«Тыныс алу жүйесі» модулі

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 Сабақ

1.Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесі патологияларында қолданылатын антибактериалдық препараттар. Балаларда дозалау ерекшеліктері»

2. Мақсаты: тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар жас балалар тәжірибесінде қолданылатын антибактериалдық заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы білімді қалыптастыру, тыныс алу мүшелерінің инфекциялық ауруларында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын антибактериалдық заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Антибиотиктердің, фторхинолондардың, сульфаниламидті препараттардың тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолдану ерекшеліктерін және қолдануға қарсы көрсеткіштері бойынша білімді қалыптастыру.

3.Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттардың жанама әсерлері бойынша білімді қалыптастыру.

4.Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттардың негізгі емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1.Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериалдық заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2.Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

3.Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериалдық заттардың негізгі тиімділігін жоғарылату мақсатында білу.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдар

Үздіксіз оқыту және білім беру:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Хронометраж