«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ.

1.Тақырыбы: «Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты: тыныс жетіспеушілігінде, соның ішінде балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс жетіспеушілігі кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Тыныс жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін және негізгі фармакологимялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында тыныс жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

3. Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Тыныс жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

1.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың жіктелуі, сонымен қатар балалар

тәжірибесінде.