Білімін тексеруге арналған тесттапсырмалары

Тест №1.Панкреатин:

1.Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3. Құсу шақыратын зат 4. Өт айдағыш зат

3.Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігінде қолданылатын зат.

Тест №2.Креон:

1.Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3.Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі синдромында қолданылатын зат 4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №3. Контрикал:

1.Протеолиздің ингибиторы 2.Өт айдағыш зат 3. Гастропротектор 4. Іш айдағыш зат 5. Құсу шақыратын зат

Тест №4. Ұйқы безінің қызметі бұзылғанда қолданылатын зат:

1.Магния сульфат 2. Омепразол 3. Амоксициллин 4. Панкреатин 5. Атропин сульфаты

Те ст №5 . Жедел панкреатитте қолданылатын зат:

1.Магний сульфаты 2. Контрикал 3. Мезим форте 4.Лоперамид 5.Ранитидин

Тест №6.Екіншілік ферментопатияда тағайындаған жөн:

1.Панкреатин 2.Сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен 3. Магний сульфаты

4. Сукралфат 5. Метоклопрамид

Тест №7. Фестал:

1.Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3. Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі синдромында қолданылатын зат 4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №8. Панзинорм:

1.Ұйқы безінің фернменттерінен, өт компоненттерінен, пепсин және амин қышқылдарының гидрохлоридінен тұратын жұптастырылған ферменттік препарат 2. Құрамында панкреатин, өт компоненттері, гемицеллюлазадан тұратын күрделі ферменттік препарат 3. Антацидті зат

4. Құсу шақыратын зат 5.Өт айдағыш зат

Тест №9. Протеолиздің ингибиторы:

1.Магний сульфаты 2. Контрикал 3. Фестал 4. Креон 5. Домперидон

Тест №10. Ұйқы безінің экскреторлық қызметі бұзылғанда қолданылатын зат:

1. Кларитромицин 2.Ранитидин 3.Сукралфат 4. Креон 5. Атропин сульфат ы

№2 сабақ

1.Тақырыбы: «Ішек диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты. ішек диспепсиясы синдромдарында қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру. 3.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

1. Ішек диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

5. Ішек диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, пікір-талас, кіші топтарда жұмыс істеу, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу.

5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ішек диспепсиясы синдромы жөнінде түсінік.

2. Ішектің моторлық-эвакуаторлық бұзылыстарын түзету үшін қолданылатын заттар (іш айдайтын заттар, диареяға қарсы препараттар, іштің кебуін азайтатын заттар) әсерлерінің ерекшеліктері, жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

3. Ішек дисбиозын емдеу үшін қолданылатын заттар (ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар – пробиотиктер, пребиотиктер), жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

4. Арнайы емес ойық жаралы колитте және Крон ауруында қолданылатын препараттар.

6.Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер

Бағдарламалық препараттар: дротаверин, пинаверия, мебеверин, симетикон, магний сульфаты, белсендірілген көмір, бифидумбактерин, лактобактерин, линекс, лактулоза, хилак форте, форлакс, бисакодил, сенаде, лоперамид, прозерин, домперидон, атропин, платифиллин, метоклопрамид

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

8.Бақылау