«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 сабақ
1. Тақырып: «Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттар»
2. Мақсаты: Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, әртүрлі патологиялық жағдайларда рационалды таңдау
3. Оқыту міндеттері:
Когнитивті компетенция:
1. Әртүрлі патологиялық жағдайларды түзетуге бағытталған тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу;
2. Емдік әсерін күшейту мақсатында әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін бағыттап өзгерту үшін қолданылатын антиангиналды заттарды таңдау;
3. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу;
4. Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алу;
5. Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жұптастырып қолдануды таңдау.
Операционал ды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.
2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.
Коммуникативті компетенция:
1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.
Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):
1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.
2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі.
2. Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.
3. Органикалык нитраттардың әсер ету ұзақтығына байланысты ажыратылатын ерекшеліктері.
Енгізу жолдары. Жанама әсерлері.
4. Жүректің ишемиялық ауруын (ЖИА) емдеуде антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктердің қолдануға негізгі көрсетулер.
5. Антиангиналды әсер көрсететін басқа фармакологиялық топтың препараттары.