Тест № 6. В ерапамил дің жанама әсерлері
1. Ұйқы безінің дисфункциясы
2. Артериялық қан қысымының жоғарылауы
3. Жүрек жетіспеушілігі
4. Жүрекше-қарыншалық тосқауыл
5. Ототоксикалық әсер
Тест № 7. Амиодарон ның жанама әсерлері
1. Қалқанша безінің дисфункциясы
2. Шамадан тыс брадикардия
3. Зәрдің қою сары түске боялуы
4. Фотодерматиттер
5. Тахикардия
Тест № 8. «Аритмияға қарсы әсер» терминіне дұрыс анықтама беріңіз:
1. Жүрек ырғағының артуы
2. Жүрек ырғағының баяулауы
3. ЖИА симптомдарын жою
4. АҚ төмендеуі
5. Жүрек ырғағының қалыпқа келуі
Тест № 9 Аритмияға қарсы әсері бар кальций антагонисті
1. Амиодарон
2. Верампамил
3. Дилтиазем
4. Новокаинамид
5. Хинидин
Тест № 10 Фалипамилдің аритмияға қарсы әсерінің механизмі
1. Синустық түйінде натрий мен калийдің ағысын бөгеу
2. Кальций өзекшесінің тосқауылы
3. Бета-1-адренорецепторларды бөгеу
4. Симпатикалық иннервацияны ынталандыру
5. Циклдық АМФ жинақталуы
«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 сабақ
1. Тақырыбы: «Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттар»
2. Мақсаты: артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың фармакокинетикасы мен және фармакодинамикасының ерекшеліктері бойынша білімді қалыптастыру, артериалды гипотензия кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу
3. Оқыту міндеттері:
1. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.
2. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың қолданылуын және жанама әсерлерін анықтау
3. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың жеке препараттарының негізгі әсерлерін күшейту және жанама әсерлерін жою мақсатында препараттарды жұптастыруды таңдау
4. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың дәрілік қалыптарын және енгізу жолдарын таңдау.
4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.
5. Тақырыптың негізгі сұрақтары: