7. Бақылау. Когнитивті компетенция (білім) бағаланады.
1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
2. Тесттік тапсырмаларды орындау.
Тесттік тапсырмалар
Тест №1.Препаратты анықтау . Организмде ДНҚ мен нуклеопротеиндердің, миелиннің синтезі үшін, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге трансформациялануы үшін қажет кобамамид кофакторына айналады.
1. фоль қышқылы 2. цианокобаламин 3. викасол 4. этамзилат 5. феррум лек
Тест №2. Темір тапшылықты анемияда келесі препараттар қолданылады:
1. «ферроплекс», темір фумарат, ферковен, феррум лек
2. темірдің кешенді препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы
3. темір хлориді (гемофер), цианокобаламин, фоль қышқылы
4. эпоэтин альфа, шала тотыққан темір лактаты, варфарин, адроксон
5. викасол, аминокапрон қышқылы, шала тотыққан темір сульфаты (тардиферрон), ферроградумет
Тест №3. Фоль қышқылы:
1. организмде фолиний қышқылына айналады 2. макроцитарлы анемияда қан құрамын қалпына келтіреді 3. лейкопоэзді ынталандырады 4.тіндердің регенерациясын ынталандырады 5. организмдегі темір тапшылығының орнын толтырады
Тест №4. Контрикал:
1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт
Тест №5. Адамның рекомбинантты эритропоэтині:
1.АІЖ-нан темірдің сіңуін жақсартады 2. эритроциттердің пролиферациясын ынталандырады
3. эритроциттердің дифференцировкасын ынталандырады 4. бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде шеткі қан құрамының қалпына келуіне ықпал жасайды 5. Т-лимфоциттердің пролиферациясын ынталандырады
Тест №6. Препаратты қасиеті бойынша анықтау. Гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, қан ұюына қатысады, көлемді қан кетулерде қолданылады.
1. кальций хлориді 2. викасол 3. тромбин 4. фибриноген 5. аминокапрон қышқылы
Тест №7 . А грегант тарға жатады :
1. адроксон, серотонин адипинаты, кальций хлориді 2. тромбин, адроксон, фитоменадион
3.контрикал, аминокапрон қышқылы, фибриноген 4. Феррум лек, эпоэтин альфа, цианокобаламин
Тест №8 . Фибринолиз жүйесін тежейтін заттар: 1- синтетикалық , 2-жануар тектес:
1. гепарин 2. аминокапрон қышқылы, 3. варфарин 4. контрикал 5. фибриноген
Тест №9 . ҚТІШҰ синдромын түзету үшін қолданылады:
1. темір тапшылықты анемияда қолданылатын заттар 2. фибриндік тромбтың түзілуіне кедергі жасайтын заттар 3. тромбоциттердің агрегациясына кедергі жасайтын заттар 4. фибриндік тромбтардың түзілуін жоғарылататын заттар 5. гиперхромды анемияда қолданылатын заттар
Тест №10. Темір препараттарының жанана әсерлері:
1.Ісінулер, жүрек ритмінің бұзылуы 2. Тыныс алудың бұзылуы, обстипация 3. Обстипация, тістің қараюы 4. Тістің қараюы, гипотензия 5. Гипертензия, гипогликемия
№2 сабақ