3. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің ишемиялық этиологиясында
4. Синустық брадикардияда
5. Атриовентрикулярлық тосқауылында
Тест №5 . Жүрек гликозидтерінің негізгі әсері:
1. Теріс хронотропты әсері
2. Оң инотропты әсері
3. Теріс дромотропты әсері
4. Аз молшерде автоматизмді жоғарылатады
5. Теріс батмотропты әсері
Тест №6 . Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз:
1. Кардиомиоциттердің мембранасын тұрақтандыру
2. Кальций иондарының клеткада көбеюінің нәтижесінде миокардтағы миофибриллдердің қысқаруы
3. Вегетативті ганглилердің тежелуі
4. Кардиомиоциттердің кальций каналдарының тежелуі
5. Азот монооксидінің толықтырылуы клеткадағы кальцийдің мөлшерінің азаюына алып келеді
Тест №7 . Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылатын препараттар:
1. Калий хлориді
2. Магний сульфаты
3. Гидрокортизон
4. Анаприлин
5. Кальций хлориді
Тест № 8. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын с електив ті бета-адреноблокатор :
1. Анаприлин
2. Карведилол
3. Метопролол
4. Каптоприл
5. Дигоксин
Тест № 9. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын ААФ тежегіші:
1. Бисопролол
2. Каптоприл
3. Спиронолактон
4. Эналаприл
5. Лозартан
Тест № 10. Жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданады:
1. Дигитоксин
2. Коргликон
3. Строфантин
4. Добутамин
5. Дигоксин
№ 3 сабақ
1.Тақырыбы: «Жүрек тамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқау
2. Мақсаты: Жүрек тамыр жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білімдерін қорытындылау.
3. Оқыту міндеттері:.
Когнитив ті компетенци я
1. Жүрек тамыр жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.
2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.
3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.
4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.
Операционал ды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.
2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.
Коммуникативті компетенция:
1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.
Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):
1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.
2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)
Хронометраж
Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)
· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.
· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.
· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.
· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.
· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.
· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.
4. Оқыту түрі: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі. Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.
2. Органикалык нитраттардың әсер ету ұзақтығына байланысты ажыратылатын ерекшеліктері. Енгізу жолдары. Жанама әсерлері.
3. Жүректің ишемиялық ауруын (ЖИА) емдеуде антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктердің қолдануға негізгі көрсетулер.