1.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі.

2.Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар, әсер ету механизмдері, қолдану ерекшеліктері.

3.Вазопептидаза тежегіштері, сипаттамасы.

4.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын диуретиктер, препараттарының салыстырмалы сипаттамасы.

5.Кальций каналының тежегіштері, әсер механизмдері, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері.

6.Нейротропты заттар – бета-адреноблокаторлар, сипаттамасы, таңдау принциптері.

7. Гипертензивті кризде қолданылатын препараттар.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптың негізгі маселелерін ауызша қарастыру, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кесте, сурет, сызбаларды талдау, препараттарға рецепт жазу және талдау

Бағдарламалық препараттар: пропранолол, метопролол, нифедипин, каптоприл, гидрохлортиазид, амлодипин, фуросемид, атенолол, небивалол, бисопролол, эналаприл, фозиноприл, лозартан, индапамид, омапатрилат

Есте сақтауға арналған препараттар: эналаприл, метопролол, нифедипин, фуросемид, индапамид.

 

6. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша :

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2015. - 1056 б.

2. Клиническая фармакология \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012. - 488 б.

6. Антигипертензивные средства. Аксенов Н.А. «СпецЛит». -2011. -47 бет.

7. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау және тесттік тапсырмаларды орындау.

5. Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу және

талдау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Пропранололдың антигипертензивті әсері байланысты:

1. Бета-адреноблокаторлық әсеріне

2. Тыныштандырғыш әсеріне

3. Кардиотоникалық әсеріне

4. Антиангиналды әсеріне

5. Ганглиоблокаторлық әсеріне

Тест №2. Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторлары:

1. Лозартан

2. Варфарин

3. Каптоприл

4. Дипиридамол

5. Метопролол

Тест №3 . Бета адренорецепторлардың тежегіштеріне жататын препарат тар :

1. Пропранолол

2. Нитроглицерин

3. Валидол

4. Дилтиазем

5. Индапамид

Тест №4 . Кальций каналдарының тежегіштерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз:

1. Тәждік тамырлардың рефлекторлы кеңеюі

2. Орталық имидазолиндік рецепторлардың тежелуі

3. Азот монооксидінің жеткіліксіздігінің орнын толықтыру, жасуша ішіндегі кальцийдің мөлшерінің азайып, тамырлардың кеңеюіне және жүректің жұмысының төмендеуіне әкеліп соғады.

4. Кальций иондарының баяу кальций өзекшелерімен ағуының тоқтауы.

5. Пресинапстық мембранадағы норадреналиннің қорының азаюы.