1.Операционалды компетенция бағаланады (дағды)

2.Рецепт жазу және талдау (фармакологиялық тобын, әсер механизмін, фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетілулерін және жанама әсерлерін көрсету)

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқау

№1 сабақ

1.Тақырыбы: «Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар».

2.Мақсаты: Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:.

Когнитив ті компетенци я

1. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

5. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

4.Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс әстеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ұйқы безі ферменттерінің туа пайда болған жетіспеушілігі (біріншілік ферментопатия) және жүре пайда болған функционалды жетіспеушілігі (екіншілік ферментопатия) жөнінде түсінік болу.

2. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

3. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын негізгі препараттардың сипаттамасы.

4. Әсер ету механизміне және фармакокинетикасына байланысты препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

5. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттарды жұптастырып қолдану. Қолдануға қарсы көрсетулер.

6.Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер

Бағдарламалық препараттар: панкреатин, панкурмен, панзинорм форте, фестал, дигестал, мезим форте, креон, апротинин

7.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

8.Бақылау