«Қан жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушымен өзбетінше жұмысы тақырыптарына арналған әдістемелік нұсқау
1.Тақырыбы: «Қан жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
2.Мақсаты: Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.
3.Оқыту міндеттері:.
Когнитив ті компетенци я
1. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.
2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.
3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.
2. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.
3. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.
Операционал ды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.
2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.
Коммуникативті компетенция:
1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.
Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):
1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.
2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)
Хронометраж
Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)
· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.
· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.
· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.
· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.
· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.
· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.
4. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, жағдайлық есептерді шешу.
5 . Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Анемиялық синдромда қолданылатын препараттар. Эритропоэзге әсер ететін заттардың жіктелуі.
2. Темір препараттары железа. Жіктелуі. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.
3. В12 витаминінің, фоль қышқылыпрепараттары. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.
4. Эпоэтин-альфа. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. эффекты.