Білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
Тест №1. Препаратты анықтау. Химиялық құрылысы жағынан наркотикалық анальгетиктерге ұқсас, бірақ айқын анальгетикалық белсенділігі жоқ. Ішектің шырышты қабығында опиатты рецепторларды ынталандырып, ішек криптасында секрецияны төмендетеді, аш ішектің талшықтарында сіңу үрдісін жақсартады, нәтижесінде ішек құрамындағы заттың көлемі, ішектің созылуы азаяды, перистальтиканы күшейтетін рефлекстер тежеледі.
1. амоксициллин 2. бисакодил 3. лоперамид 4. бифидумбактерин 5. домперидон
Тест №2. Антидиареялық препараттарға жатады:
1. фуразолидон 2. ампициллин 3. лоперамид 4. метоклопрамид 5. бисакодил
Тест №3. Заттардың тобын анықтау. Бұл топтың препараттары сіңірілмейді және қорытылмайтын ас қалдығының көлемін арттырады. Олар суды адсорбциялап, ісінеді, нәтижесінде ішек созылып, оның қуысындағы химустың жылжуына ықпал жасайды.
1. форлакс 2. белсендірілген көмір 3. прозерин 4. линекс 5. дротаверин
Тест №4. Пробиотиктердің бірінші (А) және екінші (Б), үшінші (В) ұрпағына жатады:
1. бактисубтил 2. линекс 3. бифидумбактерин 4. хилак форте 5. лактулоза
1. А -1, Б-3, В-2 2. А-3, Б-4, В-5 3. А-2 Б-1 В-3
Тест №5 . Арнайы емес ойық жаралы колитте және Крон ауруында қолданылатын қабынуға қарсы заттар:
1. сульфасалазин 2. месалазин 3. ципрофлоксацин 4. прозерин 5. дротаверин
Тест №6 . Препаратты анықтау. Ішек қуысында осмостық қысымды жоғарылатады, судың сіңуін тежейді, ішек қуысындағы химустың көлемін арттырып, ішектің созылуына әкеледі, перистальтиканы рефлекторлы түрде ынталандырады.
1. бисакодил 2. фенолфталеин 3. магний сульфаты 4. лоперамид 5. линекс
Тест №7 . Дисбиоценозды түзету үшін келсі топтың препараттары қолданылады:
1. пробиотиктер 2. пребиотиктер 3. колипротейлік бактериофаг 4. іш айдайын заттар 5. ішектің тонусы мен қозғалыс белсенділігін жоғарылататын заттар
Тест №8. Заттардың тобын анықтау. Құрамына тірі микророрганизмдер кірмейтін дәрілік заттар немесе тағамдық биологиялық белсенді қоспалар. Ішек үшін резидентті микроорганизмдердің бір түрінің немесе белгілі топтарының өсуін және/немесе көбеюін, метаболиттік белсенділігін селективті түрде ынталандыра отырып макроорганизмнің әртүрлі қызметіне қолайлы әсер көрсетеді.