Тест №5 . Су-тұз алмасуына ықпал ететін зат

1. Гепарин

2. Варфарин

3. Каптоприл

4. Дипиридамол

5. Гидрохлортиазид

Тест №6. Нифедипинге тән әсерлер:

1. Тыныштаңдырғыш

2. Кардиотоникалық

3. Гипотензивті

4. Аримияға қарсы

5. Зәр айдағыш

Тест №7. Ангиотензинге айналдырушы ферменттің ингибиторлары

1. Эналаприл

2. Каптоприл

3. Омапатрилат

4. Фозиноприл

5. Гидрохлортиазид

Тест №8. Лозартан:

1. Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы

2. Ангиотензин ІІ-нің рецепторлардың тежегіші

3. Симпатолитик

4. Кальций каналдарының тежегіші

5. Диуретик

Тест №9. Фозиноприлдің әсер ету механизмі:

1. Ангиотензиндік рецепторлардың тежегіші

2. Бета-адренорецепторлардың тежегіші

3. Аденозиндік рецепторлардың тежегіші

4. Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы

5. Альфа-адреноблокатор

Тест № 10. Ренин- ангиотензин жүйесіне өсер ететін препарат

1. Лозартан

2. Гепарин

3. Дипиридамол

4. Фозиноприл

5. Пропранолол

№3 сабақ

1. Тақырыбы: «Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттар».

2. Мақсаты: негізгі жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитив ті компетенци я

1. Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Аритмияны емдеудің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Аритмияның түрлерінде дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың жанама әсерлері, басқа препараттармен өзара әсерлесуі.

 

2. Білім беру және оқыту әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрлері.

3. Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі.