5. Гипергликемияда, гипогликемияда синдромы туралы түсінік.
6. Инсулиннің және глюкагонның зат алмасуға әсері.
7. Гипергликемия синдромында қолданылатын заттар. Инсулиннің алыну көздері мен алу жолдары. Инсулиннің тазартылған препараттары (монопикті және монокомпонентті) қысқа және әсері ұзақ (ұзақтығы орташа және ұзақ) препараттары, олардың әсердің басталуы мен әсердің шыңы бойынша салыстырмалы сипаттамасы. Қантты диабетті емдеу үшін инсулинді дозалау принципі. Асқынулары, көмек шаралары.
8. Синтетикалық гипогликемиялық заттар сульфонилмочевинаның туындылары және бигуанидтер, глинидтер, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.
9. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын заттар (пиоглитазон, розиглитазон).
10. Аш ішекте глюкозаның сіңірілуін тежейтін заттар (a-гликозидазаның ингибиторлары).
11. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза), әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.
12. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар). Әсер ету механизмі, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы мен жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшелігі.
13. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуі.
14. Семіруде қолданылатын препараттардың фармакодинамика мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, салыстырмалы сипаттамасы.
15. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың мүмкін болатын жанама әсерлері.
6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер
Бағдарламалық препараттар: актрапид, хумулин-регуляр, протафан, хумалог, хумулин ультраленте, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимепирид, метформин, глибомет, акарбоза, пиоглитазон, розиглитазон, натеглинид, рапеглинид, глюкагон, глюкоза, адреналин гидрохлориді, L-тироксин, трийодтиронин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, калий йодиді, дезоксикортикостерон ацетаты, фторгидрокортизон ацетаты, гидрокортизон ацетаты, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, сибутрамин, олестра, орлистат
Рецепт жазуға арналған препараттар: L-тироксин, трийодтиронин гидрохлориді, мерказолил, актрапид НМ, глибенкламид, метформин, глюкоза, преднизолон
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.
Қосымша :
1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.
2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.
3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.
4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.
5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.
8. Бақылау:
Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды, коммуникативті
1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау
2. Эндокриндік жүйе қызметіне әсер ететін заттарға рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік
дозасын есептеу
3. Тесттік тапсырмаларды орындау.
Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
Тест №1. Белокты-пептидті гормондар:
1. жасушаішілік әсер етеді 2.аденилатциклазаны белсендіреді3. цАМФ құрамын жоғарылатады
4. ДНҚ деңгейінде ферменттердің синтезін белсендіреді5.цитоплазматикалық мембрана деңгейінде әсер етеді
Тест №2. Кортикостероидтардың, эстрогендердің және андрогендердің биосинтезін тежейтіндер:
1. митотан 2. аминоглютетимид 3. преднизолон 4. дезоксикортисотерон ацетаты
5. дексаметазон
Тест №3 . α-глюкозидаза ингибиторлары:
1.ас қорыту ферменттерімен конкурентті әрекеттеседі 2. ди-, олиго- и полисахаридтердің ферменттену және сіңірілу үрдісін баяулатады 3.жеке постпрандиалды гипергликемияда және ашқарында қанда глюкозаның деңгейі қалыпты болғанда тиімділігі жоғары 4.гипогликемия дамытады 5. қант диабетінің 1 типін емдеу үшін тағайындайды
Тест №4 . Біріншілік бүйрекүсті безі жеткіліксіздігіне тән:
1.бүйрек үсті безінің милы қабатының созылмалы жеткіліксіздігі 2.минералокортикоидтардың жеткілікті түспеуіне байланысты натрий және хлор иондарының шығарылуының жоғарылауы 3.глюкокортикоидтар құрамының төмендеуі 4.еттік әлсіздік, адинамия, әлсіздік, арықтау 5.көмірсудың және белоктың алмасуы жоғарылайды
Тест №5. Пероралды қолданылатын қанттың деңгейін төмендететін препараттар:
1. глимепирид 2. глибенкламид (манинил) 3. актрапид НМ 4. хумулин-регуляр 5. глюкоза
Тест №6 . Препаратты анықтау. Гипертиреозда қолданылады, ТТГ босап шығуын тежейді, кері байланыс механизмі бойынша әсер етеді:
1. трийодтиронин гидрохлориді 2. мерказолил 3. тиреокомб 4.йод препараттары
5. L-тироксин
Тест №7 . Диабеттік кома дамығанда қолданылады:
1. актрапид НМ 2. хумулин регуляр 3. протафан 4. гликлазид 5. глюкоза
Тест №8. Минералокортикоидтардың синтетикалық аналогтары:
1. дезоксикортистерон ацетаты 2. дексаметазон 3. гидрокортизон ацетаты 4. метилпреднизолон 5. флудрокортизон ацетаты
Тест №9. Препаратты анықтау. Гидрирленген липстатин туындысы, арнайы асқазандық және панкреатикалық липазаның ингибиторы. Липазаның белсенді сериндік аймағымен ковалентті байланыса отырып, ыдырауына кедергі жасайды, кейінгі майдың сіңірілуіне әсер етеді.
1. сибутрамин 2. орлистат 3. олестра 4. актрапид НМ 5. L-тироксин
Тест №10 . Глинидтерге жатады:
1. натеглинид, глибенкламид 2. глибомет, рапеглинид 3. натеглинид, рапеглинид 4. акарбоза,протафан 5. актрапид, хумалог
Тест №11. Препаратты анықтау. Гипогликемиялық әсері қаңқа бұлшық еттерімен глюкозаның ұстауы жоғарылауына, глюкоза утилизациясының жоғарылауына (анаэробты гликолиздің ынталануы), қанда глюкагон деңгейінің төмендеуіне, гепатоциттермен глюкозаның өндірілуінің төмендеуіне, инсулинтәуелді тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарылауына байланысты:
1. глимепирид 2. гликлазид 3. акарбоза 4. метформин 5. актрапид НМ
Тест №12 . Глюкокортикостероидтар қолданылады:
1.орын басушы ем ретінде 2.супрессивті ем үшін 3.жүйелік және жергілікті фармакодинамикалық ем үшін 4.алдын алу үшін 5. пульс-терапия үшін
Тест №13 . Препаратты анықтау. Құрамында левотироксин натрий, трийодтиронин және калий йодиді бар жұптастырылған препарат:
1. тиреокомб 2. мерказолил 3. L-тироксин 4. тиреотом 5. калийперхлораты
Тест №14 . Глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері:
1. гипергликемия, глюкозурия 2. гипокалиемия, гипокалигистия 3. сұйықтықтың жиналуы, артериалды гипертензия 4. көзішілік сұйықтықтың ағуы бұзылады, катарактаның дамуы 5.белок синтезінің күшеюі
Тест №15 . Глимепирид:
1. глибенкламидке қарағанда инсулиннің босап шығуын2,5-3рет жылдам дамытады2.инсулиннің секрециясының жоғарылауы тек тамақтан соң күшейеді 3.айқын гипогликемия шақырмайды 4.сульфонилмочевина препараты болып табылады 5.орын басушы ем үшін қолданылады
Тест №16. Сульфанилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсер механизмдері:
1. Эндогенді инсулиннің секрециясын жоғарылатады
2. Инсулиннің әсерін күшейтеді
3. Глюкозаның сіңірілуін нашарлатады
4. Инсулин антагонисттерінің әсерін бейтараптайды
5. Глюконеогенезді жоғарылатады