Тест №7. Стенокардия ұстамасының тоқтату үшін қолданылатын зат
1. Дилтиазем
2. Нитроглицерин
3. Триметазидин
4. Гепарин
5. Нифедипин
Тест №8 . Нитроглицериннің әсері басталады
1. 2-6 сағаттаң кейін
2. 1-2 мин кейін
3. 30 мин кейін
4. 1 сағаттан кейін
5. 5-10 мин кейін
Тест №9. Органикалық ниттраттарға тән, молекуласында никотинамид және –О- NO2 тобының фрагменттері бар антиангиналды зат
1. Дилтиазем
2. Пропранолол
3. Валидол
4. Никорандил
5. Нифедипин
Тест №10. Триметазидиннің әсер ету механизмі:
1. Аденозиндік рецепторларды тежейді
2. 3-кетоацил КоА тиолаза ферментінің изоформасының ингибиторы
3. М-холиноблокатор
4. Кальций өзекшелерінің тежегіші
5. Бета-адреноблокатор
№ 2 Сабақ
1.Тақырыбы: «Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттар»
2.Мақсаты: Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктеріне сәйкес препараттарды таңдау принциптерін үйрету.
3.Оқыту міндеттері:
Когнитивті компетенция
1.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін үйрену.
2.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттарды ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарына байланысты емдік әсерін күшейту мақсатында қолдануды үйрену. 3.Препараттардың дәрілік қалыптарды таңдау, оларға рецепт жаза білу.
4.Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дамуының дер кезінде алдын алуға үйрену.
5.Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттарды жұптастырып қолдануды үйрену.
Операционал ды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.
2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.
Коммуникативті компетенция:
1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.
Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):
1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.
2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: