгізіледі

№3 сабақ

1.Тақырыбы: «Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқау

2.Мақсаты: Ас қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білімдерін қорытындылау.

3.Оқыту міндеттері:.

Когнитив ті компетенци я

1. Ас қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.

2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.

4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.

5. Ас қорыту жүйесінің қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, пікір-талас, кіші топтарда жұмыс істеу, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу.

5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Дисфагия, асқазан диспепсия синдромдары жайлы түсінікті қалыптастыру.

2.Қышқыл-пептидтік факторлардың белсенділігін төмендететін заттар (антацидтер, антисекреторлы препараттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері. 3.Асқазанның және онекі елі ішектің шырышты қабатының қарсы тұру қабілетін жоғарылататын, сонымен қатар простагландин Е2 синтезін ынталандыратын заттардың қолдануға көрсетлер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

4.Helicobacter pylori эрадикациясына әсер ететін заттар, әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

5.Асқазанның моторлы-эвакуаторлы бұзылыстарын реттейтін заттар (прокинетиктер, құсу шақыратын және құсуға қарсы заттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

6.Асқазан бездерінің гипофункциясында қолданылатын заттар (орын басушы ем үшін қолданылатын заттар)

7.Ішек диспепсиясы синдромы жөнінде түсінік.

8.Ішектің моторлық-эвакуаторлық бұзылыстарын түзету үшін қолданылатын заттар (іш айдайтын заттар, диареяға қарсы препараттар, іштің кебуін азайтатын заттар) әсерлерінің ерекшеліктері, жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

9.Ішек дисбиозын емдеу үшін қолданылатын заттар (ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар – пробиотиктер, пребиотиктер), жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

10.Арнайы емес ойық жаралы колитте және Крон ауруында қолданылатын препараттар.

11.Бауыр жетіспеушілігі мен сарғыштану синдромының фармакотерапиясының негізгі принциптері.

12.Өт айдайтын заттар. Жіктелуі. Өт айдайтын заттардың әсер ету механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері. Жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.

13.Холелитолитикалық заттар. Әсер ету механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері.

14.Гепатопротекторлар. Жіктелуі. Гепатопротекторлардың әсер ету механизмі. Қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Жанама әсерлер. Балаларда қолдану ерекшеліктері.

15.Ұйқы безі ферменттерінің туа пайда болған жетіспеушілігі (біріншілік ферментопатия) және жүре пайда болған функционалды жетіспеушілігі (екіншілік ферментопатия) жөнінде түсінік болу.

16.Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

17.Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын негізгі препараттардың әсер ету механизміне және фармакокинетикасына байланысты салыстырмалы сипаттамасы.

18.Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттарды жұптастырып қолдану. Қолдануға қарсы көрсетулер.

 

6.Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер

Бағдарламалық препараттар: ампициллин, амоксициллин, кларитромицин, тетрациклин, доксициклина гидрохлорид, левомицетин, полимиксин М, метронидазол, фуразолидон, офлоксацин, ципрофлоксацин, ко-тримаксазол, сульфасалазин, месалазин, интерфероны, ламивудин, рибавирин, омепразол, лансопразол, пантопразол, рабепрозол, циметидин, ранитидин, фамотидин, низатидин, пирензепин, сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен, гастрин, прозерин, магния окись, алюминия гидроокись, магния трисиликаты, маалокс, натрия гидрокарбонаты, алмагель, висмута трикалия дицитраты, мизопростол, карбеноксолон, сукралфат, алмагель, «Аллохол» таблеткасы, холензим, оксафенамид, атропина сульфат, папаверина гидрохлорид, магния сульфат, құмдық салаубас гүлдері, жүгері шашағы, гимекромон, хофитол, урсодезоксихолевая кышкылы, хиноксидезоксихолевая кышкылы, легалон, эссенциале, адеметионин, ЛИВ-52, гепабене, панкреатин, панкурмен, панзинорм форте, фестал, дигестал, мезим форте, креон, апротинин, дротаверин, пинаверия, мебеверин, симетикон, магния сульфат, уголь активированный, бифидумбактерин, лактобактерин, линекс, лактулоза, хилак форте, форлакс, бисакодил, сенаде, лоперамид, прозерин, домперидон, атропин, платифиллин, метоклопрамид, апоморфина гидрохлориді

Рецептте жазуға арналған препараттар: метронидазол, офлоксацин, кларитромицин, амоксициллин, ампициллин, пирензепин, ранитидин, метоклопрамид, сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен, бисакодил, лоперамид, панкреатин, фестал, креон, апротинин, «Аллохол» таблеткасы, магний сульфаты, атропин сульфаты, эссенциале

7.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: Қосымша :

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.