Когнитивті компетенция (білім) бағаланады.

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.Тесттік тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде антибактериальды терапия келесі препараттарды қолдануды қарастырады:

1. Ампициллин 2.Эритромицин 3. Ципрофлоксацин 4.Меропенем 5.Бромгексин

Тест №2.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде қолданылатын пенициллин тобының антибиотигі, сонымен қатар балалар тәжірибесінде:

1. Бензилпенициллиннің натрий тұзы, ампициллин, амоксициллин

2. Цефазолин, оксациллин, левофлоксацин, аугментин

3. Моксифлоксацин, бензилпенициллиннің калий тұзы, цефтриаксон

4. Уназин, ципрофлоксацин, ко-тримаксозол (бактрим), цефпиром

5.Аугментин, цефотаксим, цефамандол, эритромицин

Тест №3.Цефалоспориндер бактерицидті әсер көрсетеді, себебі:

1. Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады

2. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

3. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

4. Парааминобензой қышқылының антагонисті болып саналады

5. Сульфгидрильді топтардың синтезін бұзады

6. Топоизомеразаны тежейді

Тест №4.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромын емдеуге арналған жұптастырылған антибиотик:

1. Ампициллин 2. Цефтриаксон 3. Эритромицин 4. Аугментин 5. Меропенем 6. Имипенем

7. Гентамицин 8. Амикацин

Тест №5.Биосинтетикалық пенициллинге төменде келтірілген микробтар сезімтал:

1. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзуші

2. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзбейтің

3. Газды гангренаның және сіреспенің қоздырушысы

4. Күйдіргінің қоздырғышы

5. Спирохета және бореллалар

Тест №6.Ішке енгізгенде тиімді:

1. Оксациллиннің натрий тұзы 2. Эритромицин 3. Бензилпенициллиннің натрий тұзы

4. Ампициллин 5. Ципрофлоксацин

Тест №7.Эритромицинге тән:

1. Макролид болып табылады

2. Аминогликозид болып табылады